жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе «Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім»
«Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім»
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек.
Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның өміріне апат әкеледі».
Әбу Насыр әл-Фараби.
Мен осы мамандықты неге таңдағанымды айтып кетейін, Мен сонау 1990 жылдары балабақша табалдырығын ең алғаш тәрбиеленуші ретінде аттадым. Тәрбиешім Мирамгуль Орынбайқызы менің алғаш білімге,тәрбиеге жетелеуші ұстазым деуге болады.Ол кісінің балаға деген мейірділігі,бізге деген сүйіспеншілігіне қызығатынмын,басқа бөтен балаларды қалай жақсы көреді деп.Сол кезден менің арманым Мирамгуль Орынбайқызы сияқты шашым ұзын,мықты тәрбиеші болау.Ол арманыма да жеттім. 14 жыл болды осы мамандықтың қызығы мен қиындығын бірдей көруге. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар…
Бүгінде әр күнімді тәтті бүлдіршіндермен өткіземін. Олармен жұмыс жасау – менің өмірге деген құлшынысымды арттырып, мамандығыма деген сүйіспеншілігімді еселеуде. Олардың тілі де, қылығы да, болмыстары да тәтті. Әрине, жұмыстың оңайы болмайды. Бастысы, өзіңе артылған жауапкершілікті адал, әрі тиянақты алып шығу. Бүлдіршіндердің болашағының көп бөлігі біздің жауапкершілігімізде екендігін сезінгеніміз абзал.
Бала тәрбиесі, оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз,
Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса – міне, нәтиже.
Француз ағартушысы,жазушы Жан-Жак Руссо
«Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне
шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол
сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді»
деген.
Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың
ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай
құрылса, баланың ынта –жігері артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің
еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын
дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі
бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет
дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін
тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баланың
ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда,
сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге
енеді.
Осындай тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін,
тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан – жігерлілік пен
еңбекқорлықты қажет ететінін айқын
аңғардым.
Балалар - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай
жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана
өседі.
Әрбір оқу әрекеттерім жас бүлдіршіндер үшін
өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тылсымы мол жұмбақ
әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме
байланысты.
Жас өспірімдерді тәрбиелеуде ерекше қабілет
пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Өз
педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр
жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу
іс – әрекетіне аударту, баламен оқу іс – әрекеті үстіндегі әрбір
қарым – қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне
көзім жетіп жүр. Көбінесе жұмысымның негізгі бөлімдеріне ғана назар
аударылып, ұйымдастыру бөлімінде өткізілетін психологиялық
тренингтер, сергіту сәттерінің алар орны ерекше. Мысалы, «Әуенді
шапалақ», «Банан, банан, кокос» тренингтерінде тәрбиеленушілерім
ерекше көңіл күйге бөленеді. Ал мерекелік іс – шараларда « Шалқан»,
«Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ» ертегілерін сахналағанда түрлі
рөлге енемін, бірде Ақшақар, бірде шалқан, бірде сайқымазаққа
айналғанда балапандарымның қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің
тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды. Педагогикалық
шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген
тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым – балаларға
жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру.
Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші
сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс –
әрекеттеріне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын
оятуға жағдай туғызады.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген