жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эссе:Мен саған есірткі туралы айтып берейін
Өзбергенова Ғазиза Есқалиқызы
Қызылорда қаласы,
№10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.
“Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін
жағымсыз әрекет – ол нашақорлық”
Н.Ә.Назарбаев.
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!
Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру етек алып барады. Менің ойымша, оған көптеген себептер бар. Біріншіден, бозбалалар мен бойжеткендердің бұл жаста өздеріне не керек екенін білмей, еліктеушілікке салыну. Екіншіден, бір сәттілік ләззат үшін шоқ басқанын білмей қалған жастардың қателігі. Кейбіреулер Абайдың сөзімен айтқанда:
“ Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтықтан” азады.
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Бүгінгі күні нашақорлық бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақорлықтың қасіретін тек дәрігерлер ғана емес, күнделікті көріп жүрген әр жан сезеді.
Есірткіге құмарлық ең қауіпті және апатты аурулардың бірі. Есірткіні пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты өзіңнің таныс топтарыңның арасына оларға еліктеу және абырой алу болады. Нашақорлық тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Адам ағзасына өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресі жас ағза тез қабылдайды. Бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нащақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт және осыған жету үшін дұрыс жолды білмейтін балалар да бар.
Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Өзінің денсаулығын, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге жасырын емес.
Есірткі – бұл өте айрықша әрі қатерлі сала, бұл мәселе ізгілік принциптерін қолдануды қажет етеді. Таразының бір басында оны жеткізетін және тарататын адамның өмірі, ал екінші басында оның “ көмегімен ” есірткі қолданушылардың құрып бара жатқан өмірі.
Батпандап кіріп, мысқылдап шығатын есірткі дертінің елімізге дендеп енгеніне де біраз жылдың жүзі болып қалды. Жасыратыны жоқ, көрінгенге еліктегіш ұшқалақ жастарымыз әртүрлі себептермен есірткіге алғашқыда қызығушылық білдіріп, кейін өздерінің қалай бастары байланып қалғанын сезбей қалады. Нашақорлар есірткінің қандай түрін қолданса да, тарататын зардабы біреу. Алайда, бұлыңғыр болашағына мән бермейтін нашақорлар уақыт өте келе доза мөлшерін көбейтіп отырады.
Адам барлық жағынан толық қамтылған болса, қорғалған болса бұл сияқты жандар болмас еді. Әр азамат пен азаматшаның денінің сау болуы өзіне де байланысты.
Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.
Біз салауатты өмір салтын қалаймыз.
Ол үшін жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтап, спортпен айналысып, зиянды нәрселерден аулақ болуымыз керек.
Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу — біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз… Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық! Нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамын барлықтарыңызды!
Салауатты өмір салты – біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан, әрине, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қазынамыз. Осы, қазынамызды тұңғиық түбіне батырмайтық, нашақорлық - тұңғиық түбі.
«Өмір» атты кемеде тұңғиыққа батпай, шексіз-шетсіз ғарыш кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік, достар!
“Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. «Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік!» дегім келеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген