400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

эссе: Мен жазды қалай өткіздім

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал 5- сынып және бастауыш сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен жазғы демалысты қалай өткіздім?

Жаз. Мен үшін керемет мезгіл! Жаздың ыстық күні, суға шомылу, алаңсыз асыр салып ойнау бір бақыт. Менің жазғы демалысым өте әсерлі өтті. Мен әр демалысымды асыға күтемін. Жазғы демалыстың бірінші айы яғни маусым айында демалысымды Ақсайда өткіздім. Мен Ақсай қаласында өлкетану мұражайына бардым. Онда қаламыздың кешегі және бүгінгі уақыт аралығын қамтитын көптеген қызықты экспонаттарды тамашаладық. Кейде саябақта отбасымызбен, достарыммен қыдырамыз. Осылай бір ай өтіп кетті

Ал шілде айында мен көбінесе бассейнге бардым. Отбасыммен кейде донер, пиццаға барамыз.Әжем әдемі велосипед сатып әперді. Достарыммен велосипед тебемін, бірге қыдырамыз, дүкенге барамыз. Уақытты қызықты өткіземіз.

Ал тамыз айында тарихи Түркістан қаласына отбасыммен қыдырып бардым.Киелі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне саяхат жасадық. Түркістан қаласы облыс орталығы болып жатқан соң мұнда қызу жол жөндеу, құрлыс жұмыстары жүргізілуде. Ағам екеуміз үкімен және павлинмен суретке түстік. Мен суға жүзгенді үнатқандықтан Түркістанда да бассейнге бардық. Мұнда бассейн орталықтары өте көп болғандықтан бағасы да арзан, уақыты да шектеулі емес екен. Маған осы тұсы қатты ұнады. Осылай жазғы демалыстың қалай өтіп кеткенін білмей қалдым. Демалыстың соңғы айында сабаққа дайындалдым. Міне менің демалысым осылай өтті.Жайдарлы жаз маған ерекше әсер қалдырды.

Сейтқали Дана

БҚО, Бөрлі ауданы,

Ақсай қаласы

№4 ЖББОМ-нің

5б сынып оқушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
6194
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі