жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эссе Тәуелсіз елдің ұстазы
Қарағанды облысы
Бұқар Жырау ауданы
«Байқадам ЖББМ» КММ
Жумагулова Рымкул Толеугазиевна
география пәні мұғалімі
Эссе
Тәуелсіз елдің ұстазы
«Ұстаз! Ұстаздық етуден асқан ұлылық бар ма? Уақытыңмен санаспай, бағытыңнан адаспай ұстаздық ете білу – бір ерлік. Ұстаз десе… Жүзінен күн нұрындай жылылық ескен, барлық ой мен қимыл – әрекетке ақылдың дәнін сеуіп, адамзат санасына нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі деп білемін, күлімдеген жүзімен айналасындағы барлық адамзатты бауырына баулап алатын ұлы тұлға. «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» деп қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, Тәуелсіз елдің ұстазы өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болу керек.
Өйткені, ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар легі заманы. Жер – жердегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы минутында мағлұмат алып отырған жасөспірімді бірнәрсемен таңғалдыру, оған сабақ айтып, дәріс тыңдата білу кез келгеннің қолынан келетін оңай дүние емес. Ақылды ұстаз ешнәрсені назардан тыс қалдырмай, тәлімгерді білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт – бағдар береді.
Мен ұстаздық жолымды 1997 жылдан бастадым, қазіргі таңда педагог зерттеуші біліктілік санатыммен 25 жылдық еңбек өтілім бар. Өзім де әр кез ізденуден жалықпаймын, жаңалыққа жаным құмар. Еңбегім де жеміссіз емес. Жас ұстаздардың жігерлеріне жалын беріп, көкірек көкжиектерін кемелдендіруге тамшыдай қосар үлесім болса, бұл да менің ұстаздық мақсатымның орындалғаны.
«Өз ісінің шебері» - болу деген сөз нені білдіреді? Ол ең алдымен кәсіби дағдыларды жетік меңгеру, жұмысты жоғары, сапалы деңгейде жасау, өз оқушыларына білімді сауатты және сенімді жеткізу немесе жаңашылдық элементін енгізу арқылы тың идеялар мен инновациялық жобалардың генераторы болуы керек. Педагогикалық шеберлік ұғымына көптеген анықтамалар берілген, дегенмен де әр мұғалім бұл тұжырымдаманы ұстана отырып, бір орында тұрмай ізденісте жүру қажет деп ойлаймын. Нағыз шебер мұғалім күрделі механизімнің барлық бөлшектерін өмір бойы зерттеп, бір – біріне жақындата түседі. Әр орындаған ісінен нәтиже шығып, оны практикалық жүйеде қолдана біледі. Өз ісінің шебері – әмбебап адам. Біріншіден, ол өз ісінің маманы, оқушыларына беруге тиісті құнды практикалық дағдыларға, сапалы білімге ие. Екіншіден, ол - оқушыларды дұрыс жолға бағыттай алатын, кәсіби мотивация деңгейін жоғарылататын, болашақ өміріне, мамандығына деген құрметке тәрбиелейтін, еңбек адамының маңызды әрі қажетті жеке тәжірибесі арқылы жол көрсететін педагог деп айтар едім.
Егеменді еліміздің ертеңі өткен тарихымызбен тығыз сабақтасып келеді. «Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей», — деп
Ы. Алтынсарин айтқандай халқымыздың сан ғасырлық тарихынан өзек тартатын рухани мұрасын ұрпақ бойына сіңіргенде ғана еліміздің жұлдызы жанып, әлемдік мәдениетке ұмтылары айқын. Ел басшысынан бастап даладағы еңбекшіге дейін мектеп босағасынан өтіп, тәрбие алып шығатыны белгілі. Тәрбие жолы — қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам – ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт етсе үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Мектептегі әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндет, айбынды мақсаты деп біледі . Жас ұрпақты білімді, жан- жақты етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып қатысу керек. Ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелеп, болашақ өмірлеріне мол қоржынмен жіберуіміз тиіс деп ойлаймын.
Мұғалімнің шеберлігіне - қашықтықтан оқытуды жатқызар едім. Мұғалім мен оқушы оқыту мен тәрбиеде жана инновациялық жүйеге көшкені бәрімізге мәлім. Еліміздегі бір жыл бойғы карантиндік ауыр кезеңге байланысты мектептер қашықтықтан оқыту форматына ауысқаны бәрімізге белгілі. Ата-аналар тарапынан көптеген түсініспеушіліктер, теріс қарым-қатынастардың орын алғаны тағы бар. Интернет платформаларында туындаған көптеген келеңсіз жағдайлар мен ақауларға, нашар байланыстардың туындағанына қарамастан, заман талабына сай өзімді бағыттай білдім, жаңа платформалармен жұмыс жасауды меңгердім, қызықты оқиғаларға тап болдым, көп нәрселер үйрендім. Әлемде болып жатқан бұл індет адамзаттың қолынан келмейтін дүние жоқ екенін үйретті. Бұл онлайн жүйеге де ет үйреніп, біраз тәжірибе жинақтап алғандаймыз. Осы онлайн оқыту форматы кезінде көптеген қызықты жағдайлармен қатар өзіндік қиын тұстары да орын алған болатын. Қашықтықтан оқытудың да ұтымды тұстары кездесіп жатты. Ұстаздар одан сайын өздерінің шеберліктерін қашықтықтан оқыту кезінде де дамытып, яғни, ұстаздар мен оқушылар электрондық технологияларды одан сайын тереңінен игеріп, білім алу жолында дамып жетілуде. Ұстаздарға білім беру жүйесіндегі жүктелген жауапкершілік ата-аналарға да жүктелуде. Жұмыстан босамайтын ата-аналар әлемде тараған күрделі жағдайға, ауыр індетке байланысты балаларына көбірек көңіл бөліп, күнделікті сабақтарына қарасып, бірге орындауда. Сондай-ақ мектеп қабырғасындағы сабақ кестесіндей емес, тәуелділік жоқ, шектеу жоқ, сабақ барысындағыдай 40 минутта сабақты аяқтап тастамаймыз. Тәулік бойына интернет желілері арқылы оқушылармен байланыста отырамыз. Технология заманы расында ғарыштап дамуда, болашақта да дами түсері сөзсіз. Сондықтан соңғы ақпараттарды интернет желісінен қарап отыруға мүмкіншілігіміз бар. Одан сайын бір орында отырмай, тек қана алға қарқынды дамып отыру керекпіз.
Қорытындылай келе, тәуелсіз мұғалім әртіске қарағанда әлдеқайда жоғары дәрежеде өз аудиториясына әсер етуі, өз қамқорлығындағы адамдардың дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етіп, оларға әлемнің ғылыми бейнесін беруі керек, сұлулық сезімін, әдептілік пен әділеттілік сезімін оятып, сауатты жазуға және өз сөздеріне сенуге мәжбүр етеді. Сонымен қатар, актерден айырмашылығы, ол кері байланыс режимінде жұмыс істеуге мәжбүр: оған үнемі түрлі сұрақтар қойылады, соның ішінде арамза сұрақтар және олардың барлығы толық және сенімді жауаптарды қажет етеді. Нағыз мұғалім, бас әріппен жазылған мұғалім - бұл басқа тұлғаларды дүниеге әкелетін, қалыптастыратын тұлға. Ол үшін оған шәкірттерінің, бүкіл қоғамның назары мен құрметі ғана қажет емес. Оларға болашағы зор оқушыны оқытып, тәрбиелеу маңызды. Өз ісінің маманы, шебер, тәуелсіз мұғалімдер көп болсын деп тілеймін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген