Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Мұғалімнің қазіргі қоғамдағы мәртебесі.Серденбаева У.С

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық ұстаздар қауымына көмегін тигізеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімі №29 жалпы білім беретін мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Серденбаева Умуткуль Сапаровна



Эссе

«Мұғалімнің қазіргі қоғамдағы мәртебесі»


Мен мұғалім ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім де сол жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, оқушылармен дұрыс қарым- қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған. Менің бойымдағы баланы жақсы көру жасаңдылық емес, бұл менің табиғатымнан берілген қасиет. Оқушыларға сезіммен қараймын, әрқашан мейірімді, төзімді болуға және оларға құрметпен қарауға тырысамын. Ал, енді өзім жетекшілік ететін сынып оқушыларыммен қарым-қатынасым ол тіптен ерекше. Сынып оқушыларымның ата-аналарымен де тығыз байланыста боламын. Сынып оқушыларының ата-аналары бала тәрбиесіндегі ортақ мақсатты түсінген, сондықтан олармен жұмыс істеу маған жеңіл.

Бүгінгі күні қоғамда мұғалім мәртебесі туралы әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Білім мазмұнының өзгеруіне байланысты, мұғалімге деген көзқарас та, талап та өзгеруде. Мұғалімдердің атына түрлі өкпе, реніштердің айтылу себебі, көбіне олардың біліктілігінің төмендігі, оқушылар арасындағы қарым-қатынасы туралы айтылады. Бұл жерде осы кемшіліктер қандай себептерге байланысты туындауда? деген сұрақ пайда болады. Біріншіден жоғары оқу орнын бітірген жастардың мектепте жұмыс істегісі келмейтіні. Ал екіншіден жоғары оқу орындары әлі күнге дейін дәстүрлі түрде білім беруде. Сондықтан тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке тұрғыдан да, кәсіби тұрғыдан да бірдей көрсеткіштерге ие болып отыр. Ол үшін болашақ ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру болса, әрбір мұғалім өзінің біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, қоғамның дамуымен бірге мұғалімнің білімі де жаңарып, толықтырылып отыру мақсатында түрлі семинарлар мен кеңестерге қатысып тұруы керек. Сонда ғана кәсіби біліктілігі жоғары мұғалім жас ұрпақты қоғамның болашақ азаматы ретінде тәрбиелеп, оларға сапалы білім беріп, өзіне қатысты жұмыстарды атқара алады. Ендеше мұғалім мәртебесін көтеретін – мұғалімнің өзі ғана. Кәсіби жақтан жоғары білімді, өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын жаңашыл, жаңалыққа жақын мұғалім ғана қоғамда жоғары мәртебеге ие бола алады. Қорыта айтқанда, мұғалімнің басты қызметі қоғамға сай білімді, тәрбиелі, еліне қызмет ететін жақсы азамат қалыптастыру. Ал, мұғалімнің негізгі міндеті – қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту.

Мен өзім жұмыс істеп жүрген мектебімді – өз үйімдей, өзім сабақ беретін оқушыларымды – өз балаларымдай, бірге қызметтес болып жүрген ұстаздарды өз туыстарымдай өте жақсы көремін десем артық айтқаным емес. Егер мамандық қайта таңдау қажет болса, мен осы ұстаздық мамандықты ойланбастан тағы да таңдар едім. Басқа мамандық туралы бала кезден бастап ойыма да кіріп шықпапты. Қоғам үшін өзімді жауапты санаудан артық бақыт бола ма? Адам өмірінде мамандық таңдаудан қателеспеу керек деген сөз бар ғой, ол шындық екен. Жұмысыңа аңсап бару, қуанып қайту, өзіңнің не бітіргеніңді, енді не істейтініңді білу, бұл – мамандығын сүйген адамның ісі. Ұстаз қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өміріндегі ең ұмытылмас сәттер - ол мектепте өткізген уақыт болып қалатыны рас. Мектеп -білім айдыныдағы үлкен кеме. Ал, мұғалім осы қоғамдық орында баламен, ата-анамен ынтымақтаса байланыста жұмыс жасайтын негізгі адам. Жақсы қасиеттерді болашақ ұрпақтарымыздың бойынан көргіміз келсе, олардың табыстарына таңдай қаққымыз келсе, ұстаз қауымы қара терімізді ағызып аянбай еңбек етуіміз қажет деп ойлаймын.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
356
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12