Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Эссе "Табиғат тағдыры"
Материал туралы қысқаша түсінік
оқырманға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
25 Қаңтар 2019
1479
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Табиғат тағдыры Еренсизова Ақбота№137 негізгі орта мектебінің 6А сынып оқушысы Қарағанды облысы, Сұрыптау бекеті
«Табиғаттың байлығы-барша келер ұрпақтың игілігі.Бәріміз ондай байлық қолымызда,сол себепті өмір сүріп,жұмыс істеуге тиіспіз.» Н.Ә.Назарбаев
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысың,Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың.Ей, адамзат,ақылға сал, қатігездік жасама,Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың!- дей отырып,бүгінгі таңда адамзатты ерекше алаңдатып отырған зор мәселенің бірі - қоршаған ортаның, табиғаттың жай-күйі. Табиғат - тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені. Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған Жер, Атамекен деген сөз адамның құлағына жылы тиіп, жүрекке қуаныш әкеледі. Адам - Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу, оны қорғау, аялау, табиғи байлықтарды үнемді пайдалану - әр адамның азаматтық борышы, міндеті. Табиғат - адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есеп-қисапсыз төгіп-шашып, ластап, бүлдіріп пайдалануға тиіс емеспіз. Табиғатты ластайтын - адамдар, өзіміз. Сондықтан да біз, қай-қайсымыз болсақ та, біздің мақсатымыз да, міндетіміз де адамдардың экологиялық ойлауын қалыптастыру, оларға экологиялық тәрбие беру. Экологиялық білім отбасында, балабақшада, мектептерде, кәсіпорындарда беріледі. Отбасынан бастап табиғатқа мейірбандықпен қарауға, оны бүлдірмеуге, суық қолдардың түрлі зиянкестіктер жасауға жол бермеуге тәрбиелеу арқылы қайта қалпына келтіруге болады.Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп-жетілуіне ауадай қажет екендігін әрбір адамның көз жеткізуі тиіс, және ол бүгінгі таңның өзекті мәселесі.XXI ғасырда экологиялық қиын жағдайда қалып отырмыз. Планетада өсімдіктер мен жануарлардың түрлері азайып, су қоймалар былғанып, тіршілігінен айырылуда. Қалалардың ауасы санитарлық қалыпқа сай келмейтіндей бұзылды. Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне қоян-қолтық араласатын жаңа ғылым саласы. Айнала қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, небір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік шара. Онсыз ілгері басуымыз, толыққанды өмір сүруіміз, парасатты ұрпақ өсіруіміз екіталай. Әрбір адам экологиялық білімді білуі керек, ол үшін мыналарды білуі шарт:1. Туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі, бауырмалдылық, адамгершілік қасиетті қалыптастыруы керек.2. Табиғатты аялауға, қастерлеуге ұқыптылықпен қарауға тиіс.3. Қоршаған ортаны қорғай, сақтай білуі керек.4. Табиғаттың әсемдігін көріп сүйе білетін адам, оны қорғай білу керектігін сезініп, түсінеді және табиғи ортаны қорғауға белсене қатысады, сондықтан табиғатқа тікелей қарым-қатынастың негізінде эстетикалық жағынан дамыған тұлға болу керек.5. Қоғамның материалдық және рухани байлықтарының қайнар көзі - табиғат. Сондықтан табиғат пен адамның іс-әрекетіне құндылықпен әр адам қарауға тиіс.6. Өндіріске байланысты экологиялық мәселелерді танып білу.7. Экологиялық ғылымның ұғымдары, оның жалпы заңдары және экологиялық мәселелерді шешудің, табиғатқа адам ықпалының зардаптарын жоюдың әдістері туралы білімдерді меңгеруі керек.8. Жергілікті жердің ішкі сыртқы экологиялық жағдайын білу. Адам өмірі сумен тығыз байланысты. Сусыз - өмір жоқ. Айналадағы ортаға антропогендік фактордың әсерінен экологиялық заңдылық бұзылып, табиғат трагедиясын туғызып отыр. Ондай трагедия тумас үшін әр адам баласы ауыл, қала, тіптен өз үйінің қасына жыл сайын жасыл желек (жеміс-жидек, түрлі ағаш, түрлі гүлдер) отырғызса, түрлі қалдықтарды тазалайтын, қайта өңдейтін құрылыстар салса, қалдықтарды аз бөліп шығаратын, қалдықсыз жұмыс істейтін таза техникалық өндіріс орындарын салу, қара, түсті металлургия, химия, т. б. өндіріс орындарын қалалардан алыс жерлерге салса, жойылып бара жатқан өсімдіктердің түрін молайту, ауыл, қаланы тазарту, ауыл мен қалада «Жасыл бақ» отырғызу, әр адам табиғатты қорғау заңдарын білу, әр адам экологиялық сауатты болуы керек, “Қазақстан-2030” бағдарламасын орындауға атсалысу. Міне, осындай істерді әр адам баласы атқарса табиғатымыз таза болар еді. Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бұл орайда ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Бірінші жолы -түрлі заңдар шығарып, оны жүзеге асыру. Ұлттық пакртер, қорықтар санын молайту. Әрі «Қызыл кітапқа» енген өсімдік, жануар түрлерін қорғап, көбейту. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану. «Жасыл ел» ұйымының жұмысын нығайту, жандандыру. Осы эссемді қорыта келе,адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Беречь природу Семиречья. Экологический курьер-2000 г.2.Исмаилов, Акимова. “Экология”
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)