Материалдар / Эссе Мен егеменді елдің құрдасымын

Эссе Мен егеменді елдің құрдасымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе тәжірибе алмасу барысында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
316
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен егемен елдің құрдасымын

Мен тәуелсіздіктің таңы атқан шақта, сол таңды алғаш қарсы алған жаңа буын өкілдерінің бірімін. Себебі, 1991 жылы тәуелсіздікпен қоса мен де дүниеге келіппін. Анамның айтуынша, біздің жанұяда сол жылы қос қуаныш, қос мейрам тойланыпты. Әкем ылғи «...сен тәуелсіздіктің құрдасысың, саған үлкен міндет жүктелген» - деп айтып отыратын. Сол сөздің маңыздылығы мен мәнінің тым тереңде жатқанын енді түсініп, мағынасына терең бойлаудамын.Тәуелсіздіктің қалай келгенін өз көзіммен көрмесем де, қазіргі таңда тарих беттерінен оқып, егемендікке оңай қол жеткізбегенімізді білемін. Сонау жаугершілік заман мен отаршылдықты өз басынан өткізген ата – бабалардың басты арманы мен мақсаты, сонау желтоқсан оқиғасында орындалғаны баршамызға мәлім. Боздақтардың қанымен келген тәуелсіздік біздің бойтұмарымыздай болуы тиіс.Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.Биыл айтулы мерекеге 25 жыл. Осы уақыт ішінде жеткен жетістігіміз аз болған жоқ. Алға көптеген мақсаттар қойылып, олардың орындалу жолында көптеген іс- шаралар жүзеге асырылды. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді. Тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып отыр. 100 нақты қадам жүзеге асырылуда.Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам -деп ақындарымыз жырлағандай, біз егемен елдің құрдастары өз елімізді мақтан тұтып, ары қарай дамуына өз үлесімізді қосу басты борышымыз. «...Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы  қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» - деп елбасымыз айтқандай, өз сөзімді мына өлең шумақтарымен түйіндегім келеді:Бейбіт өмір тілеймін мен халқымаТуған тілім шұбарланба жарқыраТарихымызда таланттылар көбейсінБас иемін ата баба рухына.Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырапСол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрапТілейтінім барша жұртқа бір ғанаЫрыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ