Материалдар / Эссе "Менің педагогикалық дара жолым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Менің педагогикалық дара жолым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Маман ретіндегі іс- тәжірибедегі ерекшеліктер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2019
678
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Курамысова Жансая Әділғалиқызы17 «Шұғыла» МДҰ қазақ тілі мұғалімі

ЭссеМенің педагогикалық дара жолым!«...О, Поэзия сен менімен егіз бе едің, Алаурытқан таңдардан сені іздедім...» деп қазақ ұлттық рухани әдебиет- асыл сөз өнерінің хас шебері- Мұқағали Мақатаев бабамыз айтқандай менің де жаным позияға үнемі бір бүйрегін бұрып тұрады. Поэзия – ғажап өнерғой шіркін! Алты Алаштың данасы бола білген, дарасы бола білген Ұлы Абайда: «...Болмасаңда ұқсап бақ,Бір ғылымды көрсеңіз,Сізге ғылым кім берер?Жанбай жатып сөнсеңіз,Дүниеде өзі мал да өзі,Ғылымға көңіл бөлсеңіз,Білгендердің сөзінеМахаббатпен ерсеңіз» - деп ұлы сөз құдіретінің асыл қасиетін бір шумақ өлеңмен жүрекке ғажап жеткізді емес пе? Рухыңызға салауат баба!Сонау тәтті, «Қайран-қамсыз бала күннің» өзінде парақ беттерін шимайлап өлең жазатын әдетім әлі күнге дейін қалмады. Дана Абайша «Болмасам да ұқсап бағайын» дегенімғой!Обылыстық «Жас ұлан», «Ақтөбе» газеттеріне оқушы кезден бастап шағын өлеңдерім жарияланып жүрді. Қазақ поэзиясында Абай,Шәкірім өлеңдерін сүйіп оқимын. Алға аудандық «Абай,Шәкәрім оқулары» атты мәнерлеп өлең оқу сайысынан бас жүлде алғаным- менің ең алғашқы дара жолымның бапалдағы деп білемін.Бала жүрегім о бастан поэзияға ғашық,рухани білімге, рухани өнерге, рухани тәрбиеге ғашық. Себебі поэзия ұлы рухтан туындайтын – өнер әлеміндегі ғажайып өнер саласы. Бойыңды елітіп, қиялыңды шалықтатады. Алға ауданы Қарақобда орта мектебінің 2005 жылғы 32 түлектерінің бірімін. Өмірдің өзі түрлі өрнектерден тұрады, алай да оны ерекше ету әркімнің өз қолында. Сан түрлі соқпағы көп өмірден өзіндік жолымды тауып, көптің бірі емес, бірегейі болуыма әуелі асқар таудай әкем мен анамның, абыройы алты қырдан асатын атам мен баға жетпес асылым –әжемнің, мен үшін киелі мекен Қарақобда орта мектебінің ұлағатты ұстаздарының тигізген септігі,тәрбие берудегі еңбектері ұшаң теңіз. 2005 жылы ҰБТ тесттен 101балл жинап журналистика факультетіне грантқа түсе алмай қалдым. Сол кез әкеміздің дүниеден озған кезі болатын. Әпкем ақылы бөлімде оқып жатқандықтан, анама оқу ақысын төлеу қиындыққа түсті. Мені оқуға түсірмейміз деп шешті үйдегілер. Грантқа түсе алмадым деп қынжылып, қатты жылап жатқанымда асылдың тұяғы бауырым он жасар Әлішер: «Жансая апа жыламашы, өтінемін, сен ақылы оқуға түсе бер, мен оқу ақысын алюминий сым жинап тапсырып, жылтыр тас жинап тапсырып ақшасын сенің оқуына өзім төлеймін» деген болатын. «Сәби – періште» деп қазақ атамыз бекер айтпаған. Бәлкім бала көңілінің пәктігі, ақ, кіршіксіз ниеті болар 2008 жылы облыс әкімі Елеусін Сағындықов атындағы оқу грантын 200 студенттің арсынан жеңіп алдым. Бұл да менің дара жолым. Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институтының филология факультетін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің бакалавры мамандығын алдым. Студенттік өмірім- өмірімдегі ең бақытты кезең. Киелі білім ордасында жақсы- жақсы оқытушылардан тәлім алдым. Кәсіби маман ретінде қалыптасып, шыңдалуыма Институт ректоры - Ғалымжан Нұрышов, филология факультететінің деканы- Серік Бермағанбетұлы сынды көптеген оқытушылардың тигізген септігі мол. Серік ағай -асқар таудай әкеміздей боп, біз үшін біз үшін қайталанбас ірі тұлға. Аллаға шүкір осындай сауатты аға оқытушылардың, профессорлардың рухани білімінен сусындау мен үшін қайталанбас ұлы бақ, зор бақыт. Институт атынан шыққан «Үркер» журналына жиі өлеңдерім жарияланып тұрды. Тырнақ алды еңбегім «Тілек» атты өлеңдер жинағы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Мәртөк ауданы, Вознесеновск орта мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып жүргенімде жарық көрді. Сол кезде мектеп директоры болған Кулиш Михаил Петровичтің менің педагогикалық тәрбиеленуіме, маман ретінде өзімді кәсіби тұрғыдан көрсете білуіме қосқан үлесі мол. Рухани бағыт берушім еді шіркін. Бұл менің қазақ тілі маманы ретіндегі дара жолым. «Ең үздік тіл маманы» номинациясымен марапатталуым – бойымызға қасиетті ана сүтімен дарыған ана тіліміздің асқақтауына қосқан үлесім еді.Өмір заңы бойынша тұрмысқа шығып отбасын құрдым. Аллаға шүкір. Құдай қосқан жолдасыммен аяулы қызымызды, алтын асықтай ұлымызды тәрбиелеп отырмыз. Бұл да менің отбасылық өмірдегі дара жолым.«Өмір – теңіз, бір орында тұрмайды» емес пе? №17 «Шұғыла» МДҰ қазақ тілі мұғалімі қызметін атқарып жүргенімде жастық жалынмен қалалық «Бала тілі- бал» байқауына баланы жарысқа дайындап,Бірінші орын алғанымыз әлі есімнен кетер емес!6 жасар баланың жерден бір тиінді алып, «...Баю үшін алғаным жоқ мен оны, мен көтердім Елтаңбасын елімнің» деп Айбатыр Сейдатовтың өлеңін сезіммен мәнерлеп, түсініп оқуының өзі менің паттриоттық тәрбиеге қосқан үлесім деп білемін. Тіл жанашыры ретінде мен үшін тәрбиедегі ерекше жол десем артық болмас.Бір қызығы сол оқу бітіргелі тек оқыту тілі орыс тілінде жүргізілетін топтарда ғана қазақ тілінен сабақ беріппін. «Армансыз адам- қанатсыз құспен тең!» арманым қазақтың қара баласына сабақ беру еді. Ана тіліміздің құдіретін түсіндіргім келген. Армандар орындалады деген рас екен. № 38 қазақ орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті маманы ретінде жұмысқа кірдім. Қазақ сыныптарына, қазақтың қара домалақ балаларына қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен инновациялық технологияларды қолдану арқылы сабақ жүргіздім.Оқушыларым да түрлі жарыстардын жүлделі орындар алды. «Ақтөбе өңірінің ақын жазушылары» атты факультативтік бағдарлама жазып, тәжірибемді толықтырдым. 2014 жылы білімімді шыңдап, оқытудың Кемридждік бағдарламасын бітіріп тағы да өзгелерден даралана түстім.Көптің қолы жете бермейтін бұл үш айлық курстың менің педагогикалық тәжірибемдегі алар орны ерекше.Бойымдағы шығармашылық қасиетім- кәсіби мамандығыма шуағын шашып қиялымды шабыттандыра түсті. «Қайтқан істің қайыры бар» демей ме қазақ атамыз. Қайтадан қазіргі таңда № 17 «Шұғыла» МДҰ қазақ тілі маманы ретінде қызметкетке тұрдым. Оқыту мен оқудағы инновациялық технологияларды қолданып, өз ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде қолданып, тәжірибе алмасып, түрлі халықаралық, республикалық, қалалық конференциялардың белсенді қатысушысымын. 2018жыл қараша айының 17-18 жұлдызы аралығында «Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жас өспірімдерге білім берудің өзекті мәселелері мен инновациялық тәсілдері» тақырыбындағы бірінші ашық Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын да «ерекше қажеттілігі бар балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы тренингтердің маңызы» тақырыбында сөз сөйлеп, криотерапия технологиясы бойынша шебер класс өткізіп, кәсіби тұрғыда өз ойыммен бөліскенім үшін «Ең үздік мақала» номинациясын жеңіп алып, дипломмен марапатталдым. Кешегі 2- наурызда «Қазіргі заман талабына білім беру мен тәрбие жүйесінің перспективаларын қалыптастыру және жетілдіру» атты оқытушылармен мұғалімдерге арналған ІІ Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясының үздік баяндамам үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.Аллаға сансыз шүкірлік айтам, маған осындай сана бергеніне, ой бергеніне, мамандық бергеніне. Мен мамандығымды сүйемін және осы педагогика тәрбие ісі саласында жұмыс жасағаным үшін бақыттымын. Әлі де асар асуым, барар белестерім көп. Сұлу сөз шебері Мұхтар Шаханов: «...Ғашық көңіл- мәңгі жасыл айдын көл, Ғашықтықпен өткен күндер ғана –өмір, Ал қалғаны- жай күндер... » - деген.Мен өзімнің мамандығыма ғашықпын. Әрбір өткен күнімді жай ғана емес,ерекше қылғым келеді, Алла бұйыртса қыламын да.Міне, менің педжогогикалық дара жолым осындай!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!