400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. "Қашықтықтан оқыту кезінде реформаларды пайдалану тиімділігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту кезін де әр түрлі реформаларды пайдалану. Қашықтықтан оқытудың пайдасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде платформаларды тиімді пайдалану

 

Қазіргі уақытта білім алудың ілгері даму мүмкіндігі зор тәсілдерінің бірі – заманауи телекоммуникациялық технологияларды, атап айтқанда интернет желісін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қолдана отырып, қашықтан оқыту. Қашықтан оқытудың тиімділігі оған енгізілген педагогикалық мағынамен анықталады, оның түсіндірулерінің ішінде екі түрлі көзқарасты бөліп көрсету керек. Біріншісі, бүгінгі күні кеңінен таралған, қашықтықтан оқыту арқылы мұғалім мен оқушы арасында ақпарат алмасуды білдіреді.


Екінші тәсілде қашықтан оқытудың басым бағыты – қазіргі заманғы телекоммуникация құралдарының көмегімен құрылған оқушының жеке танымдылығының қызметі. Бұл тәсіл білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылының интерактивтілігін және оқу процесінің өнімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық және педагогикалық технологияларды біріктіруді көздейді. Бұл жағдайда ақпарат алмасу және жіберу оқушылардың нәтижелі білім беру қызметін ұйымдастыру үшін көмекші ортаның рөлін атқарады. Оқыту нақты уақытта синхронды түрде жүреді (чат, бейне байланыс,

Білім берудің жеке, креативті телекоммуникациялық сипаты-бұл түрдегі қашықтан оқытудың негізгі белгілері, ал оның мақсаты — қашықтағы оқушының шығармашылық өзін-өзі көрсетуі. Қашықтан оқыту интернет-білім берумен тығыз байланысты, бірақ онымен бірдей емес және ұғымдар тұрғысынан екінші – жаһандық желінің мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқытудың техникалық және технологиялық ерекшеліктерін қатаң реттейтін бірінші түрдің айырмашылығы. Осы жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты еліміздегі білім жүйесі қашықтан оқыту форматына көшті. Осы кезде ұстаздар қауымында сабақты қалай ұйымдастыруға болады, өз уақытыңды қалай дұрыс пайдалануға болады? Ата- анамен қалай тиімді байланыс жасауға болады? – деген көптеген сұрақтардың туындағаны рас.

Биылғы жаңа оқу жылына арналған жоспарлар жарияланып, бірінші тоқсан нақты қашықтан ұйымдастырылатындықтан республика бойынша білім беру ұйымдарының барлық педагогтері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Қашықтан оқытуды үйренемін» бес модульден тұратын онлайн-курсында білім алуда. Көзделген мақсаты – мұғалімдерге оқушылармен қашықтықтан жұмыс істеудің барлық қырларын үйрету және түсіндіру. Ең басты артықшылығы тыңдаушылар халықаралық stepik.org платформасына қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыру керек екені оқытылды



Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде ақпараттық технологиялар кеңінен пайдалана бастады. Қашықтықтан оқыту –ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар. Оқытуды басқарумен және өз бетімен білім алу.


Қашықтықтан оқыту кезінде оқушы мен мен мұғалім  алыстан немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау

Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы

Біріншіден. Теледидар арқылы сабақ өткізу. Бұл – тіптен жаңа формат. «Балапан», «Ел Арна»,«Қазақстан» телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды. 

Екіншіден. Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды орындауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады.

2. Төтенше жағдай кезінде біз  қашықтықтан қалай оқытамыз. Платформаларды білу және тиімдісін пайдалану. Тапсырма қалай берілуі керек. Баланың жасына сай, шағын, бірақ қызығушылығын төмендететін өте жеңіл болмауы керек. Оқушыға қойылатын талаптар азайғанымен жауапкершілік төмендемеуі керек. Әр мұғалім өзінің шәкіртінгің әлеуметтік жағдайын және интелектуалдық деңгейін білуі шарт. Кейде оқушы шамасы келіп тұрған тапсырманың жартысын ғана орындап жібереді. Ондайға жол бермеуіміз керек. Сонда ғана білімнің сапасын жоғалтпаймыз. Бұл өте маңызды. Білімленд, Дарын онлайн, Опрig.kzkz платформаларындағы электронды мәліметтерді лайықтап беру. 

3. Нені ескеруіміз керек: Әр мұғалім оқушылардың ғана алдында тұрмағанын әрдайым естен шығармау керек. Өйткені әр тапсырманы оқушы ата-ана, туған туыстарымен бірге талқылайды. Соған байланысты мұғалім сабағын мұқият дайындауы керек. Кейбір жағдайда оқушыдан гөрі ата-аналардың абыржуы мен жоқтан кінә іздеуі орын алады. Сондықтан мұғалімнің ата-аналармен ынтымағы күшейіп, байланысы артуы керек.

4. Құрметті әріптестер, Сабағымыздың сапасын түсірмей, ертеңгі ел болашағы, оқушыларымыздың білімін табандылықпен арттыруымыз керек.

Менің сабақты тиімді өткізу үшін көмекшілерім:

— Daryn.online платформасы

— Bilimland

— balapan

— WhatsApp

— opiq.kz платформаларын пайдалану.

Қашықтан оқытуда, бала ата-ана мен ұстаздың қолдауына, көмегіне қаншалықты зәру болса, ата –ана мен ұстаздардар да бір- бірімен тығыз байланыста болу керектігін көрсетті. Онлайн курста осы мәселелердәі де жауабын тапқандай болдым. Қорыта айтқанда ашық онлайн-курсы отандық ұстаздар үшін оқытудың тиімділігін қарастыруымен тиімді әрі пайдалы болды. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлерін зерттеп, онлайн-сабақтардың оқу үдерісін жоспарлауды, оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыруды үйрендік. Қашықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда педогог-ұстаздардың біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі жоғары деңгейде дамыған болуы өте маңызды!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
716
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі