Материалдар / Эссе: "Менің мамандығым-тәрбиеші!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе: "Менің мамандығым-тәрбиеші!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала үшін білім нәрін құюшы, ізгілік иесі,үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші мамандығы туралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2023
268
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1 Эссе

«Менің мамандығым- тәрбиеші!»


Менің мамандығым –тәрбиеші !

Менің негізгі мақсатым: Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру.

Тәрбиеші-ең алдымен,бала үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі,өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог.

Ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін ,салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын әрі жауапты.

Мен, тәрбиші мамандығын таңдамас бұрын,балабақшада басқа маман иесі ретінде жұмыс атқардым. Балабақша өмірі тәрбиешілермен тікелей байланысты екендігі анық.

Жұмыс барысында тәрбиешілермен тікелей қарым-қатынаста болғандықтан бұл мамандықтың қаншалықты қиын тұстары бар екенін байқадым.Сонда да, тәрбиеші мамандығына қызығушылығым ауа бастады.Сол себепті тәрбиешілердің ортасында жүріп,осы маман иесі болуға бел будым. Өзім жұмыс істеген балабақшадағы озық тәрбиешілерден көптеген тәжірибелер жинадым.

Мен балаларды жанымдай жақсы көремін. Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген ,жүздерінде күлкі ойнаған,қылықтары тәтті періштелер.Әр бала өзінше бір әлем. Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл. Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге қанаты қайырылмайтындай етіп даярлау.

Мен балабақшада тәрбиеші мамандығы бойынша жеті жыл еңбек еттім. Бұл еңбектен ешбір жалыққан да емеспін.

Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған әрбір уақытым өмірімдегі ең бір бағалы уақытым,бақытты кездерім деп айта аламын.

Тәрбиешінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі –адам. Ең білгір,ең жауапты,ең негізгі болып табылатын сол тәрбиешіге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын ,өз елінің азаматтарының тағдырын ,оның болашағын табыс еткен.

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе –ас бер,он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе –бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі зор. Сондықтан да Сөзіміз-түзу, Еңсеміз –биік, Рухымыз -мықты болсын десек тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік.

Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.

«Білерім –бір тоғыз, білмейтінім-тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінің көп екенін ұға түсесің. Сондықтан да шығар белестерім әлі алда. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау алдымда. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы бұл менің бала назарына еріксіз көңіл аударуым.

Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын.


Қазіргі таңда ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп - интернаты» КММ-де 2 жыл тәрбиеші болып қызмет атқарып жатырмын. Мекеменің қызметі бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады: білім беру,түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру,соның ішінде кәсіби білім беру бағыттары бойынша ; тірек-қимыл,аппараты бұзылған ,көру,есту және сөйлеу қабілеті нашар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және жан-жақты дамыту,ақыл-ойы сақталған, психологиялық-медициналық-педагогикалық және коррекциялық қолдау көрсетіледі.Мекемемізде бастауыш сыныптарға жаңа үлгідегі оқыту кабинеттері,ақпараттық технологиялық кабинеті бар.

-Арнайы жабдықталған логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, дефектолог,психолог, ЕДШ залы,сенсорлық бөлме,физиотерапия кабинеттері де бар.

Интернат мекемесі –тәрбиенің қайнар көзі деп айтар едім. Әрбір мемлекет қоғамында оқытудың ерекше түрін қажет ететін балалар өмір сүріп, білім алып тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді.Оқытудың ерекше түрін қажет ететін балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың, арнайы сала мамандарының міндеті.Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді. Ата-анасы шалғай жерде жүрген балалардың тәрбиелі болып өсуі ең алдымен отбасы тәрбиесіне байланысты болса, мектеп жасына келгеннен кейін, интернаттағы екінші ата-анасы тәрбиешілердің берген тәрбиесіне байланысты болады. Сондықтан өз ісіне шексіз берілген , саналы, білімді, әдепті,патриот,адамгершілік қасиеті күшті,қазақ азаматы болып шығатындай тұлға етіп тәрбиелеу-әр тәрбиешінің алдына қойған ең бірінші мақсаты.

Бұл мекемеде тәрбиеленушілердің бос уақытын ұйымдастыру жұмысы да жақсы жолға қойылған. Балалар әр күндерін сапалы, пайдалы өткізу үшін жас эколог, домбыра, қолөнер, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ, хор, би, сурет салу, шахмат ойнау,робототехника сияқты үйірмелерге қатысады.Түрлі ойындар, спорт жарыстары да өткізіліп тұрады. Тәрбиеленушілер облыстық, республикалық,халықаралық көлемде көп жетістіктерге ие. Тәрбиешілердің берген бағыты бойынша тәрбие сағаттары, іс-шаралар өткізіліп тұрады. Интернатта өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс істейді. Әртүрлі мамандармен балаларды жекелей бақылау жұмыстары жүргізіледі. Біз өзімізге сеніп тапсырған әр ата-ананың үміт күтетін перзентін тек салауаттылыққа бейімдеп, әдеппен сөйлеуді, үлкен кішіні сыйлауды үйретіп қана қоймай, тұлғаның бойына игі-іс әрекеттер мен адамгершілік қасиеттер алтын арқау болып өрілсе екен дейміз. Егерде өз мамандығымызды шексіз сүйе отырып, әрбір ізденіс, әрбір қимыл тек балаға, баланың біліміне, болашағына арналса ғана шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсете алары күмәнсіз. Оның ең негізгі мәні-жақсылыққа тәрбиелеу,өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді.

Ауганбекова Арайлым Базылбековна

ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ

тәрбиешісі





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!