Материалдар / Эссе «Мен - ұстазбын»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Мен - ұстазбын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе «Мен - ұстазбын»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2019
489
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе «Мен - ұстазбын»Мен, Дайржанова Айгүл Мендыбаевна (23.05.1963 ж), қазіргі кезде Целиноград ауданы №1 Қосшы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып жүрмін.Бұл мектепке жұмысқа кіргеніме3 жыл болды. Алдында осы ауданның №29 Егіндікөл орта мектебінде жұмыс істедім. Жалпы менің ұстаздық жолды таңдауыма осы мектепте 40 жылдан астам жұмыс істеген әке-шешем көмектесті. Марқұм әкем Айтбаев Меңдібай Айтбайұлы физика - математика пәнінің мұғалімі болды, ал анам Амралина Мәкеш Көшербайқызы осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Оның үстіне мен балалар ортасында жүргенді ұнатамын. "Бала - адамның бауыр еті" демекші әр ата-ана өз баласы үшін не істемейді? Мектеп жасына келген, сәбилік шақтан өткен, есеюге бір қадам қалған баласын ата-анасы мектеп ұстаздарына сенім білдіріп, үміт артып тапсырады. Сол баласы болашақта төбесін көкке жеткізетін азамат болады деп сенеді. Сол сенімді ақтау әр баланың ғана емес, жауапкершіліктің басым көпшілігін мойнына алатын ұстаз да ақтауға тырысуы керек. Ұстаздық жол қиын жол, соқтықпалы, ауыр да сонымен бірге қызық жол. Алдына келген бала өз балаң болмасада , өзіңдей біреудің баласы. Оның қылығына қарап, түріне қарап, өзіне ұнайтын бір қасиетін іздеп бауыр басасың. Мұның бәрі бір керемет сезімдерді оятып, еріксіз өз ісіне беріліп кетесің. Осындай сәттерді көрген кезде, шіркін, өзінді бақыттымын деп сезінесің. Бұл мектепте мен алғашында математика, география, еңбек пәндерінен сабақ бердім. Уақыт өте жоғарғы оқу орнына Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы «Еуразиялық Ұлттық Университетінің» бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бітіріп, бастауыш сыныпқа ауыстым. Қазіргі кезде өз еңбегімнің жемісін көре бастадым. Оқушыларымның алды бітіріп кетті. Кейінгілері бастауыштан орта буынға өтті. Менің 25 жылғы жинақталған тәжірибемнен байқағаным: оқушыларға сапалы білім беру жолында оқыту әдісін үнемі жетілдіру - әр мұғалімнің басты міндеті. Себебі, біздің бұрынғы бойға сінген әдіс -тәсіліміз қазіргі оқушылар сұранысына толық қанды ылайық еместігін тәжірибеден көріп жүрміз. Сондықтан жас ұрпаққа жан-жақты білім, тәлімімді тәрбие беру, сабақты қызықты, маңызды өткізу мақсатында өз білімімді жетілдіру үшін қазіргі заман талабына сай жана технологияларды меңгеруге "Ақмола облыстық мемлекеттік қызметшілер мен білім қызметкерлерінің біліктігін арттыру және қайта даярлау" институтында дәріс- сабақтарын алдым. Қазіргі кездегі озық технологияларды өз сабақтарымда пайдалана бастадым. Сабақтарымда Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясының»кейбір элементтерін қолданамын. Жеке білім берудегі өзекті мәселе «Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту», ал тәрбиедегі өзекті мәселе «Халықтық педогогиканы пайдалана отырып, өмірдің барлық саласында іс-әрекетіне қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу». Дамыта оқытудың алғы шарты, мақсатты сұрақтар қоя отырып, оған жауапты өзі табуды, анықтаманы өзі тағайындап оқулықпен салыстара отыра өз шама-шарқын тексеру. Топтарға бөлу әдісімен оқушылардың танымдық қызметін белсендірудің сапасын арттыруда маңызы өте зор. Мен осы мақсатқа жету үшін өз сабақтарымды топқа бөлу, жаңа технологиямен оқыту әдісін қолданып келемін. Балаларға сапалы білім беру мақсатында әр сабағымды түрлендіріп, тақырыпты жақсы меңгертудің түрлі жолдарын іздеймін. Әр сабақта ойын элементтерін, тірек-сызбалар, диаграммалар, кеспе картачкалар, қосымша оқулық пен материалдар, перфокарталар қолданамын. Әр баланың мүмкіншілігін ескеріп, қосымша тапсырмалар беріп, жүктемелеп отырамын. 2004-2011 жылдары "Тест тапсырмаларының түрлері" тақырыбында өз білімімді көтеріп, қазірде сабақтарымда тақырыпқа байланысты тест түрлерін дайындап қолданамын. Оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалана отырып, интерактивті тақтамен сабақ берген қандай тамаша! Бұл тақта мұғалімнің көп жұмысын жеңілдететіне көзім анық жетті. Сабақтарымда тек білім беруді ойластырып қана қоймай жеке бастарының қасиеттерін шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытудың жайларын ойластырамын. Шәкірттерімнің шығармашылық ойлау қабілетін дамытуда алдымен көңіл күйінің көтеріңкі болуына көңіл бөлемін. Оқушымен түсінушілік жағын есте ұстаймын. Менің балаға деген ыстық ықыласым, өз ісіне деген сенімін оятады. Оқушыларымның шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі сөз жұмбақтар, ертегі, әңгімелер құрастыру, ақын- жазушылар өмір баяндарын жазу сияқты түрлі қосымша тапсырмалар беремін. Әр сабағымда баланың жас ерекшеліктеріне сай түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып, сабақты белгілі бір мақсатпен оқушының өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастырамын. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балаларды ұсыныс, пікірлерін еркін айтқызып ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік туғызып отырамын. Әдіс тәсілдер арқылы өткізілген сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып сөйлетуге үйретеді. Балалардың оқуға қызығушылықтарын дамыту үшін сабақтарымды топпен жұмыс жасау арқылы да өткіземін. Тынымсыз еңбегімнің белгісі сыныптағы оқушыларымның үлгерімдерінен байқалады. 2010 жылы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағыбілім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында "Өзін өзі тану" пәнін ғылыми-теориялық және әдістемелікқамтамасыздандыру тақырыбында өз білімімді көтердім. 2015 жылы осы аталған курсты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында қайтадан өттім. 2016 жылы «Педагогтардың БАҚ-пен жұмыс жасауы атты тренингінен» өткенім үшін сертификат алдым. 2016 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Музыка» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтадым.Сабақтарымда білімге ғана ден қоймай «Білім мен тәрбие егіз» дегендей әр сабағымды тәрбиемен ұштастыра білдім. Істеген жұмысым мен еңбегімнің жемісін уақыт өте келе көре бастадым.. Бастауыш сыныптардың олимпиадасында белсенділік танытқаны үшін,аудан басшысы Қ. Ахметовтың мадақтамасымен Заханова Сабинамарапатталды. «Ақбота» интеллектуалды жарыстан Мұхамбет Амина 3 орын алды, ал Досмаилова Сандуғаш «Кенгуру» интеллектуалды жарысынан 2 орын алды. Қазіргі кезде осы жылдың нәтижесінде сыныбымдағы оқушылардың басым көбі өте жоғары деңгейде білімін көрсетеді. Өзімнің оқыту және тәрбие беру үрдісінде Аудандық білім бөлімінің бастығының құрметіне иелендім.Білімімді жетілдіру мақсатында қосымша курстарға барып, түрлі конкурстарға да қатысып марапатталдым.2008 жылы белсенді жұмысы, терең де, сапалы білім берудегі жетістіктері, шығармашылық ізденістері үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым. 2009 жылы "Үздік сынып жетекші" мадақтамасына ие болдым2009 жылы "Үздік жыл мұғалімі - 2009" байқауында "Ізденгіш мұғалім" номинациясы бойынша марапатталдам. 2009 жылы "Педогогикалық технологияларды және әдістемелерді меңгеру - мұғалімнің шеберлік көрсеткіші" аудандық байқау - көрмесінде ІІ орынға ие болдым.2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушыларды оқытуда және тәрбиелеуде шығармашылықпен қажырлы еңбек етіп, жоғары нәтижеге жеткені үшін марапатталдым. 2017 жылы еңбегіме адал қызмет еткен үшін мектеп директоры А.Б. Сарсенбаеваның алғыс мадақтамасына ие болдым. Қорытындылай келе, ұстаздық жолымның әлі талай белестері бар. Мен аз шығармашылығымды әрі қарай көтеріп, алдымнан әлі талай болашақтың тізгінін ұстап тәрбиелеуде жетістіктерге жетемін деп сенемін. Оқу процесінде оқу мен тәрбие ұштасады ғой. Балаларым мектепішілік шараларға мерекелік концерттерге белсене қатысады. Би билеп, ән айтып, өлеңді мәнерлеп оқиды. Тәрбие сағаттарымда балаларға өмірде қажет болатын түрлі тақырыптарда әңгімелер жүргізіп, ашық тәрбие сағаттарымызды өткіземін. Өзімнің болашақ еңбек жолымнан әлі де зор үміт күтемін. Себебі, ұстаздың еңбегі сол сәтте көрінбей, уақыт өте оқытқан оқушыларымның есейіп, ер жеткенінде көрінеді. Мен алдымдағы еңбек жолымда бар күш- жігерімді алдыма келген оқушыларға жұмсауға міндеттімін деп есептеймін. Себебі, "Мектептің мәңгілік оқушысы - мұғалім".

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!