Эссе "Мұғалімнің кәсіби дамуы- жетістікке жету жолы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Мұғалімнің кәсіби дамуы- жетістікке жету жолы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім мен тәрбие әрқашан күн тәртібіндегі басты өзекті мәселе болып келгендігі баршамызға белгілі. Қазір заман өзгерді, талап өзгерді. Бүгінгі бала-ертеңгі ел болашағы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе


Мұғалімнің кәсіби дамуы- жетістікке жету жолы.


Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше

үлес қосу – әрқайсымыздың міндетіміз.»

Ы.Алтынсарин


Білім мен тәрбие әрқашан күн тәртібіндегі басты өзекті мәселе болып келгендігі баршамызға белгілі. Қазір заман өзгерді, талап өзгерді. Бүгінгі бала-ертеңгі ел болашағы. Ондай болса,білім деңгейімен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеу ұстаздардың басты міндеттері екендігін ұмытпауымыз қажет. Белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады» деген сөз өте тамаша айтылған сөз. Болдым, оқыдым, толдым деп бір сарында отыра берсе, онда ұстаз еңбегінің сөнгені. Сол еңбектің сөнуіне жол бермес үшін мұғалім үнемі қозғалыста, үздіксіз дамуда болуы шарт. Әр ұстаз білім жетілдіру курстарына барып, өз білімін шыңдап отыруы абзал. Мұғалімнің кәсіби дамуы - оның жетістікке жетуінің алғашқы баспалдағы болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда мен өзімді үнемі ізденістегі, даму жолындағы ұстазбын деп айта аламын. Педагогикалық тәжірибемді жинақтау мақсатында, қажеттілікті арттыру негізінде мен III деңгей бағдарламасы бойынша дәріс алып, оқу мен оқытуда жаңа көзқарастарға, тың идеяларға ие болдым. III деңгей бағдарламасын оқып, танысқан соң бар түйгенім: мақсаты да, нәтижесі де тек оқушыға ғана арналғанын түсіндім. Өзімнің де, оқушымның да ашылмаған қырлары бар екенін, осы бағдарлама соған бастау болатынын сараладым. Қазіргі таңда елбасымыздың үштұғырлы тіл идеясын жүзеге асыру мақсатында үш тілде оқыту бағдарламасы аясында биология, химия, информатика, физика пәндері мұғалімдерінің тілдік біліктіліктерін арттыру курсында оқып жатырмын. Үштілділік - жарқын болашақ. Үштілділікті қолдау, соның ішінде ағылшын тілін үйреніп, ағылшынша өмір сүру емес. Керісінше, оқушыларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру. Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген «Мәңгілік елге» айналуымыз қажет. Сындарлы ойлай білетін, өзіндік нық сенімі бар жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы әрқашанда кәсіби дамуымызды тоқтатпауымыз керек. Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Сұлушаш Керімқұлованың видео дәрісінде сөйлеген сөзінде «Бүкіл оқу үдерісінің темірқазығы мұғалім. Мұғалім ғана қазіргі кезде орта мектепте енгізіліп жатқан барлық жаңалықтарда іске асырушы негізгі фигура болып табылады» , деп айтқандай, біз – басты фигурамыз, өйткені еліміздің болашағы, қазіргі кезде өтіп жатқан барлық реформалардың табысты болуы тек біздің қолымызда деп айтқым келеді.

Біз, барлық мұғалімдер жұмыла кірісіп, әрқайсымыз осындай білім мазмұнын жаңарту негізінде оқушы санасына білім құя білсек, біздің еліміз нашар болуы мүмкін емес. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақта отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын фасилитатор ұстаз болуға ұмтылыс жасайық. Кез келген білім бағдарламасының табысты болуы біздерге, ұстаздар қауымына байланысты екенін ұмытпайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.06.2019
4615
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі