400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Сұлу жырдың сұңқары"

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып оқушыларына арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сұлу жырдың сұңқары

Эссе

Кәрсенбай Іңкәр

8 А сынып

Сәкен ақынның «Аққудың айрылуы» поэмасы - қазақ сөз өнеріндегі көркем, ішкі сезім тербелісі терең поэмаларының бірі. Мәңгілік махаббатты жырлайтын поэма табиғаттағы сұлулықты, табиғаттың төл перзенттері болған аққуларды қорғау, адалдықты жырлау, жауыздыққа қарсы тұруды ту еткен. Аққу - киелі құс. Аққу құс - сұлулықтың, тазалықтың куәсі. Аққу құс - шын ғашықтықтың, адал махаббаттың белгісі. Поэмада аққудың махаббаты арқылы адал махаббат мен пәк сезім жырланады. Табиғаттың сұлулығымен қауышқан қос ғашықтың көңілді, алаңсыз, бақытты күндері ұзаққа бармайды. Оны «Сұр мерген» аңшы келіп атып алады. Поэмада жауыздықтың символы ретінде аңшының қатігездігі суреттелсе, сол жауыздыққа қарсы аққудың махаббатқа адалдығы суреттеледі.

Поэмадағы оқиға автордың өмірден шаршап, таза табиғат, мөлдір көл жағасына келіп демалып, көркем көрініске тамсана қарап, демалып жатуынан басталады. Сосын қос аққудың кездесуі мен олардың бақытты өмірі жайлы жырланады. Ғашық жұптың махаббат биі де ақын қаламынан тыс қалмайды. Осындай бақытты сәтте сұрмерген жұп аққудың бірін атады. Жұбынан айырылған аққу шарқ ұрып мергенге "мені де ат" дегендей сыңай білдіреді. Жоғарыдан жерге ылдилай ұшып, мергеннің алдына, жерге өзін ұрып мерт қылған аққу осы әрекеті арқылы оқырманға адал махаббаттың күшін, сезімнің күшін білдіргісі келеді. Сәкен ақынның ақындық өзге қырын танытқан поэма қазақ өлеңіндегі көркемдік деңгейі жоғары, кісіге рухани ләззат бағыштай алатын шоқтықты биік, құнды шығарма. Рухани-эстетикалық тұрғыдан бай туындыда экология, рухани-адамгершілік мәселелер қозғалады. Сәкен ақын өлеңдеріндегі аққу, кептер, сұңқар, лашын, ақбөкен, ақ боз ат, сыр сандық, сұлу терек сияқты ұғымдар ақынның жаны нәзік, сезімтал ақын екендігін аңғартады. Сұлу ақынның сұлу жанынан туындаған құнды, мәдени мұраларды оқыған сайын табиғатты қорғау, сұлулықты бағалай білу, өмірде қатыгездік жасамау, жоламау керектігін, аққу құс- құстың төресі, мәңгілік махаббат иесі, символы екенін екі аққудың аянышты тағдырынан түйеміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.11.2024
262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі