Материалдар / Эссе «Мен қазіргі заман әдіскерімін»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Мен қазіргі заман әдіскерімін»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіскер болу – жәй ғана мамандық емес. Ол – адамның өмірлік бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астары әдіскер маманның үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1340
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе «Мен қазіргі заман әдіскерімін»

Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау, тағдырыңызды таңдау деген сөз. Менің қалауым балабақша маманы болу, балалармен жұмыс жасау болды, бүлдіршіндердің қуанышы мен күлкісін көру маған күш-қуат береді. Мен педагогикалық оқу орнынан арнайы білім алып, еңбек жолымды 1987 жылы балабақша тәрбиешісі қызметінен бастадым. Бүгінде мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін. Әдіскер болу – жәй ғана мамандық емес. Ол – адамның өмірлік бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астары әдіскер маманның үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу – үлкен мәртебе. Ақын М.Жұмабаев айтқандай «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру». Сондықтан, біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз, оларға рухани азық беру – міндетіміз.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгінде мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу-оқыту үрдісінің сапасын арттыру мәселесінің өзектілігі арта түсті. Себебі, мектепке дейінгі деңгей үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы және маңызды құрамы болып табылады. Сондықтан, өзім қызмет атқаратын №42 «Түймедақ» балабақшасында педагогикалық үрдістің сапасын арттыруды қазіргі кезеңдегі басты проблемам ретінде белгіледім.

МДҰ-да тәрбиелеу мен білім мазмұнын жаңартуға, оқытудың сапасын арттыруға ықпал етудің басым бағыттары:

Гуманитарлық бағытта: тәрбиеленушілердің білім алуына, педагогтердің еңбек етуіне қажетті жағдайлар туғызу.

Балаға қатынас жасау бағытында: тұлғалық бағдарлық, топтық жұмыстар барысында балалардың жеке басының және жас ерекшеліктерін ескеру.

Ұйымдастыру бағытына қарай: біліктілікті жетілдіру жүйесінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің үнемі арттырылып отырылуы.

Балалардың жас ерекшелігіне сәйкестік бағытында: жалпы тәрбиелеу мен білім беру мазмұнының баланың табиғи қабілетін дамытуға бағытталуы.

Мектепке дейінгі білім берудің сапасы – бұл әртүрлі позициядан қарастырылатын кешенді түсінік. Сапаны жақсарту мәселесін МДҰ-да тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы шешу қажет.

МДҰ-дағы білім беру үрдісінің сапасы:

  • тәрбиеші-педагогтың біліктілігі мен құзырлылығына;

  • тәрбиеленушілердің мектепке даярлығына;

  • жалпы тәрбие мен оқыту үрдісінің ұйымдастырылу сапасына;

  • әдіскердің ол үрдісті басқара білу іскерлігіне тікелей байланысты.

Тәрбиеленушілердің білім беру сапасын бағалау мақсатында балабақшада келесі технологияларды жүйелі түрде қолданып отырмыз: диагностика, сараптама, мониторинг.

1. Диагностика – қандай да бір үдерістің жүру ағымын анықтау деген ұғымды білдіреді. Диагностикалық шараларды жүргізу арқылы топтағы әрбір баланың, нәтижесінде балабақшадағы барлық тәрбиеленушілердің білім деңгейі анықталды.

2. Деңгейлердің нәтижелерін сараптауды екі кезеңде жүргіздік: диагностикалық таблицаларды толтыру және анықталған нәтижелерді сараптау.

3. Білім берудің сапасын арттырудың перспективалық құралдарының бірі педагогикалық мониторинг. Педагогикалық мониторингті заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану арқылы жүзеге асырып отырмыз.

Балалардың білім деңгейін анықтау барысында педагогтер «Сенім құзырлылығы» әдісін қолданды. Бұл кезеңде таблицаны әрбір тәрбиеші өзі толтырды, себебі топтағы балалардың мүмкіндіктерін тәрбиеші жақсы біледі:

  • тәрбиеленушілердің тізімі жасақталды;

  • тәрбиеленушілердің мүмкіндіктері анықталды;

  • бес білім саласындағы басты көрсеткіштер бойынша білім деңгейі бағаланды, бағалау таблицаларға түсірілді.

Оқу жылының соңында шығармашылық топ мүшелерімен бірлесе отырып, алынған көрсеткіштерді салыстыру негізінде оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы жасалады.

Бұл технологиялар тәрбиеленушілердің бес білім беру саласы бойынша білім деңгейінің сапасын анықтауға және әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыруға зор ықпалын тигізіп отыр.

Бүгінде жаңашыл әдіскер болу үшін әдіскердің жеке басының ерекшеліктері, іс-тәжірибесі, осы саладағы арнайы білімі, әдіскер болып жасауға деген ынтасы болуы шарт, сондықтан жаңашыл әдіскерге келесідей талаптар қойылады:

1. Жан-жақты болу: бір мезгілде менеджер, психолог, әдіскер, ғалым, заңгер, экономист, шаруашылық маманы, іс жүргізуші, т.б. бола білу;

2. Ұдайы білімімді жетілдіріп отыру (бірінші талапты ескеретін болсақ білім жетілдіру аймағы өте кең);

3. Сабырлы және байсалды болу: кез келген жағдайда ұстамды болу, жауапкершілікпен шешім қабылдай білу және бірнеше мәселені қатар шеше білу.

4. Жинақы болу.

МДҰ-дағы білім берудің сапасы ұжымның шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне тікелей байланысты және оған төмендегідей жағдалар жасалынып отыр:

  • Шығармашыл педагогтың «жетістікке жетуіне» жағдай жасау;

  • Қалыптасқан жағдайды сақтау;

  • Ұжымдағы тәртіптің сақталуына ықпал ету;

  • Іс–әрекет барысында дәлдік пен уақытты тиімді үнемдей білу;

  • Өзіне айтылған сынды дұрыс қабылдай білу, одан нәтиже шығару;

  • Барлық уақытта ұжымдық іс–әрекетке белсенді түрде араласу;

  • Бастаған істі соңына дейін жеткізу.

МДҰ-ның қызметінің тиімділігі тек әдіскерге ғана емес, сонымен қатар педагогикалық ұжымға да байланысты. Сондықтан, ұжымның әрбір мүшесіне өзі-өзі жетілдіруге, білімін және құзырлылығын арттыруға жағдайлар жасалады. Балабақшада мамандардың шеберлігін арттыру жұмыстары төмендегідей формада жүргізіліп отыр:

1. Педагогтарды міндетті біліктілік арттыру курстарына жіберіп, білімдерін жетілдіру.

2. Түрлі байқаулар, конкурстар ұйымдастыру. Оған ата - аналарды қатыстырып, балаларды қуанышқа бөлеу.

3. Ғаламтордан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңалықтарымен хабардар болу, инновациялық ізденіс, тәжірибе алмасу түрлі тақырыптарда семинар кеңесте өткізіп отыру.

4. Шығармашылық топ құру. Балабақшадағы оқу тәрбие үрдісіне қатысты заманауи технологияларды ендіру жолдарын қарастыру. Бұл топқа білікті және тәжірибелі педагог мамандар кіреді.

Педагогикалық ұжым тәрбие мен оқыту үрдісіне әртүрлі педагогикалық әдістерді енгізіп отырады. Соның бір дәлелі балабақшамызда жеке тұлғаға бағытталған технология ретінде «Росток» балалар Ассамблеясының жұмысының жүргізілуі. Н.Ә.Назарбаев «...Ассамблея тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы» деп атап көрсетті. Елбасының Жолдауын орындау мақсатында №42 “Түймедақ” балабақшасы базасында 2008 жылы «Росток» шағын балалар Ассамблеясы құрылып, жұмысын жалғастырып келеді.

Балаларды ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге және Қазақстан тарихын білуге тәрбиелеу, қоғамда достықты, бейбітшілік пен келісімді нығайту бала бойында өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастырады, адамгершілік-патриоттық сенімі бекіген жеке тұлға болып қалыптасуына, Қазақстан Республикасының нағыз азаматы болып өсуіне ықпал етеді. №42 «Түймедақ» балабақшасындағы адамгершілік-патриоттық тәрбие беру мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандартының міндеттерін орындауға бағытталған.

Балалар Ассамблеясы жұмысы аясында жинақталған тәжірибе нәтижесінде балабақша ұжымы «Бүгінгі таңда өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру өте өзекті мәселе және бұл жұмыстың мағынасы тереңде жатыр» деген қорытындыға келді.

Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамыздағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Ата - аналарда өз баласының тәрбиесімен білікті мамандардың айналысқандарын қалайды. Тұңғыш ағартушы педагог Ы.Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені – бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарда» деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздарды өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!