Эссе. Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы

Тақырып бойынша 21 материал табылды

Эссе. Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе. Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы
Материалдың қысқаша нұсқасы

114 орта мектеп КММ












ЭССЕ







ЭССЕ тақырыбы:


Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы.





Информатика пәнінің мұғалімі : А. Конакбаева

















Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы.


Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу-мінездердің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы-

деп ақын Ғ. Қайырбеков Ұстаздың ұлылығын осы төрт қатар өлең шумағына сыйдырып жырлаған. Иә, шынында да, Ұстаз-ұлы есім, ал адалдық пен адам бойындағы бар жақсылықтың ізгіліктің символы дер едім.

Шәкірт жүрегіне терең үңіліп, бала жанының бағбаны болып, шын жанашыр болу тек ұстазға ғана тән қасиет. Оның жүрек түкпірінде балаға деген риясыз, пәк сүйіспеншілік пен бауырмалдық жатыр. Білім мен тәрбиені қатар бала бойына сіңіремін деп аянбай тер төккен ұстаздың ерен еңбегі, әрине, өлшеусіз. Үлкен өмірге қадамын нық бассын деп, әр шәкірттің қоғамда бір нағыз тұлға болып қалыптасуына зор септігін тигізетін, даңғыл жолға адастырмай жетелейтін тек ұстаз десек болады.

Ұстаздық жол-ұлы жол. Бұл қиында қызығы қатар жүретін жолды тек шаршамайтын, қайсар, білімі терең, жүрегі адал адам ғана таңдайды деп ойлаймын. Ұстаз атына сай болу-үлкен мақсат. Жаңарған, жасарған қоғамда баланы оқыту мен тәрбиелеуде әр ұстаздан жаңашылдық пен жанашырлықты әр бала тәрбиесіне жауапты мұғалім ұғынуы тиіс.

Жаһандану дәуірінде қиялы ұшқыр, ұстанған мақсаты да биік шәкірттер талпынып өсіп келеді. Талапты да дарынды шәкірт тәрбиелеуде ұстазға қойылатын талап та жоғары. Сол деңгейде көріну үшін қазіргі таңда әр ұстаз үздіксіз білімін жетілдіруде. «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деп ұлы Әл-Фараби айтқандай, ізгілік пен адамгершіліктің дәнін шәкірт бойына себе отырып, білім беру-менің негізгі ұстанымым. Тәуелсіз еліміздің келешек тірегі болатын әр тұлға менің алдымда отыр деп сенемін. Ол үшін мен олардың алдымен адал, шыншыл, еңбексүйгіш, отансүйгіш болғанын қалаймын. Ал, шәкіртіңнең адал азамат болып қалыптасуына ұстаз үшін зор жауапкершілік жүктелетінін мен түсінемін.

Ұстаз ретінде ұлағатты ұстаздардың салып кеткен сара жолдарын жалғастырғым келеді. Қазіргі заман талабына сай озық ойлы, адал жүректі шәкірт тәрбиелеу үшін талапты өзімнен бастаймын десем де болады. Ұлылық пен адалдықтың символы-ұстаз атына нұқсан келтірмеу үшін тырысамын. Осы жолда аянбай еңбек етемін. Ізгіліктің нәрін себетін ұстаз мамандығының иесі болғанымды мен әрқашан мақтан етемін!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.08.2024
339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі