400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Эссе"ҚАБЫЛДАНҒАН ДҰРЫС ШЕШІМДЕРІМ- МЕНІҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫМ"

Материал туралы қысқаша түсінік
. Ғұлама ғалым, ұстаз, ойшыл философ Ахмет Байтұрсынов: «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білер едік» деп армандаған егемендігімізге жеттік. Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі- білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында әр ұстаздың өмірлік ұстанымы қалыптасты дер едім. Менің де ұстаздық жолда жүргеніме аз уақыт болған жоқ. Заман талабына сай еніп жатқан мың сан өзгерістердің көшіне ілесіп, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті шәкірт тәрбиелеп , азамат етіп қалыптастыру- өмірлік ұстанымым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАБЫЛДАНҒАН ДҰРЫС ШЕШІМДЕРІМ- МЕНІҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫМ


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Диханова Акзираш Нагашыбаевна

Қызылорда облысы, Арал қаласы

Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектебі





«Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді»,- деген. ХХІ ғасыр- бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлық пен бойкүйездікті көтермейді. Ғұлама ғалым, ұстаз, ойшыл философ Ахмет Байтұрсынов: «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білер едік» деп армандаған егемендігімізге жеттік. Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі- білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында әр ұстаздың өмірлік ұстанымы қалыптасты дер едім. Менің де ұстаздық жолда жүргеніме аз уақыт болған жоқ. Заман талабына сай еніп жатқан мың сан өзгерістердің көшіне ілесіп, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті шәкірт тәрбиелеп , азамат етіп қалыптастыру- өмірлік ұстанымым.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір- қасиеттердің мән- маңызын түсінетін, жаны да , тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын- балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге- ұстаздарға тапсырған. Ұстаздық еткен жолда кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу- ұстаздар қауымының басты міндеті.

ХХІ ғасырдың алғашқы кезеңі білім жүйесінде қарқынды түрде инновациялық жаңғыру процестері жүріп жатыр. Әлемде болып жатқан жаһандану жағдайы бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына да түбегейлі тың өзгерістер алып келді. Жаңа ғасырдағы жас жеткіншектер жаһандану үрдісіне кіріп кеткендей. Жаһандану үрідісін жатсынбай қабылдаған жас жеткіншектерге жол көрсетіп, бағыт беру, таным көкжиегін ашу - ұстаз алдындағы жауапты іс.Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы- барлық мамандықтың анасы» деп қалай тауып айтқан. Ұстаз алдында тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол көрсетер шамшырақ болары хақ.Адам баласы құйып қойған қалып емес, ол уақыт өткен сайын өзгеріп, кемелденіп тұруы тиіс. Осы кемелденуді өзімнің ұстаздық ұстанымда қатаң қадағалаймын. Өйткені өзің өзгермесең, басқаны да өзгерте алмайсың. Осы орайда «Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек» деген сөз ойыма келеді. Жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік пен сезімталдық, байсалдылық пен ұстамдылық, ізденімпаздық қасиеттері тоғысса, «Ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың иегері болатыны кәміл. Өз еңбегімнің мәресін алдымдағы білім берген шәкірттерімнен көремін. Сапалы білім мен саналы тәрбие алған шәкіртерім өз елінің болашағы үшін еңбек етіп жатыр. Олар өз өмірлерінде жетістіктерге жетіп, биіктерден көрініп жүр. Демек, мен өмірлік ұстанымымды дұрыс қабылдадым дер едім.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі