ЭССЕ "Неліктен мұғалімге академиялық адал болу маңызды?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭССЕ "Неліктен мұғалімге академиялық адал болу маңызды?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестация тапсырушы педагогтерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Неліктен мұғалімге академиялық адал болу маңызды?


Өткен ХХ ғасырдың басында алаштың ардақты ұлдарының бірі Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп, сол кезде-ақ мұғалім мәртебесін жоғары көтеріп, тұғырына қондырып-ақ кеткен екен. Осы сөзден кейін мұғалімге деген құрмет ата-бабаларымыздан қалған өсиет екеніне көз жеткізуге болады.

Балада дағдылардың, жауапкершіліктің қалыптасуы бала кезден-ақ ұстаз бойынан беріледі. Ұстаз балаға оң талап қоя біліп, дағдылар қалыптастыратын болса, бала алдағы өмірінде көп жетістіктерге жете алады. Өмірдің өзі үйренуден тұрады. Адам өмір бойы үйренеді. Қай сала болмасын, оны үйрететін адам – мұғалім. Кез келген адам, кез келген маман иесінің бәрі де мұғалімнің алдынан өтеді. Сол себепті де ұстаздар балаларға үлгі болуы керек. Мұғалімдеріміздің бойынан барлық жақсы қасиеттерді көре отырып, әрине олардың тек қана бос сөз емес, ісімен де көрсеткені адал. Кез келген жағдайда әділдік жағына шығып, парасаттылығы мен адалдығын оқушы алдында көрсете білуі тиіс. Осындай игі істері өскелең баланың есінде сақталып қалады. Бұл баланың алдағы болашақ өміріне де себебін тигізеді.

Адам - адал болуы үшін, ең алдымен ақыл керек. Ақылды бола тұра ол әділ де парасатты бола алады.

Құранда да «кімге даналық берілсе, ол шындығында көптеген жақсылыққа қол жеткізген болып саналады» деп осы ақиқатқа ерекше назар аударылған.  

Академиялық адалдық– бұл педагогтің бетке ұстар адалдығы. Педагог акдемиялық адал болса, ол өз ісіне, отбасында , барлық жерлерде адалдықтан аттамайды деген сөз. Мұғалім ғылыми іспен айналысып, үнемі ізденіс жолында болғандықтан, жолында көптеген жағдайлар кездеседі: жеке жұмыс орындау, бейтаныс адамның зияткерлік еңбегіне құрметпен қарау және көшіріп алу, бөгде адамның зияткерлік меншігін иелену, білімді қорытынды бақылау тапсырмалары туралы ақпаратты заңсыз беру, бір жұмысты бағаланатын тапсырмалардың әртүрлі түрлеріне ұсыну, анық емес деректерді ұсыну және тәртіпсіз академиялық мінез-құлықтың өзге де әрекеттерін жасау. Осы аталған іс-әрекеттерде адалдық таныту, өзге теріс іс-әрекеттерден бас тарту - парасаттылық, адалдық пен жауапты мінез-құлықты қамтиды.

ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры. Сол себепті қазіргі заманауи мұғалімдерге қойылатын талап өзгеше. Қазіргі заманауи ұстаздар тек бала оқытумен шектеліп қана қоймай, оқушыны шабыттандырып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, өздері де үнемі оқып, өз білімдерін жетілдіріп отырады. Өз тәжірибелерінде жаңа технологияларды пайдаланып, оқушының қызығушылығын тудырады. Әрбір шәкіртінің жүрегінің үміт отын тұтатып, алдағы өміріне бағыт-бағдар береді. Өмірдегі өз орнын таба білген шәкірт ойында мұғалім деген тұлға мәңгілік адал, шыншыл, әділ ұстаз болып сақталып қалса, қоғамымыз үшін де үлкен іс. Оны көріп-өскен баланың ұстазынан алары көп болады.

Мұғалім болу-өмірлік маңызы бар жауапты мамандық, ол алдындағы шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан, мейірімді жан. Адам баласы ата-анасынан өмір алса, мұғалімнен өмірін жақсы өткізуге білім және тәрбие алады. Сол біліммен болашақта жақсы өмір сүру керектігін мұғалім үйретеді. Мұғалім- әр кезде мұғалім бола алады, жалпы өмірде де, қиындықта да мұғалім болып қала бермек. Сондықтан да мұғалім мамандығы өмірдегі өшпейтін мамандық. Осы өшпейтін мамандықтың еңбегін адал атқарып жүрген мұғалімдерді мақтанышпен айта алатындай болайық, ағайын.

Шындық, сенім, құрмет, әділдік және жауапкершілік сақтау- қазіргі мұғалімдерден талап етілетін қарапайым академиялық адалдықтың қағидаттарының түрлері. Бұл қағидаттарды ешкім қадағаламаған және бақыламаған кезде де ұстану керек. Әрбір ұстаз өз қызметінде моральдық және этикалық шешімдер қабылдауға көмектесетін өзінің академиялық ережелері мен адалдық нормаларын белгілегені дұрыс, сонда ғана академиялық адалдық сақталады . Ол үнемі бақылауды қажет етпейтін, өзінің ар-ұжданы алдындағы тазалық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі