Материалдар / Эссе Мұғалім мамандығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе Мұғалім мамандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім мамандығы жайлы эссе.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2024
763
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты,шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. В.А.Сухомлинский

Мұғалім- адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық. Бүгінгі дамыған, жаңа технологиялық бағыт өрістеген уақытта жаңаша ойлау, оқыту мен тәрбиені ізгілендіру бағытын ұстану- кез келген мұғалімнің басты мақсаттарының бірі. Мұғалімнің қызметі өте күрделі әрі көп салалы.Бүгінгі таңда мұғалімдік қызмет менің жан-жақты білімді,педагогикалық шеберлікті, адами қасиет, табанды ерік-жігерді,парасатты мінез –құлық пен ұстамдылықты талап етеді. «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді»,-деген екен өркениет философы атанған әл-Фараби. Жаңғыру жолындағы жас маман ретінде өзім көптеген білікті ұстаздардан, курстардан өтіп, үнемі ізденіс үстіндемін. Ізденіс мені шексіз шығармашылық әлеміне жетелейді. Жаңаша оқыту-еліміздің барлық ұстаздарын толғандырып отырған басты мәселе. Жаңаша оқыту мені қандай жетістікке жеткізбек? Сол білімімді жетілдіре жүріп, өз ісін сүйетін мұғалім адамды, оқушысын тани біліп,өте епті,сезгіш, шыдамды, сергек болу керек екенін түсіндім.Жаңғыру жолында нәтижеге апаратын басты жол-мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы, бірін-бірі сыйлау,сенімді сезімін тудыратын ұстанымы. Менің өзіме қояр талабым өз оқушыңа сен, әр оқушыны жеке тұлға ретінде сыйла, бірақ оларға талап қоя біл, олармен қуаныш пен қайғыны шынайы бөліс. Өзіңе талап қой, шыдамдылық таныт, олардың бойынан жақсы қасиеттерін ізде, оқушыларды жақсы іске ұмтылдыр, танымдық кабілетін дамыт, өз оқушыңа өзін мақтауға мүмкіндік бер. Балалық шақ - бала жүрегінен мәңгілік орын алатын таңғажайып әлем, болашаққа жетелейтін жарық нұр болса, ал ол ертең бала, ұрпақ үшін қандай болмақ? Осы сұрақтардың жауабын табатын жан-мұғалім.Мұғалім өмірінің мәні-оқушыда. Мен –жаңғыру жолында болашақ ұрпақты биік белестерге ұмтылуға бағыт-бағдар беретін мұғаліммін. Менің таңдаған мамандығым бүкіл өмірімнің мән-мағынасы болып табылады. Менің мақсатым-әр балаға өмірдегі өз орнын табуға,бойындағы қабілетін ашуға көмектесу. Мен әр баланың өзгеге еліктемей,өзіндік қайталанбас жеке тұлғасын сақтап қалуына көмек беремін. Менің ұстанатын қағидам – баланы өзіне сене білуге үйрету. Өз пәнім мені әрқашанда ойландырады . Ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде мен ең бірінші оқушыларма не үйретемін? Оларды нендей жетістікке жетелей аламын? «Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-дейді көрнекті жазушы Ж.Аймауытов. Оқушыларыма ағылшын тілін үйрете отырып, алдымен оларға өз ана тілін құрметтеуге, ұлтымыздың рухани құндылықтарын дәріптей білуге үйретемін. Менің алға қойған мақсатым: сөз құдіретін меңгерту, туған тілі мен әдебиетін сүйетін, оның бүгіні мен келешегін ойлайтын азамат,дана бабаларымыз өсиет еткен сөз өнерін қастерлей білуге тәрбиелеу.Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында оқушыларыма ағылшын тілін меңгерте отырып, еліміздің көрікті де көркем, тарихи шежіреге толы қасиетті елді мекендер туралы,мәдениетіміз туралы сыр шерте отырып, олардың тілді еркін меңгеріп кетуіне мүмкіндік беремін. Оқушыларым ағылшын тілінде өз туған елі туралы еркін әңгімелеп тұруы мен үшін үлкен бақыт. Сабақ-пікір алмасу, шындықты іздеу, қиыншылық пен қуаныш, жеңіс пен жеңіліс уақыты. Сабақ-жаңа бір нәрсе ашуға ұмтылдыруға мүмкіндік беретін әлем. Ізденгіш мұғалімге кез келген сабақ шексіз шығармашылыққа жол ашады. Сол сабақта жаңа шығармашылық ізденістер пайда болады. Мұғалімнің педагогикалық шығармашылығы сол бұлақтан бастау алады. Қай ғасырда болмасын даналар, ойшылдар тәрбие мен білім беруге ерекше мән берген. Бір дана мұғалімдерге: «Балалардың жанына адамгершілік дәнін себе біліңдер және оның қашан өсіп-өнетінін күтпеңдер. Күндердің күнінде өз жемістеріңнің нәтижесін көресіңдер» деп өсиет еткен екен. «Мұғалім» деген сөзді «шәкірт» деген сөзсіз елестету мүмкін емес. Ежелгі грек философы Сократ мұғалімді жаңбыр тамшысына теңеген екен. Нұрлы жаңбыр тамшысы жердегі әр тіршілікке нәр берсе, мұғалім ретінде мен өз оқушыларымның бойынан дарындылығын танып,оны аша білуге ұмтыламын. Әрқашан өз шәкірттерімнің талай белестерді бағындырып жүретін жеңістерін мақтан етіп жүремін,олар жеткен табыстармен мақтанамын, олардың болашақта да түрлі білім сайыстарында жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстанның көз қуанышы бола беретіне сенемін. Осының барлығы маған қанат бітіреді, күш сыйлайды. Жан-жағымда қаумалаған оқушыларым тұрғанында жүрегім қуанышқа толады. Оқушыларымның кішкентай жүректеріне қызмет ету- өмірімдегі қияға қанат қақтырар үлкен шың.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!