400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе «Үштұғырлы тіл – кәсіби жетістіктің белгісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға өз сабақтарында қолдануға көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Эссе «Үштұғырлы тіл – кәсіби жетістіктің белгісі»


Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.

Н.Назарбаев


Кез-келген мемлекет әлемде алдыңғы орындарға шығуға, өз әлеуетін жақсартуға, экономикалық, өнеркәсіптік деңгейін, өз саяси мәртебесін жоғарылатуға ұмтылады. Біздің еліміз де Тәуелсіздігін алғалы бері алдына мақсат қойды – бұл халықаралық қатынасты нығайту, стратегиялық серіктестерімен ынтымақтастыққа болу, әлемдік нарыққа шығу, басқа мемлекеттер арасында бәсекеге қабілетті ел болу. Осы мақсатқа жету үшін, біз білім сапасын әлемдік стандарттың деңгейіне дейін жоғарылатуымыз керек.

Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқанынын білеміз. Әр ұлт өз тіліне құрметпен қарайды, тілінің рухани байлығын, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін құрметпен қарап және сақтайды. Өзінің тілі туралы үлкен сүйіспеншілікпен жазбаған ақын-жазушылар жоқтың қасы шығар. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлтттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.»- деп тіл туралы айтқан А.Байтұрсыновтың сөздерін еске алмасқа болмайды.

Қазақ тілі – бұл еліміздің мемлекеттік тілі. Тіліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін қайтадан өз мәртебесіне көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда үш және одан да көп тілдерде оқыту жүргізіліп келеді. 2025 жылға қарай қазақ тілі өмірдің барлық салаларында басты тіл және жаппай тілдесудің негізгі тілі болатындығына байланысты мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте және жоғары оқу орындарында оқытылып келеді. «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді.» - деп елбасымыз атап айтқан еді. Солай болуы заңды деп ойлаймын.

Сонымен қатар халықаралық қарым-қатынас тілі, халықтар арасындағы достық, бейбітшілік пен бірліктің тілі ретінде орыс тіліне де көп көңіл бөлініп отыр.

«Орыс тіліне және кирилицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз.» - дейді өз сөзінде Президентіміз.

Болашақ ұрпаққа ағылшын тілін үйрену – шетелде білім алу, болашаққа деген біздің жастарымыздың үлкен мүмкіншіліктері болып келеді. Президентіміз ағылшын тілі туралы: «Біз ағылышын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктер ашады» - деп атап өтті. Әрине ана тілі – адам баласының байлығы, алайда ағылшын тілі арқылы біз Қазақстанды әлемдік деңгейге көтеруге болатын жол ашамыз. Себебі ағылшын тілі – болашақтың тілі болып табылады. Ағылшын тілі жер бетінде ең кең тараған тіл болып келеді. Өзге тілдермен салыстырғанда ағылшын тілі ешкімге шаң жұқтырмай, алғашқы орынды бермей келеді. Әлемнің түрлі саласында, соның ішінде туризм, бизнес, ғылым, білім беру жүйесі т.б. бойынша осы ағылшын тілі бастапқы орында тұр.

Жылдағы Қазақстан халқына деген Жолдауында мемлекет басшысы өз сөзінде қазақ, орыс, ағылшын тілінің үлкен рөлін әрқашан айтып өтеді. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қзазақстан» деген Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы «Тілдердің үш тұғырлығы» атты мәдени жобасын кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды. Осы сәттен бастап тәуелсіз Қазақстанның жаңа тіл саясатының есебі басталды. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі» деп мәлімдеді Елбасымыз.

Енді мектеп мұғалімдерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының алдында жауапты мақсат тұр – бұл «Тілдердің үш тұғырлығы» атты мәдени жобасын іске асыру.

Біздің елімізде жаңартылған мазмұн бойынша оқытуға кезеңмен көшу үшін 2015-2020 жылдарына үштілді білім беруді дамыту Жол картасы қабылданды. Білім беру кезеңмен енгізілетін болады.

Қазіргі күнде қазақ, орыс, ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту басталды. Бұл, өте орынды нәрсе және күрделі, жауапты үрдіс. Себебі, бала кішкентайынан тілді базалық дәрежеде игерсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіншілік пайда болады. Осы жаста физикалық, эмоционалдық, ақыл-ой дамуының негізі қалыптасады.

Жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың кезеңдері іске асыру үрідісі жүріп жатыр. Қазіргі уақытта мектеп қабырғасында ағылшын тілін еркін меңгерген көп жастарымыз өзге елдерде білімін жалғастырып, тәжірибе жинауда. Демек, ағылышын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз дегені.

Үштілді оқытудың мақсаты тек білім берудің сапасын көтеріп қою ғана емес, сонымен қатар әлемдік кеңістікте бәсекеге қабілетті болатын, өз білімін күнделікті өмірде қолдана білетін, рухани дамыған тұлға қалыптастыру. Ал ең бастысы – бұл болашақ ұрпақты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Ол Отан алдындағы парызды өтеу, отансүйгіштік, өз Туған жерінің гүлденуіне және өркендеуіне қызмет ету болып табылады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі