Материалдар / Эссе. Ұлпалар , мүшелер және мүшелер жүйесі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе. Ұлпалар , мүшелер және мүшелер жүйесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тірі организм құрылысының ең кіші бірлігі жасуша болып табылады. Әрбір жасуша құрылысының ерекшелігіне қарай белгілі бір қызмет атқарады. Белгілі бір қызметті бірігіп атқаратын мүшелер, мүшелер жүйесін түзеді. Өсімдік мынадай мүшелерден тұрады: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл. Жануарлардың мүшелері: жүрек, бүйрек, өкпе, қарын және т.б.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2022
925
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

М.Маметова атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі












ЭССЕ


Ұлпалар , мүшелер және мүшелер жүйесі












Орындаған: Мекенбай А.М.

Оқытушы: Пернебаева Г.И.

















Ұлпалар, мүшелер және мүшелер жүйесі


Тірі организм құрылысының ең кіші бірлігі жасуша болып табылады. Әрбір жасуша құрылысының ерекшелігіне қарай белгілі бір қызмет атқарады. Көпжасушалы организмдердің жасушаларынан ұлпалар түзіледі.

Ұлпа – шығу тегі, құрылысы мен қызметі бірдей жасушалар тобы.

Өсімдіктерде ұлпаның алты типін ажыратады: түзуші, негізгі, өткізгіш, жабындық, бөліп шығарушы және тіректік.

Түзуші ұлпа тамыр ұшы мен өркен ұшында орналасатын жасушалардан тұрады. Бұл жасушалар үнемі бөлініп, жаңа жасушалар түзеді, нәтижесінде өсімдік өсіп дамиды. Түзуші ұлпаларға сабақта орналасқан камбий жатады. Оның жасушаларының бөлінуі нәтижесінде сабақ жуындап өседі.

Негізгі ұлпалар фотосинтездеуші және қор жинаушы ұлпалардан тұрады.

Фотосинтездеуші ұлпалар жасуша қабықшасы жұқа тірі жасушалар жиынтығынан тұрады, олардың цитоплазмасында көп мөлшерде хлоропластар болады. Бұл ұлпалардың негізгі қызметі – фотосинтез процесіне қатысу.

Қор жинаушы ұлпалар қор заттарын жинайтын жасушалар тобынан тұрады, қорға нәруыз, май, көмірсулар жиналады. Сондыктан бұл ұлпалар түйнектер, пиязшықтар, тамыржемістер, тұқымдар, жемістерді түзеді. Бұл ұлпаларға су жинаушы ұлпалар да жатады.

Жабындық ұлпа – бұл жасушалар тобынан қабықша, тоз түзіледі. Ұлпаның негізгі қызметі – өсімдіктің ішкі жүйесін зиянкес микроорганизмдердің енуінен қорғап, судың артық булануынан сақтау.

Өткізгіш ұлпалар суда еріген минералды заттарды тамырдан өсімдіктің жер беті бөліктеріне және органикалық заттардың жапырақтан басқа мүшелерге жеткізілуіне жауапты. Бұл қызметті сүрек түтіктері мен тіннің сүзгі тәрізді түтіктері атқарады.

Бөліп шығарушы ұлпаларға шайыр жолдары, шірнелік, сүт жолдары жатады.

Тіректік немесе механикалық ұлпалар өсімдік мүшелеріне беріктік қасиет береді. Олар қабықшасы қалың жасушалардан тұрады. Олардан жаңғақ пен емен жаңғағы қабықшасы, алхоры, өрік сүйектері түзіледі. Мұнда жасушалар тұтас қатты ұлпа түзеді. Жасушада көбіне тірі заттар болмайды, бірақ олар жас өсіп келе жатқан жасушаларда болады да, кейіннен толықтай бұзылады.

Жануарларда ұлпаның төрт түрі болады: эпителий, жүйке, бұлшықет, дәнекер.

Эпителий ұлпасының жасушалары бір-бірімен тығыз байланысқан, олар теріде, мүшелердің ішкі қабырғаларында қорғаныш қабатын түзеді.


Жүйке ұлпасы нейрондардан тұрады, олар ми мен жұлынның қызметін қамтамасыз етеді.

Бұлшықет ұлпасы ішкі мүшелердің қызметі мен организмнің кеңістікте қозғалуын қамтамасыз ететін дене бұлшықеттерін түзеді.

Дәнекер ұлпалары тіректік, беріктік қасиет беріп, оттек пен қоректік заттарды тасымалдайды, оларға қан, лимфа, шеміршек, буын, сүйек жатады.

Ұлпалардан мүшелер түзіледі. Мүшенің денеде тұрақты орны, белгілі құрылысы бар және нақты қызмет атқарады. Әдетте, мүшені бірнеше ұлпалар жиынтығы құрайды, бірақ олардың біреуі ғана оның маңызды, басты қызметін атқарады. Мүше тұтас организмнің бөлігі болып табылады, ол организмнен тыс жұмыс істей алмайды.

Өсімдік мынадай мүшелерден тұрады: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл.

Жануарлардың мүшелері: жүрек, бүйрек, өкпе, қарын және т.б.

Белгілі бір қызметті бірігіп атқаратын мүшелер, мүшелер жүйесін түзеді. Жануарларда жүйке, тірек-қимыл, асқорыту, тыныс алу, қанайналым, зәр шығару, жыныс жүйелері болады. Мүшелер жүйесі оқшауланып қызмет атқармайды, организмде белгілі нәтижеге жету үшін бірігіп қызмет етеді.

Кез-келген жасуша тұтас тірі жүйе, ол өзара байланысқан үш бөліктен: қабықшадан, цитоплазмадан және ядродан тұрады.

Жасуша қабықшасының басты рөлі – жасушаны сыртқы ортаның әсерінен қорғау, көршілес жасушалармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Жасуша қабықшасы арқылы жасушаға су мен қоректік заттар түсіп, тіршілік әрекетінің өнімдері сыртқа шығарылады.

Цитоплазма – жасушаның ішін толтырып тұратын зат, ол үнемі және баяу қозғалып тұрады. Онда белгілі бір қызмет атқаратын жасушалық құрылымдар – органоидтер болады.

Ядро – жасушаның ең маңызды бөлігі, ол көбеюге жауапты.

Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының құрылысы бірдей, тіршілік процестері ұқсас болғанына қарамастан, ерекшеліктері мен айырмашылықтары да болады Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының бірінші ерекшелігі олардың жасуша қабықшасына қатысты. Өсімдік жасушаларының жасуша қабықшасы қалың, тығыз жасұнықтан тұрады. Ал жануарлар жасушаларының жасуша қабықшасы жұқа болады.

Келесі ерекшелігі – өсімдік жасушасының цитоплазмасында пластидтердің болуы. Пластидтердің құрамындағы пигменттеріне байланысты үш түрі болады: жасыл хлоропластар, түрлі түсті боялған хромопластар, түссіз лейкопластар.

Өсімдіктердің жасыл түсінің басым болуы құрамында хлорофилі бар хлоропластарға байланысты. Оның қатысуымен күн энергиясы химиялық заттар энергиясына айналады.

Өсімдік жасушасында қорға жиналатын көмірсу крахмал болса, жануар жасушасында гликоген жиналады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!