400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Мен қосымша білім беру педогогімін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе жазуға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы





ЭССЕ: «МЕН – ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГІМІН»

«Балалар мен жасөспірімдер сарайы»

қосымша білім беру педагогі Нурланова Лаура Ержановна

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы


Мамандығым инженер – механик. Мен оқыған оқу орнында бізге қосымша анықтама берді. «Математика,физика,информатика пәндерінен сабақ беруге болатын мұғалім» деген. Осы анықтаманы ұстап мектепке бардым, математика пәнінен сабақ бердім. Мектепте біршама қырларым ашылып, жастар апталығында өткізген сабағым «Ең үздік ашық сабақ» номинациясын ұтып алды. Басқа елді мекенге қоныс аударуымызға байланысты,жұмыстан шықтым. Жезқазған қаласына келген соң, жұмыс іздеп «Балалар мен жасөспірімдер» сарайына келдім. Бұл жерде мені бәрі өте жылы қарсы алды. Сол сәтте бұл жерде жұмыс жасау қиынға түспейтінін ұқтым. Енді, міне, тағдыр мені мектептен тыс жұмыстар орталығына алып келді. Осы мекемеде жұмыс істегенімен 2 жыл болады. Өз жұмысым өзіме қатты ұнайды. Көбі «Мектептен тыс жұмыстар орталығында несі ұнайды: беретін білімі негізгі емес қосымшаға жатады, мектепте болып жатқан жаңалықтардан құр қаласын» дейді. Ия, біздер беретін білім қосымша болғанмен, оқуышылар бізге өз қалауларымен келеді, олар шығармашылыққа дайын, қолдарынан шыққан бұйымдарын көрсеңдер... Әр бала талантты, ең бастысы ол талантты ашуға көмектесу. Біздің міндетіміз түрлі қызмет саласына тарту арқылы олардың қабілеттерін дамыту. Өкінішке орай, кез келген ата-ананың бұған уақыты да қызығушылығы да жеткілікті болмайды. Сонда біздер көмекке келеміз.

Қосымша білімнің өз ерекшілігі бар: мектепке дейінгі және негізгі білімдерге қарағанда бізде стандарт жоқ. Бұл шығармашылық түрін таңдауға, өз бетіңмен бағдарлама құруға, білім берудің мазмұны, әдістері мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Өте қызықты шығармашылық процесс педагогикалық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қосымша білім беру педагогі болу үшін өз пәніңді жетік білу ғана аз. Негізгісі – бұл білімді оқушыға жеткізе білу, ал ең бастысы – оқушының білімге өз бетімен жетуге көмек көрсету. Ол үшін кішіпейіл, төзімді, әдепті және өз ісінің маманы болу шарт.

Менің оқушыларым әр түрлі. Әр баланың жүрегіне жол табу үшін оны түсіне білу керек, қандай қызығушылығы бар екенін анықтап, қандай тапсырмалар орындау ұнайды, ал қайсысы қиындық туғызатынын түсінуге тырысамын.

Мен әр оқушыны әдемілікті көруге, мейірімді және адал болуға тәрбиелеймін. Жетістігі жеткіліксіз болса да баланы мақтауға, мадақтауға тырысамын, бұл баланың өзіне деген сенімділігін арттыруға, алға ұмтылуға ықпал етеді. Мен үшін баланың маған сенгені, мені құрметтеп ризашылықпен қарағаны өте маңызды. Оның сенімін ақтау-үлкен және құрметті жауапкершілік. Бала махаббатының құпиясы: олар ашық және қарапайым, ал мен үшін ең үлкен марапат – олардың күлкісі.

Жұмыс барысында мен балалардың өз ісіне деген қызығушылықтарының арқасында көздері жанып, мектептегі білім сапасы артқанын, бос уақыттарын өткізуге емес, істеген жұмыстары ұнағасын келетінін байқаймын.

Қазіргі қосымша білім беру мекемесі материалдық базасы мықты, білімді де білікті, өз ісіне деген жауапкершілі мол педагогтар жұмыс істейтін мекеме деп білемін. Бұл шебер – сыныптар , ашық сабақтар, фестивальдер, байқаулар, мейрамдар. Мұндай мекемелер қоғамға ашық болу керек: бұл ардагерлер, өлкетанушылар, саясаткерлер, өз ісінің шеберлерімен кездесу. Қазіргі қосымша білм беру мекемесі осындай болу керек деп ойлаймын.

Мен – қосымша білім беру педагогімін. Мен осы мамандықты таңдадым және таңдауымды мақтан тұтам.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.11.2020
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі