400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Эссе "Қабылданған дұрыс шешім - менің өмірлік ұстанымым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолыма қалам алып, осы тақырыпта эссе жазу үшін, ең алдымен, өмірлік ұстаным деген не? Менің дұрыс шешім қабылдаған кездерім болды ма?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Наурызбай ауданы

«№188 метеп- гимназия» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің 9 «в» сынып оқушысы Абдуғали Аружан

Қабылданған дұрыс шешім - менің өмірлік ұстанымым


Қолыма қалам алып, осы тақырыпта эссе жазу үшін, ең алдымен, өмірлік ұстаным деген не? Менің дұрыс шешім қабылдаған кездерім болды ма? Болса, қашан? Қаншалықты ол шешім дұрыс болды? Ол өмірлік ұстанымыма сай келе ме? деген сұрақтар ойыма орала берді және сол сұрақтарға жауап іздедім.

Ұстаным деген, түсіне білген адамға, адамның бет-бейнесі мен өмірлік мұраты емес пе!? Ал өмірлік ұстаным – адам іс-әрекетінде белсенділік танытып, жеке тұлға болып қалыптасуы, яғни, оның өмірден өз орынын саналы түрде таба білуі. Ол адамның өмірге деген көзқарасы оның таңдаған мамандығына байланысты болмақ. Адамдарды ұстанымына қарап, оның қаншалықты білікті әрі парасатты екенін байқауға болады. Сондықтан дүниенің қай түкпірінде, қай ортада журсек те тәуелсіздіктің бал дәмін тату бақыты бұйырған біздер, әркез тәуелсіздігімізге тәу етіп, қол жеткізе алмай, арманда кеткен ата-бабаларымыздың рухына бас июіміз қажет. Қазақ елінің абыройын асқақтатып, елдігімізді, ерлігімізді еңбек майданында көрсете білуіміз қажет деп ойлаймын.

Қабылданған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым. «Осал деме өмірді, бұрқылдатар темірді» демекші, осал болуға біздің қақымыз жоқ. Дұрыс шешім қабылдау – өте қиын. Ол үшін жүз ойланып, мың толғанып, ойды сан-саққа жіберу керек. Адам дұрыс шешім қабылдаған кезде ақыл мен ойға ерік береді. Ол дұрыс шешім болса, өмірінің жалғасын тауып жатады.

Жапон халқында ұйқыға жатар алдында, ертеңгі күнге жеті түрлі мақсат қойып, оның орындалуына қаншама күш-жігер, ақыл-ой, уақыт жұмсайды екен. Қазақта дұрыс ой мен сана берсін деп айтады. Өмірдегі шешім қабылдау кезіндегі сана мен ақылдың түйген ойы - дұрыс шешім болып табылады. Ол өмірлік ұстанымға сай болуы керек. Менің өмірлік ұсанымым – болашақта мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдау. Мен өзімді бақытты санаймын. Менің арманым - өнер жолын қуу. Өзім қабылдаған бұл шешімім-дұрыс шешімдерімнің бірі деп ойлаймын. Өйткені мен кішкентай кезімнен бері әншілікті сүйемін. Мен де Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Тамара Асар апайларымыз сияқты мықты әншілердің бірі болуды армандаймын. Менің азаматтық ұстанымым: Отанды сүю, туған жерімді қадірлеу, тарихты бағалау, үлкендерді құрметтеу. Туған жеріме, ата-бабаларымызға деген сүйіспеншілікті сахна төрінде орындаған әндерім арқылы жеткізгім келеді.

Қазақ халқында «Алынбайтын асу жоқ» деген қанатты сөз бар. Бұл қанатты сөздің астарында ізгі ниет, адал ой ойлап, талаптанатын, еңбек еткен адамның жетпейтін жетістігі, алмайтын асуы жоқ деген ой жатыр. Сондықтан да менің қабылдаған шешімім мен ұстанымымның өзгеруі еш мүмкін емес. «Егер бір жылыңды ойласаң, дән сеп; он жылыңды ойласаң, ағаш ек; бір ғасырыңды ойласаң, жақсы адам тәрбиеле» демей ме? Мен де өмір атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнымды табуға шешім қабылдадым. Бұл – менің өмірлік ұсанымым, дұрыс қабыдаған шешімім!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1818
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі