400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Мен таңдаған мамандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе жұмысы жас талапкерлерге, жас мамандарға қажет болуы ықтимал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы №20 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанмолдина Ләззат Мейрханқызы

Мен таңдаған мамандық- мамандықтың төресі

(эссе)

Адам баласы дүниеге келіп, ес біле бастағаннан бастап-ақ ата-анасы баласының неге бейім екені, табиғаты неге жақын екені туралы сезе бастайды. Бала есейе келе мектеп қабырғасында жүргенде қай пән өз табиғатына сай екенін, жүрегіне жақын екенін біледі. Мысалы, кей бала нақты математика, физика, химия пәндерінде өздерін суда жүзген балықтай сезінсе, кей бала өзіне ана тілі, әдебиет, тарих пәндерін жақын тұтады.

Мен осы айтылғандардың соңғысының қатарынанмын. Әдебиет десе, тарих десе алдыма жан салмастан сайрайтынмын. Шығармашылық тапсырмалар берілсе, қиялыма ерік беріп, бір көсіліп қалушы едім. Біреуге өзім түсініп тұрған, білетініме сенімді болып тұрған дүниені тәптіштеп түсіндіргенді жаным сүйетін. Лирикалық жырларды оқығанда ерекше сезімді бастан кешіретінмін. Міне, осы бала қиялым менің әдебиет әлеміне деген қызығушылығымды оятты. От ауызды, орақ тілді би-шешендеріміз бен ақиық ақындарымыздың, әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен сезінетін жазушыларымыздың сүбелі сөзге толы асыл мұраларын оқып, көңілге тоқыған мына менің өмірімде қазақ әдебиетінің орны ерекше болды. Адам баласына қуаныш сыйлайтын, сезімімізді тәрбиелеп, байытып, азаматтық тұлға қалыптастыратын, жарасымды әдеби тілде сөйлеуге үйрететін әдебиеттің әр адамның өмірінде, қоғамдық болмыс тіршілікте алатын орны ерекше деп ойлаймын. Мұхтар Шахановтай тілін төрге сүйреп, биік тұғырға қондырған, ана тілін дәріптеген нар тұлғаның, айналамдағы мәдениеттілік пен қазақи салт-дәстүрді қатаң ұстаған ардақты ұстаздарымның арқасында тілге деген құштарлығым одан сайын артып, шабытым шарықтай түсті.

Міне, мен сол кезде өзімнің болашақта ұстаз болатынымды іштей шештім. Ұстаздық – қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұлы жол. Болашақ ұрпақтың саналы тәрбиесі мен сапалы біліміне, қоғамдағы беделіне жауапкершілік арттыратын сүбелі жол. Осы жауапкершілікті сезіне отыра, ұрпақ тәрбиелеуде қажымай еңбек еткен, талай тосқауылға төтеп берген, қыршын жастарын қиған әдебиетіміздің Ұлы тұлғаларының сара жолын неге жалғастырмасқа. Бұл менің қолымнан келетініне күмәнім жоқ.

Әр адамның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындый болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс –табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз «Неге арналсаң, соны істе» деп айтқандай, қашанда әр адам өз бойындағы талантының қайнар бұлағын аша білуі қажет.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да - жастар», - деп тегіннен-тегін айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың қолында, яғни ұрпақ тәрбиелеудегі басты тұлғалар, ұстаздар қауымының қоғам алдындағы жауапкершілігі мол. Мемлекет алдындағы жауапкершілігімді сезіне отыра, мен ана тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын бойларына сіңірген, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, жаңашылдыққа жаны құмар шәкірт тәрбиелейтін ҰСТАЗ болғым келеді.

Мен таңдаған мамандық – мамандықтың төресі екеніне шүбәм жоқ!

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі