400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Ұстаз - ұлы есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе Ұстаз - ұлы есім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тилейхан Катила

тәрбиеші

«Успех GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік» балабақшасы



ЭССЕ

Ұстаз – ұлы есім

Бала кезімде қиялыма ерік беріп, ұстаз болсам деген ізгі ниеттен туған ойым осы күнгі мамандығыма өз септігін тигізді. Бала арманмен мұғалім болып онайтынмын. Ойнап отырып, әке-шешем жұмыста болған кезде студенттік кездегі жазған лекция дәптеріннің қалған бос беттеріне сыныптастарымның аттарын жазып, баға қоятын едім. Қызық. Сол балалық шақтағы қызықты сәттерім осы эссені жазып отырғанда ойыма оралмасы бар ма?!

Ойланып отырып, бұлай жасауыма не түрткі болды екен деген сұрақ мазаламасы бар ма? Осы арманымның іске асуына негіз болған кімдер? Әрине ол менің ұстаздарым. Ұстаздарым қандай жандар еді? Ұстаздарым туралы ойлай қалсам, бала кезде ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттер ерекше толғаныспен көз алдымнан өтті. Ұстаздарымның ұстамдылығығы, ұлағаттылығы, әр оқушымен жеке тіл табыса білуі, білімнің нәрімен суысындатып, ең алғаш қолға қалам ұстатқан сәті, жылулығы, сабағын тақырыбына сай жақсы өткізсем деген құлышыныстары, сол тақырыпты жүректен шыққан сөзді жүрекке жеткізетіндей етіп әр оқушының санасына жеткізе білуі үлкен бір өнер еді. Ең алғашқы ұстаздарым – Калиева Баян Аукеновна мен Жанұзақова Гүлжан Солтангазиновнаның осы бір сыр-сипаты мен түр-тұлғасы мәңгілік үлгі-өнеге болып жадымда қалды. Ең алғашқы бастауыштың табалдырығын аттаған сәтте оқушының сөйлеуіне, ойлауына, санасына, қиялы мен қабылдауына тікелей алғашқы ұстаздардың тікелей қатысы бар екендігі сөзсіз. Осындай ұлағатты ұстаздарыма одан кейінгі орта буын мен жоғарғы буында, мектепті тамамдағаннан кейін университиетте білім беріп, білімнің нәрімен сусындатқан барша ұстаздарымызға қарап бойымызды, ойымызды түзедік. Осындай ұстаздардан білім мен тәрбие алғанымды мақтан етемін. Ұстаздарымның ізгі істері мен ұлағатты тәлімдері мәңілік жүрегімде сақталды десем артық айтқандығым емес. Содан болса керек бала кезден мұғалім болсам деген бала қиял ой-өрісімді кеңге жайып, балалық арманымды қанаттандыра түсті. Сондықтан да ұстаздық жолға бет бұрып, ұстаздық жолды таңдадым.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-деп ұлы ақын Абай Құнанбаев атқандай. Әр алдыңа келген оқушының ішкі жан-дүниесін түсініп, әр баланың сырласы, досы бола отырып, «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге» тәрбиелеу барша ұстаздың алдындағы міндеті.

Ұлы ойшыл Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас-жауы»-дегендей, тәрбие тал бесіктен басталатындықтан, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына ізгілік пен тәрбиенің тәлімін, нәрін сіңіру аға ұрпақ пен әпке ұрпақ біздің, яғни менің міндетім деп білемін.

Ұстаз - ол барлық мамандықтың жиыны, анасы. Ұстаз - ол мұғалім де, дәрігер де, әнші де, биші де, ғалым да, шебер де... Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың бойына білім дәнін сеуіп, көкірегі ояу, ой-өрісі кең саналы да салихалы ұрпақты қалыптастыру ұстаздың басты міндеті. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, өр тұлғалы ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дархан адам. Ол білгенін үретуші ғана емес, ана тәрізді барлық адамның бойынан тек жақсылықты іздейтін ізгі ниет иесі, адамгершілік қасиеттердің кіршіксіз негізі. Сондықтан да алдыма келген баланың жан дүниесін түсініп, болашақта озық ойлы, нағыз өзіне сай маман иесі, тұлға болып қалыптасуына жол нұсқап, бағыт-бағдар беруді өзіме мақсат қойдым. Адамгершіліктің нәрімен суысындата отырып, қоғамға пайдасы тиер азамат пен азаматшаларды қалыптастыру, жақсылыққа тәрбиелеуді басты ұстанымым етіп алдым.

Ұстаз – білім тұрағы,

Ұстаз – шәкірт шырағы.

Ұстаз – кілті ғылымның,

Ұстаз – нұры өмірдің.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.11.2023
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі