400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Эссе Мен заманауи ұстазбын

Материал туралы қысқаша түсінік
Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Менің көзқарасым бойынша, заманауи ұстаз ол өзіне де оқушыларға да ыңғайлы кеңістік жасайды. Ол үшін білім беру мен тәрбиелеу барысында ата –анамен, әріптестерімен, оқушылармен тығыз қарым қатынаста болу керек. Сонда ғана болашағымыз жаңа да жарқын болып, жан-жағымызға «жаңа көзқараспен» қараймыз. Елбасы Н.Назарбаев қай кезде болмасын ұстазға үлкен құрметпен қараған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Мен – заманауи ұстазбын

Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.

Менің көзқарасым бойынша, заманауи ұстаз ол өзіне де оқушыларға да ыңғайлы кеңістік жасайды. Ол үшін білім беру мен тәрбиелеу барысында ата –анамен,  әріптестерімен, оқушылармен тығыз қарым қатынаста болу керек. Сонда ғана болашағымыз жаңа да жарқын болып, жан-жағымызға «жаңа көзқараспен» қараймыз. Елбасы Н.Назарбаев қай кезде болмасын ұстазға үлкен құрметпен қараған. Ол «Ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші-ұстаздардың қолында. Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»-деп бірегей тұлға-ұстазға деген құрметі ерекше екендігін білдірген болатын.

Сондықтан өз білгенімді көңілге түйіп, көргенімді қолмен ұстап, әр сабақ сайын оқушыларыма жаңашыл инновациялық технологиялардың көмегімен қызықты да түсінікті оқу материалын меңгертуге тырысамын. Әр сабақ соңында кері байланысқа уақыт бөлемін. Өйткені сабақ туралы оқушыларымның пікірі мен үшін өте маңызды. Өз қызметім барысында: біріншіден, оқушының өз-өзіне сенімді болуына көмектесемін; екіншіден, оқушыларды шынайы жақсы көремін; үшіншіден, оқушыларды қолдап, бастаған істеріне көмек қолымды ұсынып, дұрыс жолын көрсетуге тырысамын; төртіншіден, оқушылардан жақсылығымды аямаймын және шәкірттеріме өз шуағым, мейірімімді сыйлаймын.

Мұғалім  қандай  болса, оның шәкірттері де сондай  болады. Яғни, мұғалім  білімді  болса, ол  мектептен  балалар көбірек  білім  алып  шығады. Солай  болған  соң, ең  әуелі  мектепке  керегі,  педагогика  әдістемесінен  хабардар, жақсы  оқыта  білетін  мұғалім – керек  деген   ғұламалар. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті  білімімен, ұйымдастырушылық  қабілетімен, балалармен  тіл  табысушылық  қасиетімен, асқақ, өз кәсібін  қадірлеген  ұстаз  ғана педагогтың  мәртебесін биік  ұстай  алады. Заманауи  ұстаздық қызметтің қыры мен  сыры  мол, сондықтан да ұстаздар  өз ісінің  әрбір тетігін  жетік  меңгеру керек.

Қазақ елінде білім беру жүйесі жылдан-жылға жаңаруда. Қазіргі таңда дамыған елдердің қатарына қосылу мақсатында сабақты түрлендіріп, жаңаша бір леп беру бағыты сатылап оқу үдерісіне енгізіліп жатыр. Мен қоғамда болып жатқан өзгерістердің куәсімін және бірден-бір себепкерімін. Себебі, мен осы заманның мұғалімімін, қоғамды өркендетуші жеке тұлға тәрбиешісімін.

Педагогикалық ұстанымым: заман ағымына сай, жаңашыл, шығармашыл ұстаз болу.

Менің мақсатым: жас баланың патриоттық сезімін ояту, ана тілін жетік меңгерту және құрметтеуге үйрету, рухани-адамгершілік қасиетін арттыру, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру, бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу.

Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі”- деген қанатты сөздері әрқашан ойымда.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
1409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі