Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Эссе "Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздарға, әсіресе жас мамандарға пайдасы мол болады деп ойлаймын. Осы эссені оқу арқылы көптеген ұстаздар жағымды әсер алып, патриоттық сезімдері оянып, жұмыс істеуге қуаттанады деген үміттемін. Бұл эссе рухани жаңғыру бағытында алынып отырғандықтан, көп ұстаздар өздерінің педагогикалық қызметі жауапкершілікке толы екенін және ұстаздық жолдың қаншалықты маңызды болуын түсіне алады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар рөлі

Міне, еліміз тәуелсіздігін алып, бейбітшілік туы желбіреп тұрғанына 27 жыл болды. Осы уақыт кезеңінде біздің еліміз көптеген қиыншылықтармен тұспа-тұс кездесті. Бұл қиыншылықтар бізге жігерлі, шыдамды әрі сабырлы болуды үйретті. Еліміз жылдан-жылға дамып, биік шыңдарды бағындыруда. Сол шыңдарға жетуге елбасымыздың “Қазақстан - 2030” және “Қазақстан - 2050” атты стратегияларының арқасында еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. “Қазақстан - 2050” стратегиясын жүзеге асыру мақсатында “Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар жол” атты мақаласы бүкіл қазақ еліне жол тартты. Бұл мақалада ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің біртұтас ел болып, болашаққа нық қадам басуы, ол замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді алға қою арқылы, жастарды жаңғыртуды маңызды орынға қойған. Біз өзіміздің ұлттық-рухани тамырымыздан нәр алу арқылы дұрыс азамат болып қалыптасуымызға ықпалын тигізетініне кәміл сенемін.

Рухани жаңғыру – бұл ана сүтімен дарыған қазақ тілі, сонау ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрлері, қазақ халқының шеберлігін көрсете алатын әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту арқылы өскелең ұрпақты дамыту барысында жүргізілетін маңызды үдеріс.

Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілің– тірлік үшін” деп халқымыздың үндеуі бекер емес. Елбасымыз мемлекетімізге көп көмек тигізетін “Тілдердің үштұғырлығы” бағдарламасын ұсыну арқылы, өскелең ұрпақты жан-жақты, еңбекқор және болашақта мемлекеттің қарқынды дамуына ықпал ететін, өз елін сүйетін патриот тәрбиелеу болып табылады. Осы бағдарлама аясында мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілі және халықаралық тіл – ағылшын тілін оқып үйрену халқымыздың шекара талғамайтын, нық, әрі өзіне сенімді бола алатын адамзат болуына ықпал етеді. Мен бұл тақырыпты қозғап отырған себебі, мен өскелең ұрпаққа халықаралық тіл – ағылшын тілін мектеп қабырғасында үйретудемін. “Қазақстанның болашағы бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады” деп елбасымыздың айтуы бойынша мен ұстаз ретінде оқушыларыма біріншіден, сапалы білім, екіншіден рухани-адамгершілік білім беруді мақсат етіп алудамын. Заманауи құралдар қолданып, сабақ берудің әдіс-тәсілдерін жетік біліп, оқушыларды ғылыми жобаларға дайындап, жан-жақты ақпарат беру арқылы жас ұрпаққа сапалы білім бере аламын деген сенімдемін.

Рухани жаңғыру жолындағы менің маңызды рөлім – оқушылардың жан дүниесін, сана сезімін жаңғырту, көзі ашық, көкірегі ояу азамат (азаматша) тәрбиелеу, ұлттық сана-сезімінің өркендеуіне үлес қоса алатын, білім және мәдени-рухани болмыста өзге ұлттармен бәсекеге түсе алатын, салт-дәстүрі мен дінін ұштастыратын, ұлтжанды, патриот тәрбиелеу болып табылады. Осы құндылықтарды әр оқушының бойына сіңіру арқылы Қазақстан болашақта дамыған 30 елдің қатарына кіреді деп сеніммен айта аламын. “Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды. Не істесе де келістіріп істейді” – деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, XXI ғасырда білім бірінші орында деп айтсам қателеспеймін, білім – ол жабық есіктердің кілті болып табылады, ал білімді болуға ықпал ететін, тұлғаны дамытатын – рухани жаңғыру. Елбасымыздың “Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар жол” атты бағдарламасы біздің мемлекетіміздің өркендеп, дамуына көп пайдасын тигізетініне сенемін және ұлы өзгерістердің себепкері болуы үшін ұстаз ретінде аянбай еңбек етуге даярмын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
917
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12