ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Түркістан облысы, Қазығұрт
ауданы
Мамандандырылған «Дарын»
мектеп-интернаты
ЭССЕ
ТАҚЫРЫБЫ: Педагог
қызметкер
Тәрбиеші: Ағабекова
З.А
Қазығұрт 2019ж
Педагог қызметкер
ҚР Білім беру заңының 7 тарау,
50-бабында: білім беру ұйымдарында, білім беру бағдарламаларын іске
асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен
айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады, - делінген.
Бүгінгі таңда, еліміздің жаһандану үдерісінде қосыла енуіне
байланысты, оның әсерінен білімді қайта жаңғырту мақсатында
андрогогиканың дамуына байланысты, есі кірген баладан қарт адамға
дейін білім алып немесе қайталап, толықтырып әлеуметтенуі өте
өзекті. Ал, мұндай өзекті мәселенің шешімін табушы бірінші
мемлекеттік саясат болса, негізгі орындаушылар педагог
қызметкерлер. Таным үдерісі жүріп жатқан кез келген мекемеде басты
рөлді педагог қызметкерлер алып жатады. Бала-бақшалар, мектепке
дейінгі дайындық үйірмелер, мектептер, қосымша дайындық курстары,
кәсіптік білім беру орындары, колледждер, жоғары оқу орны,
біліктілікті арттыру ұйымдары, академиялар, қайта даярлау курстары,
балалар үйі, қарттар үйі т.б. білім, таным, жетілу, даму, қамқорлық
беру орындары педагог қызметкерлердің жұмыс орындары болмақ.
Жоғарыда аталған мекемелердің барлығы да, еліміз, қоғамымыз үшін
маңызды болғандықтан, педагог қызметкерлердің мәртебесін мемлекет
мойындайды, жағдайлар жасайды.
Қазіргі таңда республикамызда,
педагогикалық қызмет пен оның мамандарының мәртебесі мәселесі
ақырындап жолға қойылуда. Соңында қаржы мәселесіне келіп тіреліп
жатады. Қызмет ауыр, жалақысы төменірек болғандықтан, көптеген
білікті, әлеуеті жоғары мамандар, басқа табысты салаға ауысып
жатады. Ал, педагогикалық қызметте көбінесе, білім деңгейі
төменірек, сырттай оқыған немесе ЖОО орнын оқымаған, жеткілікті
дәрежеде біліктілігі жоқ, және ең қиыны педагогикалық қызметте
жақсы көргендіктен емес амалдың жоғынан жүрген мамандар қалып
жатады. Мектеп бітіргенде де, жақсы оқыған оқушылар көбінесе,
қоғамда табысы мол мамандыққа қызығып түседі. Мүмкіндігі аз, орташа
оқыған оқушылар, көбіне, педагогикалық қызмет саласына, грант
болғандықтан амалсыз түсіп жатады. Бұл, анығында, педагогикалық
қызметкерлер әлеуетінің әлсіреуіне алып келеді. Бұл мәселе, педагог
қызметкердің жалақысын, мәртебесін көтерер болса ғана шешілері
анық.
Анығында, педагогикалық қызмет
саласы өте қызықты әрі дамуға мол мүмкіндігі бар сала. Педагог
қызметкер, білім басты капитал болған мемлекетте мәртебелі маман
болмақ. XXI ғасыр, білім ғасыры болғандықтан, педагог
қызметкерлердің дәурені келді дегенді ның сеніммен айта аламыз.
Өзім, педагог қызметкер саласын таңдағаныма қуанамын! Білікті
педагог қызметкер қашан да өз орнын анық тауып, қалаулы, қадірлі
маман болады!