жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе«Тәрбиеші болу-бақыт »
Жумабаева Еркинай Сисенбаевна Алматы облысы, Қарасай ауданы,Үштерек ауылы.
ЖШС «Мансия» балабақшасының тәрбиешісі
Эссе«Тәрбиеші болу-бақыт »
Бала тәрбиесінің негізі
балабақшада қаланады.Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін,әрине
тәрбиешінің жеке басының өзі соған сай болуы керек. Белгілі орыс
педагогы Ушинскиий айтқандай «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның
жеке басының өнегесіне негізделген»Шындығында да,тәрбиешінің өзі-
өзгеге үлгі болуы керек.Яғни тәрбиешінің бойынан адамгершілік
қасиеттері:мейірімділік ,қарапайымдылық,әділдік ең бастысы өз
мамандығын сүйе білуі керек.
Тәрбиеші жан –жақты болса ғана, өз маманының ұстасы болады деп ойлаймын.Сондықтан да тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Тәрбиеші-жай ғана мандық емес.Ол адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі.Бұл сөздің астында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігінің айқындап тұр.Балабақшадағы жұмыс әрі қызықты,әрі жауапты.Жауаптылығы сол-Отанға лайықты тұлғаларды қалыптастыруды ең алғашқы баспалдағы,қызықтысы-жас бүлдіршіндермен араласып,олардың тәтті қиялынын туындайтын әр сөзіне, балаң көңілінен ұштасып жатқан іс-әрекеттерін тамашалаудың өзі бір ғанибет.Қиындығы мен қызығы,ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымын-әр тәрбиеленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты,талап пен талантты тауып,білім бұлағының көзін ашып биік шыңдарға жетелеу.Тәрбиешісі ғана болмай екінші анасындай болуға тырысу.Анасындай мейірім мен қамқорлық танытып бала көңіліне өткел таба білу.Жай ғана білімен сусындатып қоймай,бала жанына тереңінен үңіліп,бүлдіршіндерді жан-тәнімен сүйе алатын тәрбиеші ғана нағыз маман дер едім.Ұлы педагог Г.Песталоцци «Егер де сүйе білмесең,тәрбиелеуге құқығың жоқ»,-деген екен.
Баланы тәрбиелеудің негізгі мақсатм-дені сау,ұлттық сана –сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті, парасатты ,ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында игі қасиеттер қалыптасқан патриот ұрпақ тәрбиелеу.Сонымен қатар балаларды имандылыққа тәрбиелей отырып бала бойына мейірімділікті,қайырымдылықты,ізгілікпен кішіпейілділікті бойына сіңіру. Француз ағартушысы,жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді»деген.Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл-парасат қажет. Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек. Баяғы Сократтың «Таным – бұл жақсылық» деген пәлсәпалық қағидасы дәл осы жерде тікелей мағынасына ие. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген