400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе. Спорт-денсаулық кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Спорт-денсаулық кепілі. Дені саудың жаны сау.Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спорттық ойындардың түрлері көп. Спорттың адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін білеміз. Дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Себебі күні бойы өзіңді сергек сезініп жүресің. Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс түрінде өтеді. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінуде. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды әлемге тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін ылғи да мақтан тұтамыз.

Біздің елде Олимпиада чемпиондары жетерлік. Оларға: Дмитрий Баландин, Ниджат Рахимов, Данияр Елеусінов, Александр Винокуров, Серік Сәпиев және т.б. Қазіргі болып жатқан 33-ші Париж-2024 олимпиадасына әр түрлі спорт түрлерінен қатысып жатқан спортшыларымыз ел қоржынына алтын, күміс,қола медальдарды салуда. Атап айтқанда спорттың дзюдо түрінен тарихты жаңартып алтын медаль иеленген Елдос Сметов, қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев, ат үстіндегі спорттық гимнастиканың түрінен өнер көрсетіп күміс жүлде иеленген Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадыраев, нысана көздеуден қола жүлде иегерлері Александра Ле мен Ислам Сәтпаев, қыздар арасында бокстан қола жүлде иегері Назым Қызайбай, және ерлер арасында бокстан күміс жүлде иегері Нұрбек Оралбай секілді мықты спортшыларымыз ел мақтанышына айналды. Біз барлық спортшыларымызды мақтан тұтамыз.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау»-деп бекер айтпаған. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Спорт — барлық тәрбие атауының бір саласы. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт.           

 Денешынықтыру мен спорт кей кезде адам ағзасы табиғи түрде қажет ететін қимыл-қозғалыс пен күшті іске асырудың қолжетімді түрі болып табылады. Оқушылар мен студенттер үшін денешынықтыру сабақтары мен спортпен шұғылданудың маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, жас ағзаға және жетіліп келе жатқан денеге үнемі қозғалыста жүру қажет. Сол себепті спортпен шұғылдануға шақырамыз. Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.08.2024
1287
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі