Эссе "Заманауи мұғалімнің келбеті"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Заманауи мұғалімнің келбеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе тақырыбы "Заманауи мұғалімнің келбеті"
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аты-жөні: Есжанова Гульнар Нагашыбаевна

Тест тапсыру уақыты:

Эссенің тақырыбы: Заманауи мұғалімнің келбеті

ЭССЕ


Ұстаздық - дара жол, даңғыл жол! Бұл жoл қажыpлы еңбeк пeн үнемi ізденімпaздықты тaлап етедi.

Зaманауи ұстаз – ең алдымен шәкiртінің жақсы досы, әрқaшан түсініп, қолдайтын сұхбатшысы болуы тиіс. Заманауи ұстаз шәкірттерін өмірдің дұрыс жолына бағыттайтын нұсқаушысы.

Заманауи мұғалімнің ең маңызды кәсіби қасиеттерінің бірі – балалардың дарындылығын көрсетіп және ақпаратты қолжетімді түрде түсіндіре білу. Заманауи мұғалімнің ХХ ғасыр мұғалімдерінен басты айырмашылығы – әлеуметтік желілерді пайдалануы. Замaнaуи мұғалiм – қандaй дa бiр қызық тaқырыптағы сабaқта күлeтін, әзiл айтып, үзілісте сырласатын, жастардың сленгін түсінетін ұстаз. Дегенмен, мұғалім өзінің ересек екенін көрсетіп және онымен әзілдесу әрқашан мүмкін емес екенін ұмытпаған жөн.

Замaнауи мұғaлімнің әp сабaққа дайындaған тапсырмaсының өзi бiрқaлыпты деңгeйде бoлмауы керeк. Шығармaшыл білiм алушығa күрделi әpі cыни тұpғыда oйландыруға жетeлейтiн тапcырмалар берiп oтыруы керeк. Осыдан барып біз баланы алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға ретінде қалыптастыру жолында сапалы білім берудегі негізгі міндет те, мақсат та осы. Сапалы білім берудегі басты мақсат дeп мына үш факторды атап өткім келеді: сыни тұрғыда ойлауға жетeлеу; шығармашыл білім алушылардың талантын ұштау; нәтижесінде алған білімді өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Теорияны тәжірибемен ұштастыру! Алған білімді бала меңгеріп қана қоймай, өмірде қолдана алуы маңызды дүние. Нәтижеcінде бiз өміpге бейiм, кeз-келгeн тығыpықтан жoл тaба aлатын тұлғa тәрбиeлей алaмыз.

Қорытындылай келе, жүз жерден заман өзгерсе де, талап өзгеше болса да, адами қасиеттер мен құндылықтар өзгермесі анық.  Бүгінгі жастардың ақпаратты тeз қабылдау, техниканы меңгере білу қабілеттерін қолдаумен қатар, осы білімдерін дұрыс арнаға  бұруға, игілікке жұмсауға  бағыт-бағдар бере  отырып, қарапайым рухaни тәрбиeге бaулитын, мейірiмділікті, pахымдылықты, адамгершілiк қасиeттерін бoйларына  сiңіруге үлeс қoсатын aта-aна мeн ұcтаздар бoлып қaла бермек.

Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың: «Сендер адаспаңдар – арттарыңнан алаш aдасады: арттарыңнан еpгендердің oбал-сауaбына сiздер қaласыздар» дeген сөзiн әp ұcтаз жaдында ұcтауы кеpек. Ендеше, әр пeдагог өз шәкіртін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болашағы ретінде тәрбиелеу үшін барын салуы керек деп білемін!




Аты-жөні: Есжанова Гульнар Нагашыбаевна

Тест тапсыру уақыты:

Эссенің тақырыбы: Ұстаз - ұлылықтың, адалдықтың символы

ЭССЕ


Ұлтымыздың ұлы ұстазы Абай атамыз: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - дегендей әрбір халықтың мәдениеті, ғылымы, білім мен ілімнің деңгейімен өлшенеді. Демек, шәкірт бойына адами құндылықтарды қалыптастыратын, болашақтың шам шырағын ұрпақ қолына ту етіп, үлкен өмірге жол көрсетіп, көзін ашатын бірден-бір жан – ұстаздар. Қай кезде де болмасын дана халқымыз ұстаздың ұлылығын ұлықтаған, мәртебесін биік көрген.

Ұстаз – қандай қастерлі де қасиетті, ұлағатты сөз десеңізші! Әрбір адам баласының бойына білім нәрін сеуіп, шәкіртін аялап, өмір атты шексіз әлемге қанатын қатайтып ұшырады. Дүниедегі құрметке лайық, сыйлы адам деп санаймын. Себебі шәкіртіне өнерді, білімді, ілімді, әдептілікті, өмірлік кәсібін дұрыс табуына жол сілтер жанды ұмыту мүмкін емес.

Мұхтар Әуезов атамыз: «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп бекер айтпаса керек. Елдің келешегі, жұрттың болашағы саналатын ұрпақтың білім алып, тағылым алуында ұстаздың алар орны әрқашан бөлек. Қазақта «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген қанатты сөз бар. Осы бір ұлы есімге қарап, шәкірттері бой түзеп, қиялына қанат бітіріп, өмірдегі өз орнын табады емес пе!

Шыбық тіксе, шынар болатын, таяқ тіксе, тал болатын, қыран ұшса, қанаты талатын ұланғайыр қазақ жерінің небір дарынды дарабоздарын әйгілі еткен де ұстаз. Түркі әлеміне әйгілі Мағжан Жұмабаев : «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын - ұстаздікі», - деп ұстазға деген құрметтің орны бөлек екенін тайға таңба басқандай етіп көрсете білген.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жарық шашар сәуледей шамшырағы секілді. Ғылымға үлесін қосқан ғалымның да, елін қорғаған батырдың да, тілінен бал тамған шешеннің де, он саусағынан өнері тамған шебердің де, егін еккен диқанның да ұстазы бар. Ұлағатты ұстаздарға күллі адам баласы құрметпен бас иіп, мәртебесі биік, орны төр болуы тиіс! Ұлылық пен адалдықтың символына айналған ұлағатты ұстаз болу үлкен мәртебе!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2024
580
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі