400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе Мамандығым-мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға мұғалім мамандығының маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым – мақтанышым

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»

Абай Құнанбаев

Ұстаз... Ғалым да, шахтер де бас иетін – ұлы тұлға. Жүрекке жылулық ұялататын, әлемдегі ұлы тұлғалардың негізгі іргетасын қалаған жанашыр жан. Ұстаздық мамандыққа деген ерекше құлшыныс мені бүгінгі мамандығыма алып келген жол болды. Әр адамға берілген дарынды шыңдау барысында ұстаздық тәжірибемді өнермен ұштастырдым...

Иә, өнер мен білім жолы екі өзен ағысы ретінде көрінгенімен, егер адам баласында дарын пен шабыт болса неге бұл салаларды байланастыратын көпір салмасқа?! Сонау бала кезімнен бастап алғаш қолыма қалам ұстатып, әліппедегі қырық екі әріпті танытқан, мейірім мен шуағын төккен алғашқы мұғалімнің тұлғасына еліктеуші едім. Оны құдіретті білім күшінің иесіндей сезініп, сол мұғалімнің орнында болуды аңсайтынмын. Тіпті, кейде ұстаз тұлғасы қол жетпес шың іспеттес көрінетін. Өмірдің тамашасына қараңызшы, енді, міне, араға бірнеше жыл салып, сол құрметті де, қадірлі мамандық иесі атандым.

-Бейтаныс біріне айтсам кісілердің,

Мендегі қуанышты түсінер кім

Мен кеше шәкірті едім ұстазымның,

Ал бүгін ұстазымын кішілердің – деп, Ақжайықтың ақ шағаласы Ақұштап апамыз айтқандай, өнер мен білімді ұштастыра білген ұстаздық жолындамын.

Қазір сіздің көкейіңізде өнерлі ұстаз, қандай өнер екен, бұл көпірді байланыстыру құралы қандай деген сауалдар тұрғаны анық. 6000 жылдық тарихы бар, халқымыз үшін орны ерекше аспап – домбыра екені түсінікті. Мінекей, менде домбырашы ұстаз болу арқылы тәрбие мен өнерді әрбір оқушы бойына бірдей орнықтыруда күш салудамын.

Неге, десеңіз алдымен домбыра – халқымыздың жәдігері. Ұстаз ретінде оқушының бойына ұлттық құндылықтардың дәнін егу және оларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу менің бір парызым десем де қате айтпаймын. Мысалы, әлемге көз салсақ, әр  ел, әр  ұлт  өз дәстүрімен  ерек­ше­ле­неді. Ата дәстүрін ұмыт  қалдырмай  берік  ұстана  білген  халық  көш басында  жүретіні  айдан  анық. Қазақтың   дәстүрін  сөзге  тиек  ет­кенде,  әрине,  қаза­қтың  дәстүлі өнері  ойға  оралатыны  ай­қын  жәйт. Он  саусағынан  өнер  тамған  күйшілеріміз, көмейіне  бұлбұл  ұялаған  дүлдүл  әншілеріміз, белгілі  бір  оқи­ғаны  баяндап  таңды-таңға  ұластырған  бір  тума  жыршыларымыз, ауыл-аймақтағы  думан  тойлардың  сәнін  аша  түскен  сал-серілеріміз   осы сияқты   дәстүрлі  өнердің  аса  дарынды  тұлғалары  көп­шіліктің  арасында  көп  болған-ақ. Аталған  дәстүрлі өнеріміз  атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп, жалғасын  тауып  отырған. Мінекей, осы баяндалған көріністі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білу, асыл мұрамыздай сақтай білу біздің міндетіміз және осы жауапкершілік арқылы мен өз мамандығыммен мақтана аламын.

Сөзімнің басында айтқандай, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп, Абай атамыз айтқандай, үнемі даму үстіндегі ұстаз – «нағыз ұстаз». Менің ойымша, бүгінгі алдымыздағы кіп – кішкентай бүлдіршін бала – ертең  азамат. Азамат – Отанның тірегі.  Олай болса,  ұстаз  ел  іргесін  бекітетін  болашақ  иелерін  тәрбиелеуші емес пе?! Осы  болашақ  иелерінің  жүрегінен   орын   таба   білу  міндетім. Бүгінгі  Тәуелсіздіктің  көк  туын  көкке  желбіретіп,  ізгіліктің  игі  мұраттарын әлемге  паш  еткен   Қазақ  елінің  бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарына  енгізетін, еңсесі  тік , білімі  биік  шәкірт   тәрбиелеуден  жалықпаймын,  қуанамын.

Тарих толқынындағы тұлғалар менің мамандығымның асқар шыңы. Неліктен деп ойлайсыз? Мысалға, қараңызшы Әміре Қашаубаев - қамшының сабындай қысқа ғұмырында тұңғыш рет Еуропада қазақ әнін шырқап, домбыраны күмбірлеткен өнер адамы ретінде тарихта қалды. Дина Нұрпейісова - бала күнінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей,Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сынды күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, «домбырашы қыз» атанған. Оны әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген және болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Мәскеуде Халық өнерпаздарының республикалық байқауы мен Ташкенттегі байқаулардың жүлдегері болу арқылы домбыраның құдіретін паш еткен. Енді бір сәт ойланыңызшы, ұлы тұлғалар ізі сізді шабыттандырады ма?! Тарих желісінде, қаншама қиын-қыстау шақ кезеңдерінде, соғыс, ашаршылық, тоқырау жылдарында жарты таудың қырында қалып қоймай, халықтың мұңын да, қуанышын да жеткізе білген дәстүрлі халық аспабымыз домбыра – біздің тек асыл мұрамыз ғана емес, жетістігіміз.

«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген Әбу Насыр Әл - Фараби атамыздың сөзінің ақиқатына талас жоқ. Әлемнің екінші ұстазының сөзіне қарап – ақ, «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұстаз болу – сезімнің ақылдығы, ұстаз болу – мінездің күн шуағы, ұстаз болу – адамның асылдығы» - деп, ұстаздықтың жауапкершілігінің мол екендігіне нақты тоқтау жасай аламыз деп ойлаймын.

Ойымды қорыта келе, жас  ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-жақты мәдениетті,  білімді, ақылды да сымбатты   тұлға  етіп тәрбиелеуде мектептің, оның ішінде шебер ұстаз - жетекшінің  атқарар жүгі мол.  Бүгінде білім саласында көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Бәрінен де, жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау  шыңына бағдарлайтын  музыка пәні  мұғалімінің орны бөлек. Музыка мұғалімі өз бойына өнердің сан қырын сіңірген сөйлеу мәдениеті, кәсіби-педагогикалық, музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары, қабілетті, іскер, ізденімпаз маман болуы тиіс. Бәрімізге аян, музыка балалардың қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сүйіспеншілігін дамытады. Музыка пәнімен байланыста берілетін тәрбие шаралары  мазмұны мен көркемдігі арқылы  оқушылардың  идеялық көзқарасын, қоғамға, Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, өмір құбылыстарын дұрыс түсініп, қабылдауға  жәрдемдеседі. Жалпы музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсу үшін, ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады. Тәрбиенің аса маңызды құралы - өнер. Оның ішінде өте кең, сан қырлы ұғым – музыка өнері. Ол – мәдени тағлым, асқақтаған күймен дамыған, ғасырлар үнінің жемісі. Мұғалімнің негізгі міндеті - оқушының ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлігін көрсету, оны дамыту, жарыққа шығару. «Баланы жан-жақты етіп тəрбиелеу үшін жан-жақты білу қажет» деген белгілі педагог К.Ушинский. Сол айтпақшы оқушыны жан-жақты білу үшін мұғалімнің өзі жан-жақты дамуы керек.

Кешегі болған бөбектен Адам деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар. Бұл ойымызға ұлы жазушы С.Мұқановтың:

- Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты
Білімділік бір биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады сол адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты - деген өлең жолдары дәлел бола алады. Ендеше, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отыра тәрбие дәнін егу, әрі оқушыны жан-жақты аша білу әрбір ұстаздыкң міндеті. Қоғам үшін, ұстаздың орны ерекше, мен өз мамандығыммен мақтанамын. Және, әрбір өз пәнін жетік меңгерген ұстаз жауапкершілік пен алдына келген баланы оқытудан жалықпайды деп ойлаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі