400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЭССЕ МЕНІҢ СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ 3-СЫНЫП

Материал туралы қысқаша түсінік
АШЫҚ САБАҚТАРДА МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚАЖЕТ ДЕП ОЙЛАЙМЫН
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылы

32 В.В Маяковский атындағы орта мектеп





Эссе

Тақырыбы: Менің сүйікті ұстазым



Орындаған : 3 «А» сынып оқушысы Қайпбай Асия

Сынып жетекшісі: Джунусова Рысхан Құлтайқызы























«Менің сүйікті ұстазым»

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

өйткені мұғалім- мектептің жүрегі».

Ыбырай Алтынсарин.



Ұстаз! Осы бір мол сөздің өзінде қаншама теңіздің тереңдігіндей,таудың биіктігіндей қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз туралы ойласам ,көз алдымнан ақ жарқын мінезді,ақ жүректі,жылы жүзді ұстаз бейнесін көремін.

Ұстаз бейнесі- шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі.Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп,нұр құятын қуаттың,өмірдің қайнар көзі.Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы.Ұстаз өзінің бар күшін,бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.Ұстаз күн сәулесіндегі сөнбейтін білімді,тасқа қашалып жазылған таңбадай өшпейтін тәрбиесімен аялайды.Ғылым мен білім қуған данышпандар,қарапайым еңбеккерлер,ақын мен жазушылар,тіптен арман қуған жеткіншекте,бәрі-бәрі бір адамға қарыздар екенін білдім.Ол ұстаз екен.Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам бар.Ол алғашқы ұстаз.

Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған,қолымнан жетектеп партаға отырғызып,алғаш әріпті үйреткен, менің ең сүйікті , ең алғашқы ұстазым-ол менің сынып жетекшім. Менің апайым ешкімге ұқсамайтын еңбекқор,білімді,мейірімді жан.Тіптен оның шашы,киген киімі,сөйлеген сөзі мәдениетті,өте сүйкімді адам.Ол бәрімізді өз баласындай көріп ақыл айтып,көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше.Мен алғашқы ұстазымды екінші анам деп санаймын,қадірлеймін.Себебі,ол өзіңін шәкірттеріне «күнім», «боталарым» деп күлімдеп қарсы алады.

«Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» демекші, мен біздің алтын ұямызда апайдың ұлы мұғалімдердің бірі болғанын мақтан тұтамын. Апайымның нұрлы бейнесі, әрбір салиқалы сөзі, раушан реңі,жан үйірген жұпары,сырғалы ойы,қызғалдақ сезімі,мол бедерлі есімі мәңгі жарқырап сөнбейтін нұрлы сәуледей жүрегімде мәңгі сақтала береді.










































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.12.2018
3414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі