Біліс
беру саласы: Денешынықтыру. Спорттық
сайыс.
Тақырыбы:
Қыс қызығы
Мақсаты:
Бөбекжай ұжымының спортқа деген
қызығушылығын арттыру,
қимыл
қозғалыстарын жетілдіру. Ептілік,
шапшандыққа баулу.
Бір
орта мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа
бау лып, қимыл
әрекетке
жаттықтыру. Салауатты өмір салтын
насихаттауға және
спортпен
шұғылданып тұруға шақыру.
Күш
пен секіргіштікті дамыту.
Жүргізуші:
-Денсаулық
– ол шыныққан,
Барлық
дене мүшесі.
Денсаулық
– ол тыныққан,
Жүйке
тамыр жүйесі.
Денсаулық
ол - күлуің,
Көңіл-күйің
жадырай.
Денсаулық
–ол жүруін,
Еш
бір жерің ауырмай.
Құрметті
«Бәйтерек» бөбекжай бақшасының ұжымы,
бүгін біздің бөбекжайымызда үлкен
спорттық мереке болып жатыр. Бүгін
біздің жарысқа тәрбиешілер мен тірбие
көмекшілері қатысқалы отыр, ендеше
бәріңізге сәт сапар тілейік.
-Әр
таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді бүгін,
Қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ортаға
сайыскер топтарымызды шақырамыз.
Қарсы
алыңыздар!
топ:
«Аяз» командасы
2
- топ: «Боран» командасы.
Жүргізуші:
-Әділ
қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке
бас иеді күллі әлем.
Жүйрік
озар сараптарда неше бір,
Сарапқа
сал әділдікпен шеше біл.
Бүгінгі
жарысымызда әділ баға беріп, төрелік
ететін әділқазылар алқасымен танысайық.
1.«Бәйтерек»
бөбекжай бақшасының әдіскері Г.Қ.Сапақова
2.«Бәйтерек»
бөбекжай бақшасының шар. жөн.меңгерушісі
-Г. Рахымбердиева
3.«Бәйтерек»
бөбекжай бақшасының саз жетекшісі
А.Айтбаева
Жүргізуші:
-Құрметті
жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер
және сайысымыздың қонақтары! Алдымен
сайысымыздың әр бөлімімен таныстырып
өтейік.
Таныстыру.
Қар
кесегін қорапқа лақтыр (2м)
Шарты:
2м қашықтықта турған қорапқа қар кесегін
дәлдеп лақтыру.
Шаңғы
қиіп кедергілерден өт.
Шарты:
Шанғымен нысанаға дейін кедергелер
арасымен жүріп,
кері
қайту.
Хоккей
ойыны
Шарты:
Кішкентай допты клюшкамен кедергі
арасымен апарып алып
келу.
«Кім
жылдам?»
Шарты:
Ұлпақарды кедергілер арасымен өтіп
алып келу.
Аққала
соғу.
Шарты:
Доптардан аққала соғу.
Жүргізуші:
Шынықсаң
шымыр боласың,
Сауығып
айдай толасың.
Спортты
серік ете біл,
Жақсы
азамат боласың.
Чемпион
болу оңай ма?
Арман
болған талайға.
Болмасаң
да ұқсап бақ,
Жарысқа
түсіп қалай да-деп,
кезекті таныстыруға берейік.
Жүргізуші:
Жақсылық
болсын үйіңде.
Қуаныш
толып жүзіңде
Арнаулы
жолдан сүрінбе
Жарыста
нағыз мықтылар
Жеңіске
жетер түбінде-
келесі кезекті «Қар кесегін қорапқа
лақтыр» жарысына береміз.
Ойынның
шарты: 2м қашықтықта турған қорапқа қар
кесегін дәлдеп лақтыру.
Жүргізуші:
Қажет
болса мың атта.
Аздық
етер оныңда,
Жету
үшін мұратқа-келесі жарысымыз «
Шаңғы қиіп кедергілерден өт» деп аталады.
Шарты:
Шанғымен нысанаға дейін кедергелер
арасымен жүріп, кері қайту.
Жүргізуші:
Жеңімпазды
анықтау,
Жеңімпаз
болу шарты сол , Еңбектену, жалықпау-
төртінші кезеңіміз «Хоккей ойыны»
Шарты:
Кішкентай допты клюшкамен кедергі
арасымен апарып алып келу.
Жүргізуші:
Спортты
біз сүйер едік тең көріп.
Салауатты
өмір салтын сақтайық,
Спорт
қана қамалымыз ең биік- келесі кезең
«Кім
жылдам?
Шарты:
Ұлпақарды кедергілер арасымен өтіп
алып келу.
Жүргізуші:
Денің
сауда күштісің бұл әлемде,
Денің
сауда сұлусың жер бетінде.
Сол
мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің
әлі талай бақыттарға-
ендігі кезеңді «Аққала соғу» жарысына
береміз. Шарты:
Доптардан аққала соғу.
Жүргізуші:
-Өнерге
бейік сенеміз,
Думанға
қызық келіңіз,
Әділқазы
ел сенген,
Өнерге
баға беріңіз!
Әділқазылар
сайыстың шарттары бойынша қорытынды
шығарады.
Жеңімпаздарды
жариялау, марапаттау.
Жүргізуші:
Өмірде
бақыттысын денің сауда.
Денсаулық
терең бақыт деген сөзді,
Құр
айтпаған ұлы Абай атамыз да- дей отырып,
барлықтарыңызға
дендеріңіз
сау болсын деген тілекпен сайысымызды
аяқтаймыз.