Эссе. Менің курстан алған әсерім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. Менің курстан алған әсерім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Суюнгалиева А.Т.


Менің курстан алған әсерім

Picture 1

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен, жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарламалардың бірі болып есептеледі.

Бүгінгі таңда үш апта көлемінде оқытылатын «Орта білім мазмұнын жаңарту» тақырыбындағы курстың небәрі бір аптасын ғана аяқтасақ та, біз бұл бағдарламаның маңыздылығын, өміршеңдігін түсіндік. Бастауыш сынып – болашаққа нық қадам жасауда оқушыларды білім жолына жетелейтін басты баспалдақ іспетті. Сондықтан болашаққа дайындықты бастауыштан бастаудың да үлкен рөлі бар.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді, атап айтқанда, бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегияларын қолдануды алға тартады. Біз курс сабақтары барысында аталған әдіс-тәсілдермен танысып, біз, біліктілігін жетілдіруге жиналған мұғалімдер, бір-бірімізге сұрақ қою арқылы әдістердің тиімділігі, оларды орынды қолдану мәселелері туралы түрлі тақырыпта сөз қозғадық.

Сонымен қатар, жаңашылдықтың тағы бір ерекше қыры – бағалау жүйесі. Дәстүрлі бағалау жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл жүйенің енуі мұғалімдерден үлкен жауапкелшілікті талап етеді. Сондықтан біз курс барысында алған біліміміз бен тәжирибемізді келесі оқу жылында тиімді пайдалануымыз керек.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі – бүгінгі күннің басты талабы. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Курстың маңыздылығы да осында.

Бұл курстан алған біліміміз бен тәжірибеміз болашақта өз жемісін беретіндігіне сенімдімін.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2018
540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі