400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

ЭССЕ "Сабақта жасанды интеллекттің даму мүмкіндіктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтер портфолиосына жүктелетін Эссеге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақта жасанды интеллекттің даму мүмкіндіктері


Жасанды интеллект алдағы 5 жылда білім саласын түбегейлі өзгертеді деген қазіргі кезде сөздер айтылып жатыр. Әрине мен оған қарсы емеспін. Жасанды интеллект технологиялары алмастыратын мамандықтар тізімін жаңалықтар бетінде жариялағанын оқып - білуге болады. Ал сол мамандықтар ішінде мұғалім мамандығы көрсетілмеген. Бұл тұста сарапшылар арасында да сұрақтар туындап жатыр.

"Жасанды интеллектіні мектептегі педагогтер пайдаланады ма?" деген сауалға қатысты пікірталас та туындап жатыр. Сол сауалға мен де өз жауабымды қосқым келеді. Таласым жоқ, оқушы математикадан есептерді дұрыс шеше алмаса, жасанды интеллект жеке оқытушының қызметін атқара алады. ChatGPT оқушымен диалог құрып, қиын есебін оңай жолмен шешуге көмектеседі немесе оқушының түсінбеген тақырыптарын қайта үйретуге тырысады. Түсінбеген әр баланы жеке оқытуға мүмкіндік бар. Ал мұғалімнің бір сыныптағы 25 баланы жеке оқытуға уақыты да, күші де жетпейтіні анық. Жасанды интеллектінің пайдасы - сабақты қызықты өткізуге көмектеседі. Мұғалімнің қиялы ұштап, балаларға барынша қызықты етіп түсіндіру үшін түрлі ойындар ойлап табады. Осыған байланысты жасанды интеллект мұғалімнің көмекшісіне айналады. Жасанды интеллект мұғалімді толығымен сабақ өткізуге, тиімді түсіндіруге жақсы мүмкіндік жасайды.

Жоғарыда айтқандай жеке оқыту, сабақты қызықты өткізетін техникаларын орындайды. Бірақ білім беру тек бұл элементтерден ғана тұрмайтыны белгілі. Оқушы мен мұғалімнің арасында эмоциялық, психологиялық байланыс болу керек. Жасанды интеллектіні кей жағдайларда оқушы түсінбей қалуы да әбден мүмкін, ал мұғалім оны дауыс ырғағымен, тақтада мысалдар келтіріп түсіндіреді. Оқушы жақсы түсінген кезде мақтап, мадақтап, көңіл-күйін көтереді. Осындай жағдайларда жасанды интеллект бізге көмектесе алмайды. Сабақ үстінде оқушылардың көңіл-күйі мен тәртібін қадағалап отыру да жасанды интеллект қолынан келетін іс емес.

Қазіргі кезде мұғалім жасанды интеллекттің дамуына өз үлестерін қосып келеді деп айта аламын, оған менің жоғарыда аталып кеткен дәлелдерім айғақ бола алады.

Мұғалім оқушыға әлбетте жылы шырай көрсетіп қарайды. Қателессе, түзетіп, "Жарайсың!" деп қолдап жібереді. Жасанды интеллект адам орнын алмастырмағанымен, оқушыға тиімді жеткізудің бір жолы деп есептеуге болады. Қазір ол мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, нәтижелі жұмыс істеуге көмектесуде.

Шындығын айтсақ, қазіргі сабақтарда мұғалімдер жасанды интеллектіні кеңінен қолданып отыр. Алдағы уақытта да кеңінен пайдаланылады, өйткені өте ыңғайлы, сабақты тиімді өткізуге себебін тигізеді, көп уақытты алмайды, қол жетімді. Мұғалімге сабақ өткізуде жасанды интеллектінің даму мүмкіндіктері ұшан теңіз, күннен күнге жаңалықтар мен қосымшалар жетістіктері толастар емес.

Сонымен қатар, нағыз ұстаздың негізгі қызметі жаңа технологиялармен оқытып қана қою емес, тәрбие де беру және сол пәнге деген шәкіртінің қызығушылығын ояту қажет екендігін ұмытпағанымыз жөн. Нәтижелі білім сонда ғана қол жеткіземіз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.03.2026
8
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі