Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Эссе "Ұстаз ұлық есім, ұлы есім..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздықты таңдаған жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз ұлық есім, ұлы есім...

«Мектептің жаны – мұғалім. Ұстазы қандай болса, мектеп сондай болмақшы» дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов. Жалпы, тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған әр адамның таудай болып есейгенге дейінгі уақыты мұғалім алдында өтіп, білімі мен тәрбиесі, мәдениеті қалыптасады. Ақын-жазушы да, оқымысты ғалым да, ел басқарып отырған азаматтар да – барлығы ұстаздан тәлім алады. Сондықтан заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, ұстаз – ұлы есім.

Менің де мамандығым – осынау ұлы есім, яғни ұстаздық. Әрбір мамандықтың өзіне тән қиындығы мен қызығының болатыны белгілі. Ал бұл тұрғыда ұстаздық ету бәрінен де қызықты, барлық мамандықтан жоғары тұрады деп ойлаймын. Себебі шәкірт тәрбиелеу, білім беру – сауапты іс.

«Ұстаздық қылған жалықпас үйретуден балаға» деп хакім Абай айтпақшы, алдындағы балалардың болашағы жарқын болуы үшін барлық қажыр-қайратын, күш-қуатын аямай, оқушыларды білім нәрімен сусындататын мамандық иесі болғаным үшін қуаныштымын, әлбетте. Жас мұғалім ретінде бойымдағы бар білімім мен аз уақытта жинаған тәжірибемді игілікті іске жұмсап, оқушыларға білім мен тәрбие беріп жүргеніме ризамын.

Оқушың аламанда ат оздырып, бәйге алып жатса, оның ата-анасынан артық болмаса кем қуанбайсың. Немесе алтын ұясынан түлеген соң өздері қалаған мамандық бойынша білім алып, ел үшін қызмет жасаса, ол да – ұстаз үшін үлкен мерей, бақыт һәм шаттық. Себебі табан ет, маңдай теріңнің ақталғаны, талай 40 минуттың текке кетпегені. Осындай шәкірт жетістіктерінің арқасында мұғалімнің екінші тынысы ашылып, шабыты шарықтап, әрі қарай да оқушыларының үлкен жетістікке жеткенін көру үшін талмай еңбек ете береді. Мұғалім біткеннің бәрі осындай бақыттың куәсі болу үшін сол жолға ғұмырын арнайтындай көрінеді маған.

Кейде мұғалімнен асқан мейірімді, мұғалімнен асқан жомарт жан жоқ па деген де ойға қаласың. Себебі «ұстаздан шәкірт озар» деген сөз бар. Яғни оқушысының өзінен де абыройы асып, мерейі артса, мұғалім оған тек қуанбаса, мұңаймайды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, бәрібір қай сала болмасын шыңға шыққан адамның барлық жетістігі оның мұғалімінің жемісі екені даусыз.

Білім алу инемен құдық қазғандай екені белгілі. «Еңбек, бәрін жеңбек» дегендей, талмай еңбектенген адамның мұратқа жетері айқын. Бұл тұрғыда тау суындай талпынған жастардың қолтығынан дем беретін ұстаздардың еңбегі орасан зор.

Қазіргі заман мұғалімі шебер, білікті маман, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыратын шығармашыл тұлға болуы керек. Жүктелер жауапкершілік те жетерлік. Көп мұғалім осы үдеден шығуға тырысып-ақ жүр. Мен де жас мұғалім ретінде елімнің дамуына білім беру арқылы үлес қосқым келеді. Сол жолда тәжірибелі ұстаздардан әлі де үйренерім көп. Бір көңілім толатын дүние, мұғалімнің кәсіби білімін дамытуға, шыңдауға бүгінгі таңда мектептерде көп жұмыстар жүргізілуде. Мен осы қиын да қызықты мамандық ұстаздықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Болашақта білім саласындағы және ұстаз мәртебесіне қатысты олқылықтар жойылып, жарқын кезеңнің де басталатынына кәміл сенемін. Осы орайда педагог, ақын Мағжан Жұмабаевтың: «Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деген дана сөзі ойға оралады. Сол күн туатынына сенемін. «Ғалым да, шахтер да бас иетін» қасиетін ұстаздар қайта қайтарып, ең мәртебелі мамандық иесі болады деп ойлаймын. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы» - деп, ақындар жырға қосқан ұстаздық мамандықтың мәртебесі биік болсын деп тілеймін. Өйткені, ата-анадан кейінгі ең қастерлі адам – мұғалім. Мұғалім қандай құрметке де лайықты.

Хан бол, мейлі, қара бол,

Дарын бол, мейлі, дара бол.

Өтетін бәрі алдынан,

Ұстаздық – бейне сара жол.

Кім болсақ та, ата-анамызбен қатар ұстазға да қарыздар екенімізді ұмытпайық.

Исафина Айгерім Бекболатқызы

Нұр-Сұлтан қаласы, №71 мектеп-лицей


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.10.2020
655
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12