ЭССЕ: «МЕН – ҚОСЫМША БІЛІМ
БЕРУ ПЕДАГОГІМІН»
Жәнібек аудандық мектептен
тыс жұмыстар орталығының
қосымша білім беру
педагогі.
Батыс Қазақстан облысы.
Жәнібек ауданы. Жәнібек ауылы
Мектеп бітіргеннен кейін кім
болам деген сұрақ туған жоқ. Анам-педагог. Көп жылдар бойы
Пионерлер үйінің директоры болып қызмет атқарды. Бала кезімнен
саяхатқа шығып, слеттерге қатысып, түрлі концерттерге қатысу маған
өте қатты ұнайтын. Анам әлі күнге дейін менің дана кеңесшім және
тәлімгерім болып келеді. Енді, міне, тағдыр мені
мектептен тыс жұмыстар орталығына алып келді. Осы мекемеде жұмыс
істегенімен 10 жыл болады. Өз жұмысым өзіме қатты ұнайды. Көбі
«Мектептен тыс жұмыстар орталығында несі ұнайды: беретін білімі
негізгі емес қосымшаға жатады, мектепте болып жатқан жаңалықтардан
құр қаласын» дейді. Ия, біздер беретін білім қосымша болғанмен,
оқуышылар бізге өз қалауларымен келеді, олар шығармашылыққа дайын,
қолдарынан шыққан бұйымдарын көрсеңдер... Әр бала талантты, ең
бастысы ол талантты ашуға көмектесу. Біздің міндетіміз түрлі қызмет
саласына тарту арқылы олардың қабілеттерін дамыту. Өкінішке орай,
кез келген ата-ананың бұған уақыты да қызығушылығы да жеткілікті
болмайды. Сонда біздер көмекке
келеміз.
Қосымша білімнің өз ерекшілігі
бар: мектепке дейінгі және негізгі білімдерге қарағанда бізде
стандарт жоқ. Бұл шығармашылық түрін таңдауға, өз бетіңмен
бағдарлама құруға, білім берудің мазмұны, әдістері мен түрлерін
анықтауға мүмкіндік береді. Өте қызықты шығармашылық процесс
педагогикалық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Қосымша білім беру педагогі
болу үшін өз пәніңді жетік білу ғана аз. Негізгісі-бұл білімді
оқушыға жеткізе білу, ал ең бастысы-оқушының білімге өз бетімен
жетуге көмек көрсету. Ол үшін кішіпейіл, төзімді, әдепті және өз
ісінің маманы болу шарт.
Менің оқушыларым әр түрлі. Әр
баланың жүрегіне жол табу үшін оны түсіне білу керек, қандай
қызығушылығы бар екенін анықтап, қандай тапсырмалар орындау ұнайды,
ал қайсысы қиындық туғызатынын түсінуге
тырысамын.
Мен әр оқушыны әдемілікті
көруге, мейірімді және адал болуға тәрбиелеймін. Жетістігі
жеткіліксіз болса да баланы мақтауға, мадақтауға тырысамын, бұл
баланың өзіне деген сенімділігін арттыруға, алға ұмтылуға ықпал
етеді. Мен үшін баланың маған сенгені, мені құрметтеп ризашылықпен
қрағаны өте маңызды. Оның сенімін ақтау-үлкен және құрметті
жауапкершілік. Бала махаббатының құпиясы: олар ашық және қарапайым,
ал мен үшін ең үлкен марапат-олардың
күлкісі.
Жұмыс барысында мен балалардың
өз ісіне деген қызығушылықтарының арқасында көздері жанып,
мектептегі білім сапасы артқанын, бос уақыттарын өткізуге емес,
істеген жұмыстары ұнағасын келетінін
байқаймын.
Қазіргі қосымша білім беру
мекемесі материалдық базасы мықты, білімді де білікті, өз ісіне
деген жауапкершілі мол педагогтар жұмыс істейтін мекеме деп
білемін. Бұл шебер-сыныптар, ашық сабақтар, фестивальдер,
байқаулар, мейрамдар. Мұндай мекемелер қоғамға ашық болу керек: бұл
ардагерлер, өлкетанушылар, саясаткерлер, өз ісінің шеберлерімен
кездесу. Қазіргі қосымша білм беру мекемесі осындай болу керек деп
ойлаймын.
Мен-қосымша білім беру
педагогімін. Мен осы мамандықты таңдадым және таңдауымды мақтан
тұтам.