Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе «Тәжірибедегі рефлексия»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Эссе_(ТАӘ) Игликова Гульмира Какимовна

  1. « Тәжірибедегі рефлексия» курсында 1 апта аясында қандай білім мен қабілетке ие болдыңыз?

  2. Өз тәжірибеңізде ересектерді оқытуда қандай жаңа тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолданайын деп отырсыз? Неге осы жаңа тәсілдер мен жұмыс формалары?

  3. Ықшамсабақтан кейінгі өзіңіздің тренер ретінде қандай даму аймағыңызды анықтадыңыз? Неліктен оны дамыту қажет?Қандай қадамдарды жоспарлап отырсыз?


Критерилер

Дескрипторлар

«Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасының мазмұнын біледі, түсінеді

Ересек адамдарды оқыту түрлерінің арасын көрсететін терминдерді қолданады (3ден кем емес).

Ересектерді оқытуда коучинг пен тренингтің әртүрлі кезеңіндегі қолданылатын тәсілдеріне қатысты терминдерді қолданады(3ден кем емес).

Бағдарламаның аясында мектеп тренерлерінің басты рөлін анықтайды.

Топпен жұмыс жасауға қатысты (топ динамикасы, энергиясы) терминдерді қолданады (3ден кем емес).

Әріптестерін оқытуда жаңа тәсілдер мен жұмыс түрлерін тәжірибеге еңгізуді негіздейді.


Мектепте әріптестерін оқыту қажеттілігін негіздейді.

Жеке өз тәжірибесінің негізінде негіздейді.

Мектептегі әріптестердің қажеттілігі негізінде негіздейді.

Тренер ретінде ықшамсабақтан кейінгі даму аймағын негіздейді. Қадамдарын айқындайды.



Бүгінгі жаһандану үдерісінде заман талабы оқушының терең білімін қажет етсе, мұғалім жан – жақты, кәсіби дайындығы шыңдалған, құзыретті, өз бойына жинақтаған білімін жас буынға үйрете алатын маман болуы шарт. Білім беру саласындағы замануи жетістіктер, ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамуы мұғалімнен тез өзгеріп отыратын заман талабынан қалып қоймай, керісінше, сол бастамалардың жаңалықтардың бастамашысы болуын талап етеді. Осы міндетті жүзеге асыруда тренердің рөлі айрықша. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін асыру мақсатында тренер аянбай еңбек ету керек. Мектеп тренерлері мұғалімдердің Бағдарлама тақырыптарын сыныптағы оқушылармен жұмыстарына тасымалдауда үлгі алу моделі болып табылады.

Қараша айының 13 күні мен 24-і күні аралығында Педагогикалық шеберлік орталығында «Тәжірибедегі рефлексия» атты тренерлік курстан өттім.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді  игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау  дағдыларын жетілдіру.

Курс барысында оқытудың заманауи технологияларының қыр-сырын үйрендім. Осы курста меңгерген жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үрдісінде тиімді пайдаланамын деген ойдамын.

«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсынан «Бұл не үшін керек?», «Бізді қалай оқытады?», «Неге?» деген сұрақтар мазалады. Бұл курсқа келудегі мақсатым да осы сауалдарыма жауап іздеп, өзімнің кәсіби құзыреттілігімді жетіділдіріп, бағдарламаны меңгеру болды.

Тиімді жұмыс жүргізу үшін топта қолайлы психологиялық ахуал орнату үшін тренеріміз оқытудың бұл аспектісіне көп көңіл бөліп отырды. Әр күніміз қолайлы психологиялық ахуал тудыру арқылы жұмыс жүрзізуден басталды. Психологиялық климат дегеніміз топ (аудитория, сынып) ішінде тұлғаның жан-жақты дамуы мен өнімді бірлескен жұмыс жасауына тиімді (немесе тиімсіз) тұлғааралық психологиялық шарттар мен жағдайлар. Жағымды психологиялық климат топ құрамына кіретін үйренушілердің еркіндігі. Бұл еркіндік өзара сыйластық, достық, бір-біріне бейімделу және бөтен нәрсені жағымды тұрғыдан қабылдау мен оны түсінуге ұмтылудан, оған ұстана білуден тұрады. Біз әр сабақта орныққан жағымды атмосфераны сақтауға ұмтылдық. Осыған байланысты келесі ережелерді ұстануға тырыстық:

  • Тыңдау; . . . .......::.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . .. .. . . .. . .. . .. . .. . . .. . .. . .

  • Бірлесіп жұмыс жасау;

  • Уақытты үнемдеу;....................................................

  • Белсенді қатысу; . . . . . . . . . . . . .. .. .. ......

  • Бір – бірін сынамау;

  • Сыйластыққа жұмыс жасау;

  • Ынтымақтастықта жұмыс;

  • Қолдау жасау;

  • Тәжірибемен алмасу;

  • Бір шешімге келу.

Жағымды психологиялық климат құруда дәріс барысында тыңдаушылардың көңілін көтеру үшін, олардың назарын сабаққа аудару мен жұмысқа ынталандыру мақсатында ойсергектер қолдандық. Ойсергек бізді еркін сезіндіріп, сенімсіздіктен арылтты. Курста болған кезде өзімді оқушы ретінде сезіндім, топтық жұмыс оқытуда қаншалықты тиімді екеніне өз көзім жетті. Мен жаңа форматты үшінші (базалық) деңгейдегі курстан өткендіктен, өз тәжірибемде де топтық жұмыс түрін қолданып жүрмін. Топтық жұмыс кезінде біз бір – бірімізді тыңдай білуге, әріптестерінің пікірімен санасуға,тартыстарды шеше білуге, ортақ мақсатқа жету үшін біріп әрекет ету арқылы өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруға, өз - өзімізді құрметтеуге, топтағы достықты ұлғайтуға, бір – бірімізді бағалауға, өзара көмектің құндылығын мойындауға үйрендік деп ойлаймын. Ұстаз мықты стратег болу керектігін түсіндік.

Оқытуда білім технологияларын ықпалдастыру - мұғалімнің қарқынды дамуы мен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері мен дағдыларының жетілу өзгерістерінің дәлелі. Бағдарламаның түйінді идеяларын ұғынуға көмектесетін, жаңа әдіс – тәсілдер мен күтілетін нәтижелермен таныстыратын, оларды игерудегі жетістіктерін бағалаудың тиімді жүйесін ұсынатын оқулықтар бетін парақтап, үйренуге қажетті нәрселерді игере бастадық. Мектеп тренерлерін оқыту бағдарламасы курсы аясында мектеп тренерлері үшін кәсіби құзыреттіліктің жоғары болуының маңыздылығын ұғынған сияқтымын.

Түрлі әдістерді үйреніп, тренердің дағдыларын бағалау жолдарын бірлескен жұмыста көрдім. Әріптестерім топтарда жұмыс жасай отыра өздерін жаңа қырларынан танытып, тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап отырды. Сонымен бірге топ мүшелері арасында талқылау, қорғау барысында көшбасшылық қабілеттерін таныту көрініс тапты. Әр күнге топта рефлексия жасап отырдық. Түрлі жоба қорғауда терең талдау жасап, бір – біріміздің пікірімізді қолдау позициясын ұстандық. Әр сабақта қандай тапсырма болмасын сын тұрғысынан ойлау арқылы әрекет жасауға тырыстық. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының түрлі әдістерін қолдануды әдетке айналдырдық. Тапсырмаларды түрлендіруді көздедік. Бағдарламаның түйінді идеяларын өз пәндеріміз бойынша қолдануға ықпал ете отырып, жаңа бағдарламаға сай ойлау жолдары мен жұмыс әдістері бойынша өткізу керектігін түйіндедік. Сабақтарымызда «Қалай оқу керектігін үйренудің» мәнін ұғынып, мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттерін талқыладық. Осы тақырыпқа қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне басты назар аудардық. «Тиімді әдіс деген не?» Жас ерекшелікке байланысты оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырма беруде шамадан тыс көп те емес, аз да емес болуы болуы керек.

«Модерация», «Социометрия», «Тақырыптық жаттығулар» сияқты әдістер төңірегінде жұмыс жүргізіп, алгоритмдері бойынша топта талдау жасай отыра тәжірибе алмастық. Осы тақырыптар бойынша практикалық семинар өткіздік. Берілген тапсырма бойынша әр топ өзінің семинарын ұйымдастырып өткізді. Бағалау критерийлері, оқу жаттығулары және негізгі оқу мақсаттарының байланысын бірлесе зерттеу арқылы жеке тәжірибемізге енгізілген өзгерістер үдерісін байыптауын жетілдіре түстік. Топта өзін – өзі бағалауға арналған критерийлерді қолдана отырып, тапсырмаларды орындадық. .:::.::.:..................................................................

Рефлексия мен кері байланыс туралы ұғымымды кеңейте отырып, курс барысында осы екеуінің оқу үдерісінде қатар жүргізілетінін, кері байланыс жүргізу арқылы рефлексияны да жасай алатынымды ұғындым. Осы тақырыпқа байланысты тренеріміздің өткізген тренинг сабағы мен біздің тапсырмалар бойынша дайындаған таныстырылымымыз есте қаларлықтай әсер етті. Әр ісімізге, әр сабағымызға, ір әрекетімізге рефлексия жасау керектігімізді жадымда сақтадым. Әсіресе сыни ойлау арқылы рефлексияны жүзеге асырудың тиімділігін сезініп, қажеттілігін мойындадым.

Құзыретті мұғалімге қажетті қасиеттер мен дағдылар тізімін жасау үшін шағын топта бірлескен жұмыс жүргіздік. Карточкаларды талдау бойынша мінсіз оқушының сипатын бердік. Тұлғаның эмоциялық, әлеуметтік, когнитивті ерекшеліктерін үйлесімділікке танытуға болатынын зерделедік. Бағдарлама аясында істеген жұмысымызды суретпен де әрлеп, түрлі пішіндегі өнім ретінде де жасап, отырған аудиториямызды көрмеге айналдырып жібергендейміз.

Болашақ туралы айтатын болсам, алдымен мен әріптестерімді замануи әдіс – тәсілдермен таныстырып, олардың кәсіби әлеуетін арттыру үшін коучинг, тренингтер өткіземін. Коучинг, тренинг - әріптестердің (тренер мен әріптес мұғалімдердің) белсенді, жасампаз және өзара әрекеттестік үдерісі деп ойлаймын. Әріптестерімді оқытудың жаңа тәсілдеріне үйрету арқылы өз іс – тәжірибемді жетілдіремін деген ойдамын. Тренер ретінде қалыптасып, әріптестерімнің іс – тәжірибесіне аз да болса өзгеріс енгізе алатыныма сенімдімін. Өзім үшін мінсіз тренердің сипатын жасап, қажет кезде өзімнің стилім мен тәсілімді өзгерте алатындай, топпен, жұппен әрекеттесу арқылы пікір – көзқарастарымды жеткізе алатындай дәрежеге жету керектігімді ұғындым. . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
1014
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12