400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Мен және мен таңдаған мамандақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға және мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе «Мен және менің мамандығым»

Мен бұл мамандықты неге таңдадым ? Ол жан-жақты зерттейді . Мен- дем беруші , бағыт көрсетуші, құтқарушы псхологпын . Менің басты бағытым,өмірге еш өшпенділіксіз,қорқынышсыз қарауды балалардың санасына жеткізу. Балаларды алға ұмтылуға,алда ғажайып нәрселердің бар екендігін, жақсы өмірдің кілтін аша алатындарына сендіру!Оқуымды бітіргеннен кейін мен бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істей бастадым. Ол жерде көптеген адамдардың қиналғанын , тығырықтан шығар жол таппай қиналып жүргендерін , оларға бірінші шыдам , ал ең бастысы үміт керек екенін түсіндім . Бірте-бірте менің өзіме және басқада адамдарға деген көз қарасым өзгере бастады. Сөйтіп мен көптеген адамдарға, біздің балаларымызға тек қана физиологиялық емес,сол сияқты психологиялық көмектің қажет екенін түсіне бастадым.
Мен үшін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы не ? Ол кең мағыналы .
Мен – дем берушімін
Мен әр кезде өз әлемімді балалармен бөлісуді,оларға дем беріп,олардың жан-дүниесіне үңіліп,олардың бүгіп, ұялып, сыртқа шығара алмай жүрген ойларын іске асыруға ұмтылдырамын . Мен оқушылардың , балалардың күнделікті өмірден бір сәтке болсада шығып,өздерін жаңа қырдан танып,өздерін жақсы қырдан көрсете алуларын айтып,өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа,артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына,жастық шақтарын босқа өткізбей,өмірден дұрыс жол таңдап,тек қана алға ұмтылуларын қалаймын.Осы жерде ұлылардың «Өзіңді біл,таны,аш сол кезде әлемді де біліп ,аша аласың» сонымен қатар «Жаныңды ұсақ уайым,болымсыз қам-қарекет дертімен былғанудан сақтаңыз» деген нақыл сөзді айтқым келеді.
Мен – жол көрсетушімін
Қасыңда келе жатқан адам.Біз кей уақытта өзімізді жалғыз қалғандай сезінеміз. Сондай кездерде ойымызды алыстағы адамдарға жүгіртіп , соларды іздейміз.Бірақ менің мақсатым бала тек қана өзінің жанындағы адамды іздеп тауып,сол адаммен өзінің көңіл-күйін , ішкі сезімін, жан-дүниесімен бөлісіп, өзін босқа кінәлай бермей, сол адамнан қолдау тапса деймін.
Мен Мұғалімді «құтқарушы» -мен салыстырамын.Мен өтінішті күтпеймін. Өйткені мына әлемде көптеген адамдар жайдан-жай көмек сұрай алмайды. Менің мамандығымның жауы-басқа адамның қайғысына бей-жай қарау. Қандай жағдай болмасын, мен ойланбастан сол адамға әрқашанда көмек көрсетуге дайын тұрамын.
Мен – мұғаліммін .
Мен күнделікті ұсақ-түйек шаруаға күш жұмсауға үйретіп, өзіңнің ішкі дүниеңдегі ғажайыпты көре білуге үйретемін.Әлем айна сияқты, әр күн сайын өз бейнеңді көріп тұрасың, өз мойныңа жауапкершілікті ала білуге,берген уәдеңде тұруды үйретемін.Менің өзіме деген сенімімді жоғалтқандай сезінген кездерімде,жұмысқа деген құлшынысым азайғанда мен «Алланың адамға берген ең үлкен сыйы, оның өмірі» екенін есіме аламын.
Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып, күйзеліске ұшырасада,өмірге деген сенімін,құштарлығын жоғалтпай, тоқтамастан тек қана алға ұмтылуы керек екенін ұмытпауы тиіс. Қандай қиын жағдай болсада бар күш-жігерін жинап, алға ұмтылса ғана барлығын жеңіп,жүрегінде де,жан-дүниесінде де тыныштық орнайтынына,барлығы тек жақсы болатынына сенуі керек.С.Торайғыровтың «Адамның ең ұлы қасиеті бақытты болуға ұмтылу»дегім келеді.
Менің өмірдегі басты мақсатым- балалар өмірге еш қорқынышсыз,зұлымдықсыз қарап,олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және де алда ашық,жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін.

































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі