400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе"Төлеген Айбергенов-қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, студенттерге, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы

Ақын болу үшін дүниені жан-тәніңмен құлай сүю керек. Сол кезде ғана өмір сізге құшағын жайып, тылсым тіршіліктің талай құпиясы ашылады. Дүниені,адамзатты сүю арқылы адамның жүрегінде өлең оты тұтанып,барша адамдарды өлеңнің мөлдір бұлағымен қандыруға деген ынтасы оянады. Ал,осылай өзінің керемет туындыларымен қазақ әдебиетінің алтын төрін иеленіп,адамның шөлін қандырар өлеңдер иелері,ақиық қазақ ақындары өте көп.Солардың бірі-Төлеген Айбергенов. Дүниеге ынтызарлығыңды тірілтіп, өмірге құштарлығыңды оятатын ақын жырларының әр жолынан Төлеген Айбергеновтің мейірімділігін сезінесің және өлеңдері ерекше бір сезімге баурайды.

Бұдан өзгеше,Төлеген Айбергеновтың поэзиясында ерекше бір қуат бар. Ол басқа түскен қайғыға мойымайтын, қайта онымен тірескенде бел омыртқасын сындырып жіберетін-күрескерлік қуат. Ол адамды жеңіп, жігерін құм қылғысы келетін қасіретпен арпалысып, қолын қайырып, мойнын бұрап тастайтын-батырлық қуат.Сағыныш жоқ жерде махабаттың да, бақтың да, адалдықтың да болмайтынын ақынның "Сағыныш" атты өлеңіндегі философиялық ойдың өзі,бір жырдың өзіне Төлеген Айбергеновтің қаншама адамның сана-сезіміне әсер етер ойларды сыйғызатынына,поэзиясында қуаттың бар екеніне бірден-бір дәлел болып табылады.Адамдардың бәрін солай сағынышымен аялағысы келіп тұратын және соған қалтқысыз сендіре алатын қасиет қазақ поэзиясында тек Төлеген Айбергеновте ғана бар.Бірақ,отызға да толмай апат болған ақнның дәм-тұзының ерте таусылғанына әттең-ай деп қаласың.Не дегенмен, қайғыдан басын мұнар шалған өлеңдерді ақыннан мүлде кездестірмейміз,себебі оның поэзиясы-жасампаздықтың жыры.

Қорытындылай келе.қамшының сабындай қысқа ғұмыр сүргеніне қарамастан Төлеген Айбергеновтің артында мәңгі өлмейтін жырлары қалды.Жырларынан жауды жеңіп келген батырдың көңіл-күйіндей шаттық пен қуаныштың самалы соғатын туындылары әрдайым біздің қазақ әдебиеті төңірегінен табыла берсін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
15.03.2021
6009
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі