Ізгі педагог Шәкәрім Құдайбердіұлының адамгершілік өмір салты және оның «Мұтылғанның өмірі» поэмасынан алған әсерім жайлы.
Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы, №36 орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ерназарова Жулдыз Есенбаевна
Тарихта ұлы Абайдан дәріс алып, тәрбие көру бақыты философ – ойшыл Шәкәрім атамызға бұйырса керек. Әрине, ақындық жолын таңдаған қазақтың марғасқа жыршы, ақындары ұлы Абай ізін жалғаушылар болып табылады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы жастайынан жетім қалып, аталас ағасы Абай тәрбиесін көрген ойшыл, философ ақын. Қараңғы, көкірек көзі ашыла қоймаған ХІХ ғасыр қазақ қоғамы Шәкәрім атамызды былай қойғанда, «Қазақтың бас ақыны» Абай атамыздың да сырлы жырларын түсіне қоймады. Оны түсінген ойшыл шәкірт өз бетімен ізденіп, қара қаламды жанына серік етеді.
Ғалымның дамымай тұрған сәтінде аударма ісі арқылы психология, философия, тарих, сопылық бағытта бірнеше туынды жарыққа шығарды. Шығармалары махаббат, табиғат лирикаларына толы. Қай шығармасын алсақ та, ақынның рухани жан тазалығын байқаймыз. Өз өмірінің естелігі ретінде жазған автобиографиялық туындысы – «Мұтылғанның өмірі» өлеңі. Өлеңді оқи отырып, ақын өміріне көз жүгіртіп қайтасың. Балалық кезеңнен қарттық шаққа дейінгі өмірінен бір ауыз өлеңге сыйдырған. Өзіне сыпайы көзбен қараған. Жастық шағын Абай ағасының жанында өткізгенін:
«Ардақты, Кенже, жетім деп,
Әлпештеді мені көп» - , деп жырлайды.
Бетінен қақпай, бойындағы қабілетін дамытқан, ағасына деген ризашылығын риясыз білдіреді.
Оқу-білім білгенін еліне, ағарту ісіне арнағысы келіп, «надандық құрсауындағы» халықты арашалағысы келіп, болыстық қызметке тағайындалады. Алайда, ақын жанын түсінер қоғам болмады. Сол кезде, қазақтардағы әділетсіздікті, көреалмаушылықты ашына жырлайды. Болыс болып, ел билеп халқын ағартам деген азаматтың жігері құм болады.
Ел билеу ісімен жүргенде өлең өмірі бір сәт тоқтап қалғандай болды. Ғылым саласы жолға қойылған Еуропа қоғамы психология ғылымына ден қойған сәтте Шәкәрім Құдайбердіұлы осы салаға қалам тартты. Адам жаны, мінез-құлық, ерік, жігер, ақыл-ой туралы ой түйіндей келе, «Жан жыры» атты психологиялық туындысын дүниеге әкелгенін де осы өлеңнен аңғаруға болады. «Жан сыры деп жазылған психология деген пән» - деп атап өткен.
Ғылым, білім иесі әлі бара қоймаған замандастарының қылықтарын дөп басып, ашына жырлайды. Рушылдық, молдалық бағыттағы сол қоғамнан көре отырып, сыни бағытта жырына қосады. Ел арасындағы рулық тартысты шешу мақсатында шежіре жиып, «Қазақ шежіресін» дүнеге әкеледі. Шәкәрім атамыздың дінмен жұлдызы жараса қоймады. Құдай бар деп сенгенімен,
«Талай дінді тексердім,
Ешбірі миға сыйған жоқ» -, деуі тегін емес.
Халық арасында іріткі салған Ақтар мен Қызылдар қырғынын көзімен көріп, азаматтық ой білдіре білген ақын жолын бұрмалап, сыртыннан сөйлеп адастырғандарға да назалы Революция таңып қуана қарсы алған. Ел басына күн туға сәтте ақын кім ақ, кім қарасын ажырата алмай қиналады. Ақыры бәрінен қол үзіп, өзінің «саят қарасына» барып, шығармашылықты қолға алады.
«Алжыды» - деп ел де айтты,
«Діншіл» бұзды деп деп малда айтты.
«Ескішіл» деп ол да айтты,
Жалғыз қалдым жаладан, - деп бұл қоғамнан баз кешеді. Міне, осы бір өлеңнен-ақ ақын туралы біраз мәлімет алуға болады. Бәрінен көңілі қалып жол соңын былай түйіндейді:
Жаралы жаным шықсын деп,
Қара жер мені жұтсын деп.
Өлген соң елім мұтсын деп,
Атымды қойдым Мұтылған.
Ақыры өз елінен жырақтап, ғылымға ден қоюды мақсат тұтқан ойшыл ақын арандатушылардың арбауына тағы да түседі. 1931 жылы қоңыр, сұрғылт сары күз. Бейне бір бәрінен баз кешкен ақын жанын суреттеп тұрғандай. Ел атасы атанар тұста елінен саят кету ешбір жанға оңай түспес. Аудан орталығына жалған ақпаратпен шақыртып, ақын өмірін бір оқпен шеше салады.
Бағасын, қадірін кейін түсінетін халық бір арыстан айырылғанын кеш түсінеді.
«Мұтылғанның өмірі» арқылы оқушыларды рухани жан дүниенің тазалығына тәрбиелеуге болады. Жетімдікке қажымай, ел арасындағы алауыздықтың зардабын тартса да қажымаған тұлға болашақ ұрпаққа үлгі болары хақ. Осы шығарманы оқи отырып, заманның шындығын көрдім. Оқушыларға «заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегім келеді. Шығарманың біздер үшін тәрбиелік те, өмілік те мәні өте зор. Мен осы шығармашылығы арқылы тағдырға қарсы келмеуге, әр іске адал болуға, басыңа не іс түссе де сезімге бой алдырмауға өз бойымды үйретемін. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын меңгерте отырып, баланың бойына, жүрегіне рухани білімді, жылулықты сезіңдіре аламыз. Әрбір бала Шәкәрімнің өлеңдерін оқып, жүрегіне тоқып сусындап өсуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна» 2010 -190-203б.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/referat/140-mamyr.html
© www.ZHARAR.com
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе. Мұтылғанның өмірі.

шағым қалдыра аласыз