400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе Менің арманым 6 А сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімге қол жеткізіп ,бірнеше тілде еркін сөйлесем ,келешекте туған өлкемнің көркеюіне үлес қосу мүмкіндігіне қол жеткіземін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің арманым

Арман .... осы сөзді айта отырып ,ой жетегінде қалмаған бала жоқ шығар . Ұстазымыз бізге «Менің арманым» эссе жазуды тапсырды .Бәрі өз ойларын саралап ,сыныпта үнсіздік орнады . Ойлансаң орындалса деген тілек көп ... Бірақ осы тілектерден туған ең маңыздысы , арманыма айналатын алға қойған мақсатым туған өлкемнің көркеюіне үлес қосатын мықты азамат болып қалыптасу деп шештім. Арман адамды алға жетелейді демекші ,менде осы арманыма жету үшін сабақты жақсы оқып ,қосымша білім алып ,үздіксіз ізденуді міндетім деп санаймын.

.Білімге қол жеткізіп ,бірнеше тілде еркін сөйлесем ,келешекте туған өлкемнің көркеюіне үлес қосу мүмкіндігіне қол жеткіземін деп ойлаймын . Туған өлкем Түркестан облысы ,Мақтаарал ауданы ең жас аудан . Өз еншісін бөліп алып ,аяғынан қаз-қаз тұруда. Тұрғылықты халық мақта егумен айналысады. Олар осы мақта егуде аянбай еңбек етіп , ысырапшылдыққа жол бермей техникамен қатар қол теріммен жинап алады. Жаз бойы егінге зиянкестермен күрес жүргізуде түрлі химикаттарды шаштырып , мол өнім алуға ұмтылады.Ата- анамызға қолқабыс беру мақсатында менде егістікке бардым. Егістік ауылға жақын болғандықтан кешке қарай сол химикаттардың иісі ауылды жайлайды. Оның денсаулыққа зиян екенін біле тұра амалсыз қолданады . Мен өскенде зиянкестермен күресуді табиғи жолмен іске асырып, туған өлкемнің ауасының таза болуын қолға аламын . Онда өсіп келе жатқан балалардың дендері сау , үлкен кісілердің өмірлері ұзақ болуын қалаймын. Сонымен қатар мақта шаруашылығына байланысты өндіріс орындарын ашып , жұмыссыздықпен күресуді армандаймын . Армандау арқылы болашаққа деген сенім күшейеді, мақсат айқындала түседі.. Арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, батырлыққа итермелейді деп ойлаймын. Туған өлкемде осындай түйіні шешілмеген мәселе болса, қоғамдық қызмет ретінде мүмкіндігінше шешімін табуға атсалысар едім.
Туған жерімізден іскер жандар мен білімді азаматтар көптеп шығып , жеке басының қамымен қалаға кетіп қалмай , ауылымыздың болашағына атсалысып ,
туған өлкем қалаға айналса деп армандаймын.Ауылымызға заманауи жаңа мектеп салынып жатыр және ауыл тұрғындарына табиғи газ берілді. Көшелер кеңейтіліп жаңартылды ,ауызсу құбырлары жүргізілді. Құлдыраған ауыл қайта басын көтерді .Қуанышымызда шек жоқ . Қорыта айтқанда туған өлкеміз күннен күнге алға жаңарып келеді.

Көпке қуаныш сыйлап , елге қызмет етудің өзі бір бақыт деп түсінемін . Сондықтан да мен қай мамандықтың иесі болсам да , өз туған жерімнің көркеюіне үлес қосуды армандаймын. Осы жолда арманым алдамшы емес екеніне сенімдімін!           

Түркестан облысы Мақтаарал ауданы «№51 Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта мекте6і» 6-сынып оқушысы Рахымбай Демежан Базарбайұлы

                                         

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі