400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Сұлу жырдың Сұңқары"

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып оқушыларына арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сұлу жырдың сұңқары

Бейбіт Айдын

8 А сынып оқушысы


Сұлулықтың жаршысы, әсемдікті көркем бейнелеп, әдемі жыр кестесін төге білген, сымбатымен замандастарын тамсандырған жерлес ақын Сәкен Сейфуллин лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Тәңірі тал бойына сезім мен сұлулықты, махаббат пен көркемдікті, «дарынды аямай берген» сұлу жанынан, зерлі қаламынан ғажайып туындылар дүниеге келді. Сарыарқадай кең, самалы ескен, сағымы жүзген, ару дала кіндігін кескен, топырағына аунаған бала Сәкен, сырбаз Сәкен, сырлы Сәкен, сұңқар Сәкен. Туған жерге  сүйіспеншіліктен бастап, табиғат көріністері мен құбылыстары, сырлары, мезгіл суреттері, аң-құсты аялау, өсімдіктері, атамекен табиғатын жан-жүрегімен сүйсіне жырлады.

«Сұлу терек» өлеңінде ақынның тал біткеннің кербезі ару терекке назы байқалады. Көркіне тамсанбай өтпейтін ағашқа адамдардың еліктеп бой түзеуі, тіпті астарлап сұңғақ, тәкаппар, сырдаң бір бейнемен сырласқандай көрінеді. Туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерімен салыстыра суреттейді.

Қазаққа бұйырған сары дала, қазына өлке – Сарыарқа. Сарыарқаның жазығы, мөлдір су, өзен-көлін, сағым даласын, осы өлкенің табиғатының сан алуан құбылыстарымен қоса тебірене суреттеп, сипаттауы өзгеше. Ақын балалық бал шағын өткізген туған Арқасындағы ғажайып жайлаудағы жаздың рахатын, алтыбақан айналып, ақсүйек іздеген қамсыз, самал жел өпкен күндерін, ақ түтек боранын, сылдыр суы ағып, бал құрақ майса өскен көктемді, сары бел күзді сүйсіне жырлады. Сарыарқада еркін өскен «ерке бұланның» өзен-көлді жайлаған, «кермеге тұлпар байлаған» ауылы, «қырдың бұралған еркесі», «айналып-толғанып өсірген» анасы жайлы табиғаттың әсем суреттерімен, әсерлі көріністермен байланыстыра кестелейді. Туған өлке «Тау ішінде», «Біздің жақта», «Жазғы түнде», «Далада» өлеңдерінде табиғат қошеметі мен қолдауы адамзаттың жүрек құпия сезімдерімен жарастық табады. Ерекше әсерге бөленесің! «Табиғат өзгеше боп туған едім, Белімді жастан бекем буған едім» деп Сәкен ақын туған жерінің табиғи ерекшеліктерін сипаттай отырып, ерекше жаралған перзенті ретінде еркелей суреттеген. Жыры да сұлу, бойы да сұлу, халқына еңбегі де сұлу ақын қаншама қазағым деп соққан жүректердің түкпірінде берік орын алған.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.11.2024
322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі