400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

эссе "Менің сүйікті ұстазым"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстазға деген алғысымды білдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің сүйікті ұстазым

Менің түсінігімде ұстаз рухы таза, ой өрісі биік, ұлты мен Отананының болашағы үшін тер төгіп, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпаққа жаратып, жүрегі - жылы, көңілі –дархан адам. Жер бетіндегі барлық адамдар, дәрігер де, ұшқыштар да, тіпті елбасы да ұстаздардан сабақ алған. Бұл мамандық содан да киелі. «Ұстаз болу- өз уақытын аямау, басқаның бақытын аялау» деген әжемнің жиі айтатын нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, ақ тілеулі ана, барлық шәкірт бойынан жақсылық іздеуші жан. Олай дейтінім өзімнің бастауыш сыныпта сабақ берген Абдраманова Гүлайым апкейім, қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін және сынып жетекшім Абдрасилова Гүлназ апкей біздің бойымыздан әрқашан жақсылық іздеп тұрады. Біздің жетістіктерімізге қуанып, сәл бұзық болсақ, үй тапсырмасын орындамай келсек ренжитін. Қандай да бір аудандық, облыстық, енді республикалық конкрустарға қатысуға жол көрсетіп отырады. Әрқашан біздің жеңімпаз болып, білімімізді көрсеткісі келеді және еліміздің өркендеп өсуіне, дамуына үлес қосатындай азаматша болғанымызды қалайды. Шәкірті өзінен озған ұстаз –еңбегі ақталған ұстаз.

Шыны керек, ұстаз ғалымның да, батырдың да, ақынның да білімін үйрететін, төзіммен түлететін адал жан. Оның еңбегі әлемдегі қаншама сұлулық пен жылулыққа да тең. Шабытты шәкірттің санасын шарықтататын, бұлақ көрсе көзін ашатын, әлемге білімнің нұрын шашатын- ұстаз. Ай астындағы айбынды да аяулы, жер үстіндегі жәннатым да жерұйығым –ұстаз деген керемет теңеулерді де оқып жүрмін. Мен ұстаздардың өзі ұстаздардан дәріс алғанын ойлап, тереңнен толғанып қарасам, алма-кезек дәуреннің құндылығы осында жатқандай. «Мектеп кеме- білім теңіз» дейді дана қазақ. Иә, адамның тірегі –қаңқа болса, мектептің тірегі ол - ұстаз. Ой елегінен өткізетін болсақ тәуелсіз еліміздің болашағын ойлар ақылды да айбатты, елін, атамекенін, туған жерін сыйлайтын патриот азаматты жетілдіруде ұстаздың орны бөлек, зор екені баршамызға аян. Болашақта мен де мұғалім мамандығын таңдағым келеді Оған себеп өзіме бағыт беріп, жол көрсеткен мектебіміздің ұстаздары. Мен өзім осы екі ұстаздың берген бағытымен көптеген байқаулардың жеңімпазы болып отырмын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстаз еңбегінің қыр сыры мол екенін қазірден түсінемін, шығармашылық еңбек екенін мойындаймын, және әрқашан бас иіп өтемін. Болашақта ұстаздарым берген бағытпен жол табамын







№

Аудан атаулары

Жамбыл ауданы

1

Білім беру ұйымдарының атаулары

Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі

2

Қатысушының аты-жөні

Өмірбек Гүлнияз Темірбекқызы

3

Қатысушының туылған күні, айы, жылы

13.03.2007ж

4

Тұрғылықты мекен - жайы

Жамбыл ауданы, Ерназар ауылы, Әбдіхайым көшесі №3

5

Байланыс телефоны

87713357257

6

Сыныбы

7 «Б»

7

Оқыту тілі

Қазақ

8

Жетекшілік еткен мұғалімнің тегі, аты, әкесінің аты

Абдрасилова Гульназ Ауганбаевна

9

Қызмет орны, лауазымы

Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

10

Эссе жұмысының тақырыбы

Менің сүйікті ұстазым

11

Жетекшінің мобильді телефонының номері, электронды поштасы

87778764009

abdrasilova_80@mail.ru



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
1482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі