«Тұғыры биік – Тәуелсіздік»
«Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ғасырлар бойы аңсаған арманымызға 1991 жылы қол жеткіздік. 1991 жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Міне, содан бері 30 жыл уақыт өте шықты. 30 жыл – аз ғана уақыт көрінгенімен, біздің халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы, бағыты мен бағдары, зары мен бағы алмасқан тұтас дәуірдей. «Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр» - деп Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев өз мақаласында айтқандай, ғасыр жүгі ғасырлар үнімен жалғасқан тұғыры биік Тәуелсіздігіміз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ жерінің байлығы, мол қазынасы, табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында еліміздің еңсерген ерен еңбегінің арқасында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білемін...
Еліміздің Егемендігін ресми түрде алғаш болып Америка Құрама Штаттары мойындаған, содан кейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және мұсылман мемлекеттері ішінен Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған – Иран болды. Қазіргі таңда жас мемлекетіміз көптеген елдерден әлдеқайда алда тұр. Ол ауызбіршілікте, ынтымақтастықта, татулық пен достықта, туыстық қарым-қатынас пен жақсы ниетте өмір сүргендігінің айғағы.
Мәңгілік Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен келген жоқ, оны да естен шығармағанымыз, жадымызда сақтағанымыз жөн! Осындай еркін, теңдесі жоқ бостандықты алып берген, тәуелсіздіктің таңын көре алмай құрбан болған ағаларымыз бен апаларымызға мың да бір алғыс! 1991 жылы 17-желтоқсанында Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митингте, жиналған сан мыңдаған адамның алдында, қазіргі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «...Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын...» - деп айтқандай, Қазақстанның әрбір азаматы рухына тағзым етіп, жүрегінде сақтауы және болашақ ұрпаққа түсіндіруге тиіс. Бұл біздің азаматтық борышымыз деп санаймын!
Қазіргі таңда Тәуелсіздік – баршамыз үшін ең асыл, ең қадірлі күн. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты, әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарысының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, талай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Еліміз егемендік алғалы ғаламның ғаламат бәсекелерінде өзіне тән бәсіресінен қағылып көрген жоқ. Мейлі қай сала болса да, білім беру саласы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт, өнер болсын, Қазақстанның жеткен жетістігі аз емес. Мемлекеттің әр қадамы нәтижелі болуы үшін, тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болуы керек.
1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын алға қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты. Білім беру саласында жүргізілген реформаға сәйкес, 90-шы жылдары бірқатар өзгерістерге қол жетті: білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді, жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді, үш тілде оқыту жүйесі енгізілді, мемлекеттік емес оқу орындарына рұқсат беріліп, басқа мемлекет азаматтарына ҚР азаматымен тең дәрежеде білім алуға рұқсат берілді, кредиттік жүйе мен тегін оқу гранты бөлінді, жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен мобильділік бойынша оқуға иүикіндік берілді, ЖОО жоғары білімді шыңдауға мүмкіндік беретін негізгі әлеуметтік орын ретінде дербестікке ие болды. Білім беру жүйесі әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының біріне айналуда, себебі, жаңа әлемде мемлекеттің экономикалық жетістіктері білім беру жүйесімен, азаматтардың білімділігімен, мамандардың бәсекеге қабілеттілігімен өлшенуде.
«Қазақстан-2050» стратегиясында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» деп осы мәселеге арнайы тоқталу арқылы оның маңыздылығын көрсетеді. Президент бірқатар Жолдауларында техникалық білім беруді дамыту туралы жиі сөз қозғаған. Өйткені, мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуы, экономикалық өркендеуі үшін ең алдымен осындай мамандық иелерінің маңызы артады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерістері кезінде, сапалы білімнің реформасын тек қана толығымен өңделген стратегия арқылы жүзеге асыруға болатынын түсіну нәтижесінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі едәуір жетістіктерге қол жеткізіп, алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасатыныа көз жеткізуге болады.
Қазақ елі - Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, МӘҢГІЛІК ЕЛ болуға бет бұрды. Қазағымның төрінде елтаңбасы ілініп, көгінде көк туы желбіреп, кең даласында әнұраны шырқалып тұрғанда, менің халқымнан бақытты ел бар ма?! Қазақстанның болашағы жарқын, келешегі кемел болуы өз қолымызда! «Отанды сүю – отбасынан басталады» дегендей, Отанын сүйетін айбарлы, адал ұрпақты тәрбиелеуіміз керек.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, ғұмыры ұзақ, еліміздің аспаны ашық, болашағы жарық болсын! Жаңғыру кезкеңде қазақ елі мәңгі жарқырай берсін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе "Тұғыры биік - Тəуелсіздік"

шағым қалдыра аласыз