400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Зердеміз қалғымайды"

Материал туралы қысқаша түсінік
алда келе жатқан Тәуелсіздік күніне орай жазылған шағын эссе. студенттер мен оқушыларға көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе


Зердеміз қалғымайды.


Азаттықтың шұғылалы шуағы Қазақстан атты ортақ шаңырағымызды арайға бөлегеніне – жиырма жеті жыл! Бұл тарих үшін қас – қағымдық уақыт болса да, республикамыз үшін ғасырға пара – пар түбірлі өзгерістер, қарышты қадамдар, толағай табыстар кезеңі болды. Мемлекетіміз Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясын басшылыққа алып, ілгері басып келеді.

Еліміз бірнеше ондаған мемлекеттермен достық әрі бейбіт қарым – қатынаста екенін мақтанышпен айтуымыз керек.

«Ғасырға пара – пар...» дегеннен шығады аумақтық тұтастық пен шекарамыздың беріктігі үшін қаншама іс жасалды десеңізші. Егемендігіміздің елең – алаңынан бұл дәйекті түрде қолға алынды. Оны барлық заңдық тұрғыдан рәсімдеу үшін Елбасымыздан бастап, ондаған білікті азамат ұйқы, күлкі көрмей жұмыс істеген. 1992 жылы басталған Қытаймен шекараларды делимитациялау келіссөздері 2002 жылы толық аяқталды. Әрине бұл тек айтуға оңай.

Баяғыдан КСРО мен Қытай арасында даулы жерлер болатын. Бұл ел тарихта өзімен шекаралас елдердің ешқайсысымен шекаралық келісім жасауға ешқашан мүдделі болмаған екен. Н.Ә.Назарбаев бұл түйінді тарқатты. Сөйтіп, Қытаймен шекаралас 15 мемлекеттің шекара аумағын 100 пайыз тиянақтап алған жалғыз біз болдық. Әлгі даулы жерлердің көбі, яғни 57 пайызы Қазақстан пайдасына шешілді. Осыған байланысты 1997 жылғы бірінші қосымша келісімнің өзі 1300 бет болған. Көп ұзамай екінші қосымша келісімге де қол қойылды.

Иә, Кеңес Одағы тарағаннан кейін басқа да көрші мемлекеттермен (Қырғыстан, Өзбекстан, Ресей) шекараны делимитациялау ойдағыдай жүргізілді. Сөйтіп, Қазақстан өзінің құрлықтағы бүкіл шекарасын құқықтық тұрғыда рәсімдеуді толық аяқтады. Бұл бостандығымыздың жарқын тағдыры, ұлттық қауіпсіздігіміздің кепілі үшін жасалған ірі қадам болды.

Сан ғасыр бойына елі мен жерінің амандығын, тұтастығын армандап, күрескен Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, басқа да ата – баба, баһадүрлерді, 1986 – дағы Желтоқсан қаһармандарын, ерлердің жарқын келбетін біз зердемізден шығармаймыз. Тәуелсіздік тізгінін қолға алғаннан соң да алдымыздағы ата - әжелеріміз, аға – апаларымыз Отан үшін, жас ұрпақ үшін маңдай терді сыпыра төккенін ұмытпаймыз. Желтоқсан мен Тәуелсіздік шежіресін өмір бойы оқып – үйренеміз.

Еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу үшін аянбаймыз. Отан бізден осыны талап етеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
354
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі