2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Эссе үлгілері

Эссе үлгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе үлгілері әдістемелік құралы білім алушыларға эссе жазуға көмектеседі
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

1. «Ұлттық индустрияны өркендетуге қандай үлес қосамын?» тақырыбында өз ұстанымыңызды дәлелдеп жазыңыз.

Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы кезеңде Қазақстан жаппай индустрияландыруға бағыт алды. Негізгі даму бағыты өңдеу өнеркәсібі болды, кейін ол елімізде өнеркәсіптің өсуінің негізгі драйверіне айналды.

Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы (2010-2014) бағдарламасы аясында мемлекет өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету секторын қос алғанда, экономиканың барлық негізгі секторларын дамытуды қолға алды. Бұл кезде бағдарламаның мақсаты әлемдегі дағдарысты жағдайларға қарамастан, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. «2010 – 2014 жылдарға арналған инвестициялар тарту, арнайы экономимкалық аймақтарды дамыту және ҚР-да экспортты ынталандыру бойынша бағдарлама» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» ҚР Заңы тәрізді заңдар қабылданды. Сонымен қатар, 50-ден астам заңға түзетулер енгізілді. Бұл жылдары көптеген инфрақұрылымдық мәселелер шешілді: 4 мың шақырымға жуық автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланды («Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Орталық-Оңтүстік және Орталық-Шығыс 2 транзитттік дәлізі), 1700 шақырымға жуық теміржол салынды (Өзен–Түрікменстанмен мемлекеттік шекара, Жетіген–Қорғас, Бейнеу-Жезқазған, Арқалық-Шұбаркөл), 13 арнайы экономикалық аймақ пен 23 индустриялық аймақ жұмыс істей бастады. Бизнесті қолдау үшін «Өнімділік - 2020», «Инвестор - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламалары қабылданды. Ондаған жаңа қолдау құралдары әзірленіп, іске қосылды: жеңілдікті несиелер және лизинг, инновациялық, экспорттық гранттар, сервистік қолдау және т.б. Бүгінде жеке кәсіпкерлерге 100-ге жуық қолдау құралдары қолжетімді. Екінші бесжылдық (2015-2019) сыртқы экономикалық шоктарға аса төзімді және қазақстандық экономика үшін “қауіпсіздік төсемі” болу әлеуеті бар сектор ретінде нақты өңдеу өнеркәсібіне бағдарланды. 

Жалпы қорытындылай келсем, индустрия саласындағы өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға 4,5 трлн теңге сомасындағы инвестициялар жоспары орындалғанын атап өткен жөн. Демек, Қазақстан жаһандану дәуірінде алға қойған мақсатына жетеді деген үміт бар.


2. «Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз

Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз. 

Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады.

Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның жақсы көретін құндылықтары.

Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында.

Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз - құндылықтың бір түрі.

Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға өмір бойы ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар.

Ал енді сол реніш пен ашуға келдік, негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің қандай да бір құндылығыңызды жалмап өтуі мүмкін. 

Қорытындылай келсем, адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар, немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз.


3.Өзің өмір сүріп жатқан ортада ғаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма? Берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына немесе себептеріне өз көзқарасыңызды жазыңыз.

Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды

Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шығатын түтін қала іргесінің шексіз кеңеюі сияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс.

Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардын ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте – бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратын анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады.Атмосфераның, судың, азық – түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, тұрмыстық химияландырылуы, гиподинамия, дұрыс тамақтанбау зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы әлемдік проблема болып саналады.

Қорытындылай келсем, ауаның ластануы және тұрмыстық химияландырылуы адамның денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс табиға жағдайда өткізуге тырысады. Адамның денсаулағының төмендеп ауыруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауы мен қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек.


4. «Ұлы Даланың жеті қыры» – тарих пен болашақтың алтын көпірі» тақырыбындағы негізгі мәселені Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы ақпараттармен байланыстырып жазыңыз.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының, қазақ жері мен елінің, қазақтардың сонау түп тамырынан бергі тарихын жазып, сақтап, өңдеп, тарих жолында келе жатқан әрбір ұрпақтың санасына жеткізіп, ұлттық сананың біртұтастығы мен тарихи сабақтастықты ұстап келе жатқан ерекше құбылыс.

Қазақстанның даму барысындағы өзгерістердің тіл жүйесінде таңбалануын және сол жүйенің сом алтындай құнды кәусарларын таныту арқылы жастардың санасында қазақы ұлттық сананың қызмет ету тетіктерін қалыптастыру туралы ой қозғау – белгілі бір нәтижелерге жетелейтін жол.

Бұрынғы дәстүрлі қазақ тілін зерттеу мен оқытудың тұйықтығы - қазақстандық ғылым мен білім жүйесінің жабық жүйеде және әлемдік байланысқа енбеген күйінен туған нәтиже. Ал қазіргі ересен динамикалық болмысқа ие болып отырған ғылым және білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар сол жүйеден рухани азық алып жүрген жастар үшін мемлекет көздеген биік сапалы нәтижеге қол жеткізетін болуы керек.

Мақсаты осылай қойылған жаңалықтар мен өзгерістердің нақты практикалық жүзеге асырылуын білім беру жүйесінде қызмет етіп жүрген ғалымдар мен оқытушылардың әрбір іс-әрекетінің ұлттық мүддемен түйісіп жатуымен тікелей байланысты.

Қазақстан халқының Тәуелсіздік дәуіріндегі өмірінде қалыптасып жатқан идеалдар, мәдени нормалар мен дәстүрлер, көпұлтты қоғамдағы әрбір жекелеген ұлттың құрметке лайық өзінің орны – барлығы мемлекетіміздің өміршеңдігін дәлелдейтін белгілер ғана емес, одан әрі дамуының да нәрлі көздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болып отырған қазақ тілін оқытудың да осы тұрғыдан қарастырылуы көптеген тиімді әдістемелік жүйелерді жасауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, қазақ тілін Қазақстандағы барлық өмір сүріп отырған мемлекеттік тілі ретінде үйрету жүйесін, екінші жағынан, қазақ тілін осы тілдің иегері - қазақтардың болмысын, тарихын, мәдениетін, жан-дүниесін танытатын ақапарт көзі ретінде үйрету мүмкіндіктері танылады.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – қазақтың мәдениет, тарих, болмыс құндылықтарын көрсететін, сақтайтын, оқыған адамға жеткізетін тұтастық ретінде өзі де құндылық болып табылады.


5. «Туған жер –адам өміріндегі киелі орын» тұжырымына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп, дәлелдеп жазыңыз.

Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады.

Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін.
Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады:

Қымбат маған елімнің бар даласы,
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсам қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді.

Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ.


6. «Сенің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай деп ойлайсың?». Көтерілген мәселеге дәлелдер келтіріп жазыңыз.

Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Ең алдымен, осы сұрақтарды өз-өзіме қойған кезде, бір сәт болсын үлкен жауапкершілікті сезініп, нақты әрі салмақты түрде ойлана бастадым. Жастық шақтағы мамандығым? Алғаш естіген құлаққа ерсі естіледі екен. Себебі, жастық шақтағы мақсаттардың өзі үлкен-үлкен армандардың бастауы еді. Яғни ол кезде тек армандаумен шектелетін едік. Ал уақыт өте мүлде басқа көзқарастар, мүлде басқа пікірлер қалыптасады екен. Мен өзім жастық шағымда әйгілі суретші боламын деп, армандаушы едім. Әкем шамамен төрт жасымда алғаш рет сурет өнері мектебіне бара бастағанымның құрметіне орай, үлкен бояулар коллекциясын сыйлағанда, екі көзім домалақтанып, қалай қуанғаным әлі есімде. Бүгінде сол арманның ұшқыны қалған ба, әйтеуір бір бүйрегім суретке бұрып тұрады. Ал қазіргі мамандығым… Тіл. Ана тілім. Елімнің биік болашағы. Сауатты ұрпақ. Ойлай берсең, ойлай бергің, қиялдай берсең әсте тоқтағың келмес. Сол әлемнің бір бөлшегі болып, өз қиялында қалқып жүре бергің келеді. Шындығында бұл асыл құндылықтар туралы, мен сияқты шынайы ойлайтындар өкінішке орай қазіргі таңда өте аз.

Айналадағы барлық құбылыстар, өзгерістер, қарым-қатынастар барлығыда маған тек жақсы жақтарынан көрінетін. Сонымен қатар, елі қуанса, бірге қуанып, мұңайса, бірге мұңайып өткен ғасыр ойшылдары А.Байтұрсынұлы мен Ы.Алтынсариннен бастап, қазіргі ұрпақтың қамын ойлап, ана тілімізді дәріптеп жүрген Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов және де жақын арада ғана қазақ еліне өзінің үлкен мұрасын қалдырып кеткен Фариза Оңғарсынова, Мархабат Байғұт сынды текті жазушылар мен ғұламалардың, айналамдағы мәдениеттілік пен салт-дәстүрді қатаң ұстанатын үлгілі ұстаздарымның арқасында қызығушылығым одан сайын артып, шабытым ұлғая түсті.

Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта елім үшін, мен үшін еңбек ететін болады. Мен оған сенімдімін. Маған және Отаныма еңбек ететін мақсатты дұрыс таңдағаныма сенімдімін!


7.«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз позицияңызды дәлелдеп жазыңыз.

Бүгінде күллі әлем жаһандық әлем дағдарыспен бетпе-бет келіп отырған сәтте, Ұлт басшысы Н.Назарбаев көрегендік танытып, мемлекетімізді тығырықтан алып шығатын «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Онда еліміздің биік мақсаттары мен міндеттері айқындалып, яғни «Мәңгілік ел» идеясы негізінде алға қарышты қадамдарды жасайтынымыз белгілі болды.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты-оның алдын алу. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Елбасымыз өз сөзінде: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен салауатты өмір сүруді саналарына сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деді.

Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз  қажет.


8. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы айтылған ойларын нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз

Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин шығармалары қазақтың қара домалақ балалары үшін үлкен мағынаға ие.Әсіресе,  оның  «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндерге рухани азық болды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілейін деп тұрған өтпелі кезеңінде Ыбырай жас жеткіншектерге  ой салатын, тәрбиелік мағынасы мол, түрлі қызықты әңгімелерді көптеп жазуға тырысып бақты. Мысалы,  ағартушының «Мейірімді бала» әңгімесі тәрбиелік мағынаға тұнып тұр десек артық айтпағанымыз.  Оған дәлел ретінде Сейіт бала туралы мына бір әңгімесіне құлақ түріп көрелік Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалады. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып танып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатады. Сонда сынықшы кісі:- Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? -деп сұрайды. Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлайды:- Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын,- дейді. Сейіт өзінің жас шамасына қарамастан жіберген қатесін түсінді. Ол екінші рет зар жылап, көз жасын көлдететін болса, ардақты ананың баласының еңіреген даусын ести алмай, талып қалатынын алдын ала сезгендей болды. Онсызда баласының қамын ойлап, зыр жүргіріп жүрген анасына қосымша жүк болмауды ойлады. Ер жігітке тән мінез көрсетті. Ішінен: «анашым сәл шыда өсуіме аз қалды» дегендей сезім қалдырды. Сейіттің мұндай іс-әрекеті екі түрлі мағына береді: алғашқысы балалықтан өтіп жауапты да дербес жетілгендікті білдірсе, екіншісі түн ұйқысын төрт бөлген анасын ерекше қастерлегенін айшықтайды.

Қортындылай келе Ыбырай Алтынсарин «Мейірімді бала» әңгімесінде адамдық қасиеттерді жақсы сипаттаған. Бүгінгінің тілімен айтқанда ана мен бала арасындағы ерекше байланысты психологиялық тұрғыда еркін жеткізген Ыбырай Алтынсарин шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі жеткен тәрбиелік мәнінің мазмұны әлі де қолданыста.


9. Әбунасыр әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін» деген пікірі туралы ойыңызды өмірмен байланыстыра отырып жазыңыз.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар.

Әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,

Мол бақыт күтем жас ұрпақ сеннен жасырман.

Басқаны қайдан ұлылық күтем өз басым,

Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Ендігі болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлап жазған ақын аға-апаларымыздың өлеңдерінен де көруге болады.

Арқауы ерен ерлік дастанының,

Қайраты елге әйгі жастарының.

Желбіреп көк байрағы тұрған шақта,

Жұлдызы жарқырайды аспанының.

Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытты не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білем.

«Ел боламын десен, бесігіңді түзе», - дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.


10. «...Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге» деген Абайдың қанатты сөзіндегі негізгі ойды қазіргі замандағы кітап оқуға деген сұраныспен байланыстырып жазыңыз.

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.

Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бір. Ақыл — ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.  

Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Тәуелсіздік ал­ғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біз­дің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғ­ни экономикалық-әлеуметтік жағ­дайына тікелей апарар жол – сол ел­дің білімінің дамуы болып та­былады. Яғни, болашақта бә­се­кеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену мін­деті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр.

Бүгінгі жас ұрпақ – ертең­гі мемлекет тұтқасын ұс­тау­шы білікті маман, ел тағ­дырын шешуші азамат.

 

11. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде көтерілген мәселенің маңыздылығын талдап жазыңыз

Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгі­месі өткен жылдың құйрықты жұлдызын­дай жарқ етіп, сөзге көңіл суарған көпшіліктің айы­­зын бір қандырып, қапысыз баба­мұ­рат­ты бағзы заманның шежіресіне қанық ет­кен-ді. Ұлттық құн­дылықтар мен өшпес мұраттар, дін мен діл­­ді, адамшылық пен азбандықты ту еткен шы­ғармасының кең ауқымына, терең иірі­мі­н­е қарап эпикалық әңгіме деп тануға бо­лады.

Құлдық қамытына байланған иісі қазақ, руы қыпшақ Кенжебекті түркпеннің құлақ-кес­ті құл-атбегісі «қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген» Тасқұл-қаңлы «Ай-Күн жа­рық­сыз болмас» деп жұбатады. Жылқышы ата түркпен мен қазақ руларының аталас, дағ­ды қалпын айырып, екі елдің жаугершілік мі­незінен сыр шертеді. «Қазақылық заманнан үш жүз бір ту астына біріксе, ер түрікпен­нен бөлек, Өр Алтайдан Еділге өтіп, қырғи­дай тиген құба қалмақтан, Ысық көлдің ар­ғы жағынан жөңкіліп тиісетін жауынгер тай­па қырғыздан. Ормандай кәпір орыстан, сірә да жеңілмес еді». Алты бақан алауыз бол­ғанымен, «кертағыдай бұл қазақ бүлік­шіл, өлермен халық екенін көрсет!» деп ба­ланы түрікпен ат бәйгесінде қаракөк тұ­қым, аузымен құс тістеген хас жүйрікпен қа­шырмақ болады. «Жылқы әулие, әулиеге тап­сырдым!». Көз алдыңызға көкірек ке­нересін даналық кемсерген, әулие-абыз қа­рияның зор пішіні келе қалады. Ғазиз, абы­ройлы өлімнің алдында құлқамыт өмір­дің түк мәні жоқ. «Өмір мен өлім деген не тәйірі!». Құлдықтан қашу зор үрей, алдын то­сып құмдақ шөл, сусыз шөлейт, алаөкпе­дей көбік құсқан ағынды дария тұр, бірақ, ата балаға қанат береді, құлдықтың түбі тек­сіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Тек­сіз­дік үлкен таңба, қала берді жұтылу. Жазушы қазақтық санадағы тексіздікті бүгінгі құл­дыққа да саяды, санаң құлдықтан азат бол­сын деп үгіт етеді.

Шығарма сәтті аяқталған. Ата сертке, қазақтың жомарт жүрегінің дұғалы лебізіне иланады. Батасы ердің көгермейтінін біледі.
Жазушының стиліндегі төкпелі жырдай алақұйын сөйлем легі, асқақтап шапшитын елірме пафос ерен рух қанатын байлайды, жайдақ аттай сылбырлықпен ел мен жердің аңысын шертіп, қазақтық кемел дүниета­ным­ға бөктіреді.


12. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын талдап жазыңыз.

Шетелдегі қандастарымыздың ұлттық-рухани, мәдени жағдайына байланысты қордаланған күрделі мәселелер жетерлік. Солардың ішіндегі ең бастысы әрі қауіптісі — болашақта өз ұлтының тарихынан, тілі мен руханиятынан, яғни қазақи болмысынан айырылған, сонымен қатар, өздері тұратын елдердің этникалық ортасына сіңіскен, түрі қазақ болса да, тілі бөтен ұрпақтың пайда болуы, шетелдегі жас жеткіншектеріміздің ассимиляцияға ұшырап кетуі.

Бұлай алаңдауымызға себеп те жоқ емес. Өйткені шеттегі бауырларымыз білім алатын көптеген қазақ мектептері жабылып, қазақ тілінің пән ретінде оқытылуы тоқтатылуда. Бұдан бөлек, қазақ тіліне қатысты шетелде оқытылатын оқулықтар мен басқа да оқу-әдістемелік құралдардың арасында алшақтық басым. Яғни қазақ тілінің грамматикасы мен басқа да шарттары түрліше оқытылуда. Әліпби де түрліше. Бір ғана мысал, қазақ тіліндегі сауатын төте жазумен ашқан Қытайдағы қандастарымыз Отанына оралғанда қазақ жазуын оқудан қиналып қалғандарына куә болып жүрміз. Осы тектес мәселелер кесірінен шартарапқа тарыдай шашылған қазақтардың басқа елдегі бауырларымен ауызша тілдесе алғанымен, жазбаша тілде ұғынысулары өте қиын жағдайда.

Шетелде қанша қазақ бар? Әлі күнге шетелдерде мекендеп жатқан қазақтардың саны туралы нақты мәлімет бір ізге түспеген. Кездескен мәліметтерде олардың ұзын саны 3,5 миллион мен 5 миллионның аралығында екендігі айтылады. Шамамен айтқанда, Ресейде 1 млн. 400 мыңға жуық, Өзбекстанда 1 500 млн. жуық, Қырғызстанда 70 мыңға жуық, Түркіменстанда 80 мыңға жуық, Моңғолияда 100 мыңнан астам, Қытайда 2 млн. жуық, Еуропада 30 мыңға жуық, Түркияда 20 мыңнан астам, Ауғанстанда 28 мыңға жуық, Иранда 3 мыңға жуық, Украинада 10 мыңға жуық, Тәжікстанда 10 мыңға жуық, Әзірбайжанда 4 мыңға жуық, Грузияда 3 мың қазақ бар деп есептеледі.

Қазақ тілінің елдегі қолдану аясын кеңейтіп, мемлекеттік деңгейде талап күшейсе де, шеттегі қандастарымыздың ана тіліне қатысты жоғарыдағыдай мәселесі тасада қалуда.


13. Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма? Баланың ата-ана алдындағы парызы жайлы ойың қандай? Ойыңды «Анаңның ақ сүтін Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың» деген халық даналығымен өз ойыңызды сабақтастырып жазыңыз

Еріктің бар есіл-дерті – ақша табу, байлыққа мастану, аң аулау, қиялдағы қызға ғашық болу. Айна – табиғаты момын, адамгершілігі, мейірім-шапағаты мол адам. Таған – аспирант, ғылым жолына түскенімен, жолы болмай, өмірден баз кешкен маскүнем. Ал Нүрке (Нюра) кемпір  осы үш адамға қосалқы әсер ететін төртінші кейіпкер ретінде сюжет желісін  бір-бірімен байланыстырып, дамытып отырады.

Әкесі Қандауыр Еріктің ес білмеген шағында қайтыс  болып кетеді. Ол әділетті, шыншыл адам ретінде суреттеледі. Шешесі Нюра Фадеевна (ауылдастары Нүрке деп атайды) – мыңдап марал өсіріп, пантысын (дәрі жасау үшін қолданылатын жас мүйіз) Қытайға сатқан сан жетпес омартасы бар кержақ-орыстың ең шонжары болған Фадейдің қызы. Нюраның  шешесі Анна Филимоновнаның жадылайтын сұңғыла өнері болғандықтан,  жұрт одан қорыққан. «Дұғаны оқыған кезде қара суды теріс ағызатын адам  еді» деп суреттеледі.Басынан небір азапты күндерді өткізген Нюра Еріктің қолында, сал ауруына ұшырағандықтан, орнынан тұра алмайды. Оған Еріктің әйелі Айна қарайды. Ерік пен Айна Алматыда танысқан. Қолаң шашы тізесіне түскен өте  өңді Айна қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетіне түскенімен, белгілі бір себептермен оқуын аяқтай  алмай, Алматы мақта-мата комбинатына орналасады.Осы кезде сұңғақ бойлы, көгілдір көзді, бұйра шашты денешынықтыру мамандығында оқитын ересек  жігіт Ерікпен танысады. Екеуі қатар жүргенде жұрттың бәрі тамашалап  қарайтын әдемі жұп болады. Ерік спорт мектебінде, Айна интернат тәрбиешісі болып, аудан орталығында он жыл жұмыс істейді. Шығарма экспозициясы бас кейіпкердің қазақтар Бек-алқа, орыстар  Фадиха деп атап кеткен, ол жылына бір рет міндетті түрде қатынайтын ауылға  сапарынан басталады.

Романның «Атау-кере» аталуында да үлкен мағына бар, өйткені «атаукере» адамның өлер алдындағы ең соңғы асы, дәмі деген мағынаны білдіреді. Қазақ арасында қатты ашуланып, ұрсысып қалған жағдайда «Атау-кереңді  ішкір» деген сөз қарғыс түрінде тұрақты тіркеске айналған. 


14. Бүгінгі қоғамда Еріктер көп пе? Тағандар көп пе? О.Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі Ерік пен Таған бейнелерін салыстыра талдау жасап, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз.

Бүгінгі қоғамда Еріктер көп пе? Тағандар көп пе? Анықтап, көрелік.

Таған – қандай қоғамның болмасын ажырамас бөлшегін құрайтын зиялы қауым өкілі, соның ішінде жеке бастық пасық мүддеден мүлде биік тұрған, елін, ұлтын алға бастырсам дейтін адал, таза, озық ойдың адамы, біз айтып отырған романдағы үш арнаның прогрестік, дамушылық, қазіргі тілмен айтқанда демократиялық мазмұнын білдіреді. Бірақ «әркімге еңбегіне қарай, әркімге қабілетіне қарай» дейтін әдемі ұранды жариялағанымен, ең алдымен саналы, қабілетті деген мүшелерінің көзін құртуға тырысқан тоталитарлық жүйеде Тағандар азшылық, Тағандар әлсіз, ең бастысы қауіпті санатқа жатады. Оларды құртудың, қудалаудың сан-түрлі амал-тәсілі ойлап табылғаны мәлім, соның бірі «атау кере» аталып, талай жақсы мен жайсаңның түбіне жеткен арақ болатын.

Ерік өзінен озғандарды, суырылып алған шыққан шешенсігендерді өлердей жек көреді, ол студент кезінен бері «мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды басындырмау үшін жаралғандай» бойын соқыр қызғаныш билеген қараниет, пасық жан. Ғылым-білім, мәдениет-өнер жолындағылардың бәрін еңбексіз күн көретін арамтамақ санап, зиялы атаулыны ата-жауындай көреді. Бір кезде өзінен тым биікте тұрған, ғылым мен білімде қатарластарына дес бермеген аспирант кластасы Тағанның араққа ғана жеңіліп, алқаш атанып, ендігі бір жұтым сыра үшін мұның құлы болуға дайын екендігін көргенде төбесі көкке жеткендей қуануы да сондықтан. Ал, Еріктің ақырында бүкіл тірлігі баянсыз болып, тіпті адам емес, жәндік-сонаға айналып қорлық, мазақ күйде өлуі заңдылықтай қабылданады.

Мінеки, шығарманың шап-шағын құрамдағы кейіпкерлерінің қуатты типтері, ең алдымен олардың ішкі әлемі барынша кең ауқымды қамти тұра, қат-қабат тағдыр айдап бүгінгі тіршіліктері тар кеңістікте тоғысқандықтан да, оқиғалардың өрбу, шарықтау барысы қас-қағымда өтеді


15. Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы лирикалық кейіпкердің бейнесін талдап жазыңыз.

Әдебиетке ХХ ғасырдың 70 жылдардың басында келген Жарасқан Әбдіраш өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасымен көрінген ақын. Оның «Найзағайлы жаз», «Дала, сенің ұлыңмын», «Соғыстан соң туғандар», «Перзент парызы» атты өлеңдер жинағы оқырманды жігерлі үнімен, ашық та таза сезімімен елең еткізді.

Ақынның шығармашылық келбетін даралай түсетін басты тақырып – туған дала. Дала қай ақынды болмасын толғантқан арналы тақырып. Кезінде Ілияс Жансүгіровтің далаға арнаған эпикалық кең тынысты туындысы өзге ақын шығармаларынан да дәстүр жалғастығын тауып жатты. 1975 жылы «Дала, сенің ұлыңмын» деген атпен жарияланған кітабына ақын дала туралы перзенттік сүйіспеншілікке толы өлеңдер топтамасын енгізген, «Туған дала» деп басталатын бұл туындыларында ақын қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Ақын туған өлкесінің тарихын зерделеп, оның алдындағы перзенттік парызын, жауапкершілігін терең сезінеді. Ақындық жолының басты шығармашылық нысанасына айналатынын ашық айтады сезіндіреді. Дала – поэтикалық образ. Ақын дала дегенде, ең алдымен, туған халқын, оның жомарт мінезі мен батырлығын, әр алуан психологиясын ұғынады.

Жарасқан Әбдірашевтің романтикасы реализммен астасып жатады. Ақынның әр жылдары жарыққа шыққан жыр жинақтарына назар салғанда, үздіксіз ізденісті, көтеріңкі пафоспен өрілген шешендік үлгідегі поэтикалық сөз тіркестерін молынан ұшыратамыз. Мағжанға тән терең сыршылдық, адамның ішкі болмысына үңіліп, оны бейнелеп, айшықтап көрсету тәсілі ақын лирикасында жаңаша қырымен түрленеді. Жарасқан Әбдірашев поэзиясының бір саласын құрайтыны – ақынның эпиграммалары.

Түп тамыры антикалық әдебиеттен басталатын бұл жанр, ақынның өзі сипаттағандай «ежелден мәдениетті Еуропа поэзиясына жеңіл қалжыңның желбегейін сыпырып тастап, сатираның жалаң қылышын жанына байлаған жалаңтөс батырлығын байқата келген.


16. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі ақын сынаған мінездердің бүгінгі қоғамдағы көрінісін талдап жазыңыз.

Қаңғыртты, қысты басымды, -деп, өз ішіндегі ой толқыны, жеке бастың уайымшыл сыры емес, «Мақсұт – алыс, өмір – шақ» деген Абай, халық үшін мұңлы ой тұманына батқан қайғылы күйін:

...Не ол емес, бұл емес,

Менің де күнім күн емес,- дей отырып,

...Болмасқа болып қара тер,

Қорлықпен өткен қу өмір, - деген ақын, тартыспен өткен қайғылы өмірінің мағынасыз қорытындысын шығарғандай болады.

Менсінбеуші ем наданды,

Ақылсыз деп қор тұтып.

Түзетпек едім заманды,

Өзімді тым-ақ зор тұтып.

Таппадым көмек өзіме,

Көп наданмен алысып.

Көнбеді ешкім сөзіме,

Әдетіне қарысып,- деген Абай, өзінің бүкіл еткен еңбек, кешкен ғұмырын, «өмір-заяға» балап, келер күннен жақсы үміт күтпегендей.

Қоғам тіршілігіндегі жаманшылықты ақылмен, үлгілі тәрбиеге шақырған үгіт-насихатпен түзеуге болады деп, тартысқа кірісетін, кейін ол ойлары мен арманды мақсаттарына қанша еңбек етсе де жетпейтініне көзі жеткен соң, түңілу аралас уайым, үмітсіздікке бір Абай емес, Абайға ұқсаған адамзат тарихындағы данышпан ой-алыптарының бәрі де дерлік барған.

Міне, осындай ой-алыптары, өздері сол заманды жан-тәнімен жек көріп, әшкерелей отырып, тарихи шындық ақиқатты және сол замандағы жексұрын кертартпа надандардың бәрін қатарынан тізіп таңбалап беріп отырады. Ақынның арманды, мұңды ойларының өзі де туған халқы мен әлгі жексұрын «дала паразиттері» туралы болса да, ол солар арқылы олар өмір сүрген қоғам мен заман туралы қымбат та, бағалы тарихи дерек қалдырды. Жанын жей отырып жазған ақын еңбегінің ұрпақ алдындағы тарихи құндылығы да осында шығар.


17. М. Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.

Қаныш Имантайұлының толық ғұмыр жолын баяндаған «Қазақтың Қанышы» роман-эссесі үш бөлімнен тұрады. Қ.Сәтбаевтың өмір сүрген дәуірі – үлкен-үлкен тарихи оқиғаларға толы қилы кезең.

Романның «Баянаула аясында» атты алғашқы бөліміне оның дүниеге келгенінен бастап, кен инженері атанғанына дейінгі өмір жолы арқау болған. Өзінің білімге құштарлығының, алғырлығының арқасында Сібірдегі технология институтынан білім алды. Ашқұрсақ студент шағында Геолкомның Сібір бөлімшесінде екі рет баяндама жасап, ғалымдардың назарына ілігуі, М.Н. Русаковтың барлау партиясына қосылуы, қазақ жеріндегі жер, су, тау аттарына ерекше мән беруі – болашақ ғалымның тәжірибе жұмыстарының бастау көзі ретінде суреттелген. Талқылау. Сібір өлкесіндегі Том өзенінің жағасында ірге тепкен Томск қаласын ХІХ ғасырда-ақ «Сібірдегі шамшырақ» атағаны тарихтан белгілі. Оны тіпті ескі грекжұртының атақты ғылым ордасына теңеп, «Сібірдің Афинасы» деп те құрмет тұтқан. Қаныш Имантайұлының Том қаласындағы Технология институтында оқыған жылдары «Сібір шамшырағы» деп аталатын бірінші бөлімнің мазмұнын құрайды.

Шөкиннің пікіріне сүйенетін болсақ, жазушы романның «Ұлытау жотасында» атты екінші бөлімінде Қаныш Имантайұлының Жезқазған кенішінің ашылуы, оның толықтай іске қосылуы жолындағы нақты іс-әрекеттеріне тоқталған. Ғалымның Жезқазған кенінің гидротермальдық тегіне қалтқысыз сенуі, мыс ерітінділері құйылған жарықшақ сызаттарды қолмен ұстағандай тап басуы, әрдайым құнарлы кеннің үстінен шығуы – геологиядағы көрегендігі ретінде суреттелген. Жаңа кен орнын табуда, оны ашуда түрлі кедергілерге жолығып, қиындықтарға тап болуы, оларды адал, тынымсыз еңбегімен жеңе жүріп, өз дегеніне жетуін Т.А.Кошкинаға жазған хаттары растайды.

Соғыстың алғашқы жылдарындағы «Жезді дауы», Қаныш Имантайұлының үмітін ақтау жолындағы кеншілердің жанкешті ерлігі нанымды бейнеленген. Жазушы Иосиф Николаевич Богданчиков пен Қаныш Имантайұлының диалогымен Қазақтың Қанышының көрегендігін көрсеткен: Қорыта айтқанда, роман соңындағы академик Қ.И.Сәтбаевтың есімін мәңгілік жадымызда сақтау мақсатында жасалған шаралар оның екінші өмірі ғұмырлы екендігін байқатады.

Жазушы Медеу Сәрсеке – өз шығармашылығында қазақтың жоғын, тарихи тұлғаларын түгендеп жүрген қаламгер.


18. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық әлемінің қуаттануына әсер еткен себептерін талдап жазыңыз.

Абай және Әуезов, Абай тәлімі, Мұхтар Әуезовтің Абайды танып-білуге қосқан үлесі. Мұның өзі екі үлкен сала. Бірі Мұхтар Әуезовтің абайтануға, яғни Абайдың өмірі мен шығармашылығын, оларға қатысты мәселелерді баяндайтын ғылыми еңбектерін, зерттеулері мен мақалаларын талдап бағалау. Екіншісі Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі, оның заманын, өмір жолын, ақындық, ағартушылық, қоғамдық қызметін сипаттап көрсетуі, яғни Мұхтар Әуезовтың Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы, киносцена­рийі, әсіресе төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы төңірегінде айтылған, қорытылған ой-пікірлер.

Тағы бір өте маңызды қыры бар. Ол Абай шығармашылығының, әдеби мұрасының Әуезовке әсеры қпалы туралы, әсіресе «Абай жолы» роман-эпопеясында Мұхтар Әуезовтың Абай шығармаларын деректік тірек етуіне қатысты айтылатын жайлар. Мәселеге бұдан да кеңірек келсеқ Абай мен Әуезовті қазақ әдебиетіндегі екі дәуірдің, екі ғасырдың (яғни 19 ғасыр мен 20 ғасырдың) аса ірі өкілдері ретінде алып, ұлттық сөз өнеріміздегі дәстүр жапғастығы тұрғысынан қарап, олардың үндестігі мен өзгешелігі қандай екенін байыптаудың өзі осы екі сөз шеберінің өнерпаздық тұлғасын айкынырақ түсінуімізге себін тигізеді. Мұхтар Әуезовтің Абайдың елендерін, калдырған енегесін осындай ортада жүріп қабылдап, жасынан көңіліне құйып ескені, олардың арасында рухани жалғастык тууына жағдай жасағанын толық ескеру қажет. Жалпы тарихи-әдеби зандылық шеңберінде осылай бола тура, Мұхтар Әуезовтің Абаймен рухани жақындығының сыры мен сипаты бөлек. Өзгені былай қойғанда, «Абай жолы» роман-эпопеясында Абай за­мены, дәуірі, халықтың тағдыры аса мол, терең бейнеленетінін ескерсеқ осы мәселелерге Абайдың кезқарасы мен Мұхтар Әуезовтің кезқарасы, уғым-тусініктері арасындағы үндестіктер бар екені анық анғарылады.

Романдағы бүкіл ірілі-ұсақты оқиға, тартыс, коллизиялар Абай арқылы, не оның тікелей қатысуымен, не әйтеуір қалайда араласуымен, не оның кэңіл күйіне, ой дүниесіне, жалпы кезқарасына, дүниетанымына байланысы арқыпы суреттеліп, бір-біріне ұласып, тұтасып жатады.


19. Е. Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінде көтерілген баспана мәселесінің қазіргі күндегі өзектілігін дәлелдеп жазыңыз.

Жазушының тілі – әдебиетке Хемингуэй енгізген «телеграфтық стиль»: айтайын деген ойын қысқа да нұсқа, нақты, шебер жеткізеді.

Автор осы шығармасының жазылу тарихы туралы былай дейді: «Студент  кезімде барахолкадағы (Алматыдағы киім-кешек базары ред.) бір достарымның  жалдамалы пәтеріне бардым. Қожайын әйел (өзге ұлт  өкілі) кіріп, менің келгеніме бола реніш білдірді. Аналар жүз теңге беріп еді,  жайына кетті. Дәл сол кез ойыма әлгі әңгіменің сюжеті келді. Өзім тұратын ҚазҰУ-дың 17-жатақханасындағы бөлмемде тыныштықты  пайдаланып, екі сағатта қағазға түсірдім. Екі жігіттің орнын жас  ұбайларға алмастырдым да, бірінші жақпен баяндадым. Осындай баспана деп атауға ауыз бармайтын «пәтерсымақта» жас отбасы нешетүрлі ит қорлықты көреді, кейіпкер жігіт қайнағасының алдында масқара болады.«Ел ауылдан туысым келетін болды деп қуанса, мен бұл күндері туысым  келетін болды депқорқатын болдым. Әуел десеңіз, дәл мынандай кезде әкем  мен шешенің келуін де қалам айттың едім. Қайсы төсекке жатқызам деп  сарыуайымға салындым. Телефонмен сөйлескенде «әдірісін айтқан соң, өзім  тауып барамын» деген еді. Бір күні кеште ойламаған жерден жаңбырлатып  жетіп келмесі бар ма, лашығымызды көріп, шошып кетті. Есіктен төрге дейін  көзі шарасынан шыға жаздап, үрейлене көз жүгіртті».Жазушы жас жұбайлардың әлеуметтік мәселені шеше алмай, шаңырақтары  күйреп жататын себептерінің бірі баспана қиындығы екенін де аңғартады. «Мен  қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, өмірімде тап болмаған тылсым бір бақытсыздық күй кешудемін. Қайнағам тұнжырап, келіншегім жылап отыр, оған  жаным ашыды. Ай мен күндей жарқыраған сұлу келіншек, ешкімнің қолы жетпеген, менің ғана қолым жеткен сұлу келіншек, үріп ауызға салардай аппақ сұлу  келіншек көз алдымда жылап отыр. Мен оны жылату үшін алып па едім?! Оның көз жасы менің жүрегіме, жүрегімнің ішіндегі өзекке тамшылап жатқандай». Осы жайтқа байланысты Әбікенұлының шығармашылығын зерттеп жүрген Әсия Бағдәулетқызы осы мәселенің ауруы тым тереңде жатқанын айтады: «Пәтер іздеп жүр едік…» бір қарағанда, көп қазақтың басындағы жағдай ғой. Таңғалатын, таңсық ештеңесі жоқ. Бірақ Ерболаттың жазуында сіз тұрмысының  қиюы қашқан қазақты ғана көрмейсіз. Сіз сол тұрпайы тұрмыстың азаматтың  азамат басын қалай итше тепкілеп, қорлайтынын көресіз».

Шығарма көлемі шағын болғанымен, айтатын ойы салмақты, күрделі: оқырман сезіміне дәл тиер сөздерді, сөйлемдерді қолданады.


20. Б. Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған тарихи кезең шындығына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.


Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – Кеңес заманының озбырлығы мен оспадар саясатын әшкере еткен аз кітаптардың бірі және бірегейі. Бұл романда Кенесары туралы еңбек жазған Алдияр Ақпанұлы мен оның шәкірті Аяған Қуатовтың өмір өткелдеріндегі қым-қиғаш оқиғалар, арандатушылық әрекеттер, шындық үшін күрес жолындағы қиындықтары сөз болады.

Бірақ кітаптың соңында шындықты дәлелдеймін деп арпалысқан, алысқан азаматтың барлығы өмірден озады. Өмірзая... Бірақ олардың ерліктері ел есінен шыққан жоқ.Романдағы басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары кеңестік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, сбнісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады. Міне, озбырлық кезең – зобалаң заман шындығы. Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өз үдесінен шыққан. Жазушы Баққожа Мұқай бұл романы үшін 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді.Роза Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" пьесасы 18 жыл бойы қазақ театрының сахнасында үздіксіз қойылып,көрермендердің ыстық ықыласына бөленген. Шығармада ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. «Мәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі.

Қорытындылай келгенде, тоталитарлық жүйенің тигізген зауалы айтылған. Халықтың ерен ерлігі мен тағдырдың ащы тауқыметі көрініс тапқан.


21. Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы» деген позицияны ұстана отырып, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз


Сталинге жазылған атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар Мүсірепов, Ғатаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиевтар еді ғой.

Оның "Рухы биік тұлға" атты жаңа еңбегі атақты "бесеу-дің" бірі Мүтәш Дәулетқалиевқа арналған. Шерхан Мұртазаның алғы-сөзімен жарық көрген бұл кітаптан көзі ашық оқырман М.Дәулетқалиев өмірінің көптеген деректерімен тереңнен танысады. Оның Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келгенін, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітіргенін, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарғанын біледі. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен. Әлі 1937 жыл болмағандықтан, Голощекин қанша тісін қайраса да олардың басын жойып жіберуге құдіреті жетпей, тек "оппортунистер" деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Мүтәш ағамыз Арал қаласы парткомының бірінші хатшысы қызметіне "жіберіледі".

Одан қайтадан Алматыға келіп, Қазақ өлкелік комитетіндегі мәдениет бөлімін басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетіне хатшы боп кетеді. Әйтеуір, 1935 жылы Қазақстаннан кетіп, көзі жоғалғанша Голощекин оның соңына әбден түскен екен.1938 жылы Мүкең "халық жауы" деген жаламен ұсталады… Қалған өмірін кітаптан оқыр деген ниетпен әрі қарай жазбадық. Тек оның, 1982 жылы Алматы қаласында өз ажалынан дүниеден озғанын білдіре кетелік. Аталмыш кітапта оның ата-бабасы, туған-туыстары, бала-ша-ғасы туралы да мол деректер бар.

Қорытындылай келгенде, Алаштың бір арысын танытуда кітаптың пайдасы зор. Сонымен бірге, "Бесеудің хатының" Президент мұрағатынан алынған түпнұсқасы да осы еңбекте еш өзгеріссіз жарияланған.Әттең, осындай дерек кітаптар "сол бесеудің" басқалары туралы да болса ғой. Соның ішінде хатқа: "1-й секретарь Акмолинского райкома партий Мансур Гатаулин" деп қол қойған ақмолалық азамат туралы кім не біледі екен?..


22. С. Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасындағы кейіпкерлердің көзқарасындағы қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып, ұлттық болмысқа жат мінез-құлықтарды талдап жазыңыз

«Тойдан қайтқан қазақтар» деп аталатын екі бөлімді комедия бұл – көзбояушылық, бастықтың алдында құрдай жорғалау, сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдағы келеңсіздікті жағымпаздану арқылы ғана күн  көріп жүрген типтік бейнелер екені көрінеді.

Өздерінің руының адамдарын  «…батыр бабамыз … бес жасында шешен, он жасында қол бастаған көсем  болды…» деп дәріптеп, қазақ тарихын өрескел бұрмалаушы жалған «тарихшы-ғалымдар» Асай Мүсеевич бейнесіне жинақталған. Ал Қошқарбай секілділердің оларды: «Ұлы ғалым… Бұл кісінің ашқан жаңалықтары керемет!» деп  жағымпаздана көпіртіп мақтауы – біздің қоғамда кездесіп қалатын жағдай.  Пьесадағы тағы бір кейіпкер Мэлис Әлібаевич – өз қызметін асыра   айдаланушы, туыстарын, жағымпаздарды маңына жинаған қуыс кеуде мансапқоршенеуніктердің жинақталғанбейнесі.  Жандайшаптар қалай жағынарын білмей, тіпті президент болуыңызкерек деген идея ұсынады: «Айтпақшы дейім, Мэлис Әлібаевич, сіз алдағы сайлауда президенттікке өз кандидатураңызды ұсынуыңыз керек!» Бұл, әлбетте, Мэлис Әлібаевичтің жанына жағып кетеді: «Жо-жоқ, оған әлі ертелеу!.. Ертелеу!..Ең алдымен (даусын ақырын шығарып). Сізден несін жасырайын, осы жақында министр болатындай мүмкіндігім болып тұр!». Мэлис Әлібаевичтің «оған әлі ертелеу» деген сөзі оның президенттіктен де дәмелі екенін аңғартады. Оның екіжүзділігі жанындағыларға уәдені үйіп-төгіп беріп, кейін тайқып кетуінен аңғарылады. Жолсерік келіншек. Мәке! Мэлис ағай, сіз маған… әлгі айтқаныңыз… Уәдеңіз…Мэлис Әлібаевич. /оны енді байқап/ А, сіз маған бірдеңе айтайын деп пе едіңіз? Арызыңыз бар ма еді?!.. Оны кеңсеге әкеліңіз!.. Канцелярияға апарып  тіркетсеңіз, маған жібереді… Көреміз сосын… Ал, сау болыңыздар! Өзі ерігіп, қыдырып, қызық қуып жүрсе де, жұртқа «Жұмыс істеу керек!..  Той тойлап, жүре бермей, жұмыс істеу керек!» деп ұрысып кетеді. 

Пьесадағы басқа да кейіпкерлер: пойыздың бастығы, саудагер әйел, жолсерік келіншектің іс-әрекеттері де, кез келген мәселеде бармақ басты, көз  қысты, екіжүзділікпен өмір сүретін қазіргі тұрмыс қайшылықтары да уақыт шындығына сәйкес бейнеленген. Пойыз бастығы мен жолсерік әйел – сырттай мінсіз, халыққа адал қызмет етушілер болып көрінгенімен, пайда тауып қалу  мақсатымен билетсіз жолаушыларды пойызға отырғызуды көздеген адамдар. Билетсіз жолаушы – алыпсатарлықтың құрбаны. Көліктердің билет сату  қызметін электронды жүйеге көшіргенімен, пойыз билеттері әлі де болса, алыпсатарлардың қолында кететіні – қоғамдағы шынайы, өзекті мәселе.

Қорытындылай келгенде, автор билетсіз жолаушының ата-баба басына құран оқыту үшін жүргенін келтіру арқылы бір үміттің бар екенін де білдіреді.


23. «Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы» деген позицияны ұстана отырып, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз

Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек  жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті.

Жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін  «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше.  Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап  жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.

Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.

Қорытындылай келгенде, адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында  адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне  грек философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі.


Б) Міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отызыншы жылына қадам басып отыр.Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы.

Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.Қазақ елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер болды. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қынадай қырылған 1930-1933, ел тізгінін ұстаған азаматтардан 1938 жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жақан далада өмір сүруі, тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған еді. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген бабаларымыздың есімдері алтын әріппен тарихта қалды.Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды.

1991 жылдың 16-желтоқсан күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Ән-ұранымен айбатты.Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты…

Қорытындылай келгенде, Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!


24.М. Әуезовтің «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні» деген пікірінің келелі екенін бүгінгі күнмен байланыстырып жазыңыз.

Қара сөздер» атты философиялық шығармасында, Абай әрбір сөзімен ұлттық сананы қалыптастыруға, ел мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге ұмтылды. Өркениетті елдердің қатарына қосылудың бірден бір жолын білім мен ғылымды игеруден көрді және ел бірлігі ұлт тұтастығының кепілі деп таныды.

Осы орайда, мемлекет басшысы өз мақаласында, Абайды рухани өміріміздің темірқазығы ретінде қабылдауға шақырып, мол мұрасының елдің дамуына тигізер пайдасы зор екендігіне аса мән беріп және ақын сөздерінің бүгінгі заманда да көкейкестілігіне жұртшылықтың көңілін аударады.

Абай шығармалары ұлтымыздың тұрмыс тіршілігін, мінезі мен дүниетанымын, ділі мен дінін түгел қамтиды. Сондықтан ұлттық жаңғыру ісінде оның еңбектерін басшылыққа алып ұтымды пайдалану қажет, себебі ақын көтерген мәселелер бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтқан жоқ. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деп Абай әрбір қазақ баласын өз елінің парасатты және ұлтжанды азаматы болуға шақырды. Кемеңгер ойшыл «атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деп, өмірдің мәні мен мақсатын Адам болу деп таныды. Біз жастардың тәрбиесін, ұлтты Абайша сүюден, елдікті, мемлекетті қадірлеуден бастауымыз керек.

Хакім Абай ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазақ халқын білімі мен мәдениеті дамыған елге айналдыруды көздеді. Автор өз мақаласында, Абай мұрасы ұлт санасын қалыптастыруға, жастардың бойында елі мен жеріне деген патриоттық сезімді оятуға, рухани жаңғыруымызға игі ықпалын тигізеді деп есептейді. 

Қорытындылай келгенде, ел ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайту үшін де Абайдың ой-тұжырымдарына зейін қойған абзал деп санайды.


Б) Абай философия тарихында әділетті қоғам орнату идеясын көтерген тұлғалардың бірі саналады. Демек, Абай шығармалары елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін нығайтатын, мемлекетті сыйлаудың, билік жүргізетіндерге қойылатын талап-шарттардың мән-маңызын түсіндіретін темірқазық болуы тиіс. «Бас басына би болған өңшең қиқым, мінеки кетірді ғой елдің сиқын» деп ашына айтқан кемеңгер тұлға, мемлекетті билеу формасының озық үлгісі ретінде меритократиялық құрылымға ерекше мән береді.

Мемлекет басшысы осы мақсатта еліміздегі өзекті деген мәселелерді бірге талқылап, ортақ шешім табу үшін құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жіті қадағалап отыратынын атап айтады. Қазақстанда саяси-әлеуметтік жаңғыру үрдісі де жүріп жатқаны белгілі, дегенмен «сабыр түбі сары алтын» деп өмір сүріп келген халқымыз популистік идеяларға жол бермейтінін, ұлттық мәмілеге келудің тиімділігін, республикадағы көпұлтты демографиялық жағдайды ескеру қажеттігін әр кезеңде дәлелдеп келеді. Даңғазалық пен мақтаншақтық, өзгені қор, өзімізді зор санаудың елге тигізер зиянын Абай өз еңбектерінде жеріне жеткізіп айтып кеткен болатын. «Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөзін алма” деген ойшыл, жақсы мен жаманды ажыратудың қарапайым амалдарында ұсынып кеткен еді. Расында да әпербақан саясат пен ұлттық эгоизм салдары кез келген елдің дамуына, азаматтық қоғам орнату мүмкіндігіне және мемлекет тұтастығына қатер төндіретін қауіпті үрдіс.

Президент өз мақаласында, еліміздің әрбір азаматын, бүгінгі жаhандану заманында әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуіне ерекше көңіл аударады. Бұл мәселенің шешімін Абайдың» «кемел адам» формуласынан іздеуді ұсынады. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деп дана ақынның өзі айтқандай, жастарымызды білімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адам ретінде тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мұраты.  

Қорытындылай келгенде, кезінде Абайдың қазақ баласына өсиет еткен «кемел адам» философиялық ұғымын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та өзінің «Абай туралы сөз» атты кітабында тілге тиек еткен болатын. «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы», – деп жазған еді.


25. Абайдың Он жетінші қарасөзіндегі «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» сөзінің мәнін дәлелдеп жазыңыз.

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.

Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, Айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.

- Ей, ақыл! Амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.

- Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.


Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінде көтерілген мәселені бүгінгі күнмен үндестіре талдап жазыңыз.

Өзім шетелде білім алып, шеттегі қазақ жастарының жай-күйімен етене танысып келгендіктен, сол жайттарды ортаға салмай, үнсіз қалуды жөн санамадым. Еуропадағы қазақ бауырларымыздың басты проблемалары — шеттегі қазақтарға қазақ тілінен дәріс беретін маманның жетіспеушілігі. Осы мәселеге қатысты біз, жастар, бұрын да бастама көтерген болатынбыз, алайда қолдау болмаған соң, аяқсыз қалды. Сондай-ақ, шетелде жүргенде менің байқағаным, қай елдегі қандастарымыз болмасын, тек орта буын өкілдері ғана қазақ тілінде еркін сөйлейді. Ал кейінгі толқындары ауызекі қатынас тіл ретінде көбінесе өздері өмір сүріп отырған елдің тілін қолданады, қазақшаға шорқақ.

Екінші мәселе — шетелдегі қазақ балаларының ана тілін меңгерулеріне жағдай жасау, қолдау көрсету. Олардың барлығын көшіріп әкелу мүмкін емес, алайда сол шеттегі қазақ балаларының ана тілдерінен ажырап қалуына жол бермеуіміз керек. Қазақ тілінің шетелдердегі өрісі туралы айтқанда, мынадай үш арнаны бөліп көрсетуге болады. Бірінші өріс – елімізбен іргелес елдердегі қазақтар мен алыс шетелдердегі қазақ диаспорасының тілі. Қытайдағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы қазақтардың басым бөлігі өздерінің байырғы ата-бабасының жерінде мекендеп жатыр. Тарихтың таңдауы, тағдырдың жазуымен қандастарымыздың бір бөлігінің қызыл сызықтың сыртында қалуына тура келген.

Екінші өріс – шетелдерде қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдері. Бұған Түркия, Америка, Ресей, Оңтүстік Корея, Германия, Польша т.б. елдердің университеттері жанынан ашылған қазақ тілі кафедралары мен зерттеу орталықтарында қазақ тілін үйреніп жүрген шетелдік азаматтарды мысалға келтіруге болады.

Үшінші өріс – түркі тілдес елдер. Бүгінгі күні түркі әлемі 200 миллионнан аса адамнан асатын, ірі кеңістікті алып отыр. Венгрия қыпшақтары мен Болгария бұлғарлары да өздерінің түп-тамырларын осы түркі әлемінен тартып, болашақтарын бізбен байланыстырғысы келеді.

Қорытындылай келгенде, бұл өрісті қазақ тілі мен елінің болашағы үшін келешегі мол бағыт деп есептеуге негіз бар. Бұл орайда елімізде құрылған Түркі академиясының атқарып жатқан істері және осы ұйымға жаңадан басшылыққа келген Дархан Қыдырәлінің қолға алған бастамалары зор үміт күттіреді.


30. «Зияткерлердің сыртқа кетуін тоқтату үшін болашақ ұлт маманы ретінде не істер едің?» Берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын көрсетіп, өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.

Мемлекет басшысының Жастар форумында берген тапсырмаларының бәрі де аса маңызды және олар өз деңгейінде орындалатын болады. Осы тұста, мына жайтқа да тоқталғым келеді. Бұл - ауыл жастарының мәселесі. Шыны керек, осы жерде отырған көбіміз ауылдан шықтық.

Ауыл - Қазақстанның алтын бесігі, біз үшін сакралды туған жер.  Жастар жылында біз ауыл жастары мәселесін жан-жақты шешудің жолдарын қарастырып жатырмыз. Оның ішінде, Елбасы айтқандай, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы арқылы ауылға барған жастардың алғашқы жәрдемақысы 100 айлық есептік көрсеткішке өсіп отыр», - деді министр.

«Серпін», «Жас маман», «Жас кәсіпкер» бағдарламаларының  мақсаты бір - ауыл жастарының ахуалын жақсарту. Әрине, бүгінгідей урбанизациялық, цифрлық, жоғары технологиялық дәуірде ешкімді ауылға байлап отыра алмайсың. Алайда, тым болмағанда, ауылдыңәлеуметтік-экономикалық жағдайы қаламен теңесе бастайтын болса, ауылдың оты ешқашан өшпейді деп ойлаймын!». Жас маман бола жүріп, мен нені ұқтым? Нәтижеге жету үшін жұмысыма махаббатпен, ерекше құлшыныспен кірісуді жөн көрдім. Өз ісіме, жауапкершілікпен қарауды, өз ісіме есеп беруге үйрендім. Жаңашыл болуға, тың нәрсені байқап, жаңа жол табуға талпындым. Ізденісті тоқтатқан жағдайда мұғалім атынан айырылатыным анық. Сондықтан да, үйренуден жақсыға ұмытулға жалыққан емеспін.

Шәкірттердің теорияда алған білімдерін практикада пайдалана білулері өте маңызды. Яғни, біз мұғалімдер оларға білім беріп қана қоймай, оны өмірде пайдаға жарата алуларына жағдай жасауымыз қажет. Осы орайда биология пәнінен арнайы факультатив, үйірме жұмыстарының тиімді іске асып жатқанын да тілге тиек етемін.

Бүгінгі жас мамандар – еліміздің ертеңі. Олар Қазақстанның дамуына үлесін қосар азаматтар, болашақ білікті мамандар, өз ісінің шеберелері. Заман талабына сай қызмет еткен жас маманның нағыз майталман маманға айналмауы мүмкін емес. Ол үшін әрине, елбасымыз айтқандай, әрбір жас өз – өздерімен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдерін, кәсіби құзырықтарын арттыру қажет.

20 Наурыз 2025
178
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі