Материалдар / Эссе "Менің достарым!"

Эссе "Менің достарым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе оқушылар арасындағы
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Эссе

Тақырыбы: Достық


    Достық ұлы сезім.Өйткені дос деген барлық адамға керек. «Досы көпті жау алмайды» деп бекерге айтпаған ғой.Адам қиналса да ,қуанса да жанына әрқашан досын іздейді. Досы жоқ адам қанаты жоқ құспен тең.
Өзі алты ақ әріптен тұрса да мағынасы тереңде жатқан сөз.Жай айтып қоятындай мәнсіз сөз қатарына жатпайды.
     Достық бұл жас таңдамайды. Ол мектепте де, жұмыста да, класта да басқа жерлерде де жалғасын табады. Достықтың өзінің бірнеше түрі бар. Амал дос, адал дос,арам дос дегендей.Қайдан дос тапсаңда ескі досқа жетпейді.Жаңа досты тапсаң да ескі досты ұмытпа деген бар емес пе.Досты адам түріне, жұмысына, оқуына , киіміне, дәрежесіне қарай таңдауға болмайды.
    Қиын сәтте жаныңнан табылған дос шынайы дос болып табылады.Сол достың қадірін ешқашан ұмытпау тиіс. Сен қуансаң да ,ренжісең де дос бірге жүруі керек.Ондай сәтте табылмаса ,саған ол дос ұзаққа бармасына көзің жетеді.
   «Доссыз өмір –тұссыз ас» демекші досың жоқ болса өз пікіріңді кіммен талдайсың,кім саған ақыл кеңес айтады.Тұзы жоқ тағам жеуге келмейтіні секілді,өмірдің сәні де , мәні де болмайды. Достықты бағалай білген адам дос болудың жолын біледі. Адам түгілі жануар да дос болуды қалайды. Жеті қазынаның бірі итте адамның досы емес пе.
     Уақытша дос болатын , қазіргі заманға сай достарда табылады.Қалтаға, мансапқа қарай адамды алдай білетін достар да болады.Тек ондай достарды уақытында ажырата білуің тиіс.
    Мен өзім достық қадірін білетін жанның бірімін.Біреуге ренжісем де кімдікі дұрыс,кімдікі бұрыс деп досыммен ақылдасамын.Ішімдегіні досыма айтып жеңілденемін.Өзімде дос көп,бірақ қай досқа қай уақытта не айтуға болатынын түсінемін.Достарыммен үнемі кездесіп отырамын.Оларда маған керек кезінде өз ойларын  айтып ортаға салады. Қуанышымыз әрқашан ортақ.
Достарыма құшағым ашық.Дос боламын дегенге көңіліміз таза.  «Жүз теңгең болғанша , жүз досың болсын» деген бар емес пе қазақта.
    Достықтың шегі болуы мүмкін емес.Достар достың қадірін түсініп  аялай білейік.Біз бір-бірімізге дос емеспіз бе? Ендеше ойыңды айт жасқанба.
Сен де дос жоқ па, онда кел ортаға, біз саған  адал дос боламыз жаңа дос.





ЖИ арқылы жасау
19 Желтоқсан 2019
35086
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі