Эссе: "Рухани жаңғыру"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе: "Рухани жаңғыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру бағдарламасы туралы өз жұмысымды бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Басты ұстаным- «Рухани жаңғыру» атты тақырыпта эссе

Улықпанова Шырын

«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі

Мен Бейнеу ауданында Боранқұл селосында «Боранқұлбөбекжайы» МКҚК 2010 жылдан бастап еңбек етіп келемін. Өз тобымның аты “Балдырған ”. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәнімен сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған сәтте үмітке толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне” бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Оның адамгершілік ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту.

Ең алғашында жаңа ортаға тез қалыптасып, ұжымға жылдам сіңісіп кету қиындау болды, шәкірттеріме дұрыс бағыт-бағдар беру, топта тату, бірлікте болуды, білім нәрін бере аламын ба деген үрейде болдым.

Әйтсе де алға қойған мақсатым – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол, қоғам сұранысына жауап берер білімді шәкірт тәрбиелеу қызметін адал еңбекпен жүзеге асыру. Жақсы тәрбиеші атану – әр тәрбиешінің борышы.

Нағыз тәрбиеші - болу бақыт, әрі абырой. Шындығында мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.

«Ел есінде бір жыл қалғын келсе – ас бер, он жыл қалғын келсе ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе бала тәрбиеле» дейді халық даналығы.

Ұжымым барлығы өзім сияқты ауылдың қарапайым да аңғал, ақ жүректі адамдары. Бір қызығы, олардың арасында менімен қатарлас, тіпті менен бір-екі жас үлкен  тәрбиешілер де бар.

Елбасы Н.Назарбаев қай кезде болмасын ұстаз атаулыны ерекше құрметтейтіні баршаға мәлім. Ол «Ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады» – деп бірегей тұлға – ұстазға деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін әрбір жолдауында айтып, жастар жаңашыл ұстаздар бізді биік шыңға жетелейді.

Сондықтан да өз білгенімді көңілге түйіп, көргенімді қолмен ұстап, әр оқу қызметі сайын  тәрбиеленушілеріме жаңашыл инновациялық технологиялардың көмегімен қызықты да түсінікті оқу материалын меңгертуге, жаңартылған білім беру бағдарламасында оқытудың мақсаттары мен жаңа әдіс-тәсілдерімді толықтырып, алдағы жоспарымды жаңаша оқытуға күш жігерімді салуға тырысудамын. Бүгінгі білім мен білік сыналар заманда ұстаз – ізденуші, зерттеуші, жаңашыл болуы тиіс. Орыс ақыны В.Маяковский: «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек» – деген екен.

«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол» демекші, кез келген тәрбиеші соңғы ақпараттық технологияны еркін меңгерген болуы тиіс. Себебі, үнемі өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында тәрбиешіге жүктелер міндеттің салмағы ауыр екені сөзсіз. Қай кезде болмасын бала үшін тәрбиеші бір ғана тәрбие беру ғана емес, рухани ой-өрісі дамыған, шығармашылық тұрғыдан жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тиімді оқыту мен бағалау, ғылыми зерттеулер  жұмыстарын таңдай білу мен оқу мақсатымызға толыққанды жету, болмысы өзгеше, жан-жақты тәрбиеші болу бүгінгі қоғамның талабы.

Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» – деп, тәрбиеші өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы абзал.

О.Бальзак: «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» демекші Отанымызға лайық ұрпақ өсіру, оның бойына  адалдық, тазалық, қоғамның болашағына еңбек етуге құштарлық сияқты мінез-құлықты дарыту менің міндетім екенін саналы түрде түсінемін.

Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі. Бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген нақыл сөзі осы біздің топтың балаларына арналғандай. Тәрбиешінің әрбір өткізген оқу қызметі баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта-жігері артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, сонымен қоса ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл-парасат қажет. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигіде алады.

Еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары министрден бастап, қатардағы қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізіледі. Биылғы жылдан бастап Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға белгілі. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шығып, үлкен әсер алдым. Бұл – бүкіл ел мәдениетінің тарихын, рухани мәдениетінің тарихын дәл өлшеп пішіліп, кемелденген азаматтың ойлары. Әсіресе, көптен күтіп жүрген латын қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды көтерілді деп ойлаймын.

Рухани жаңғыру  адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.

Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.

Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды:

Бәсекелестік қабілет.

Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты.

Прагматизм.

Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды.

Ұлттық бірегейлікті сақтау.

Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті.

Білімнің салтанат құруы.

Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні  білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

ХХ ғасыр қасіреттерін қаперімізге сақтап, одан сабақ алу және де дүрбелең туғызу экономикалық күйреуге алып келетінін қазіргі кезде болып жатқан әлемдік толқыныстарды мысалға келтірді. Ревалюциялық өзгеріс емес, эволюциялық жаңару алып келуіміз керек екеніне ой қортты.

Қазақстанның жаңашыл тәрбиешісі,  жас ерекшелігіне қарамай үнемі жаңашылдыққа ұмтылуы, ізденуі, шығармашылыққа бағытталуы керек. XXI ғасыр – білімділер ғасыры. Мәңгілік ел атануымыз үшін ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, парасатты ұрпақ тәрбиелеп жатқанымызды бір сәтте естен шығармауымыз керек.  Тәрбиеші – таудан арқырай аққан тау өзені секілді,  айналасына қуат беріп,  жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп,  таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып,  дамылдайды .

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс.

Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, тәрбиеленушілеріміздің үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, тәрбиеші қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.

Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда.

Алға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

Оқу қызметі кезінде берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында балабақша өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың балабақшаға келгенге дейін «Мен бәрін де балабақшадан үйренемін», деген үмітін анықтау бүкіл балабақша ұжымымен ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Балалардың ата-аналарымен үнемі байланыста болып, оларды бала бақшада түрлі шараларға белсене қатыстырып отырамын.

Балалар – өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. Балалардың шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық техналогияларды оқу іс-әрекеті кезінде пайдаланып, балалардың шығармашылағын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырып келемін. Қортындылай келе, балабақшадағы тәрбиешілер ең озық педагог, психолог, ғалым және асқан дарын иесі болу керектігіне көз жеткіздім.

Ойымызды қорытындылайтын болсақ, жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді. Өйткені, біз айрықша серпінділікпен жылжып жатқан зымыран уақытта өмір сүрудеміз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1383
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі