Эстафета "Толағай" отбасылық жарыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эстафета "Толағай" отбасылық жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата –ананың баланың балабақшадағы өміріне белсенді қатысуына ықпал ету. Ойын барысында шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке және жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Талас ауданы қаратау қаласы әкімі аппаратының

«Бәйтерек» бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны














«Толағай»

Отбасылық спорттық жарыс




Дене тәрбие нұсқаушысы: Г.С.Андосова


























Қаратау қаласы

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық жарыс

Мақсаты: Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата –ананың баланың балабақшадағы өміріне белсенді қатысуына ықпал ету. Ойын барысында шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке және жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: шарлар, шелектер, су, алмалар, арқан, доптар, белгілер, ысқырық, музыка әуені, жемістер, құрсаулар, қарындаштар.

Полибилингвизм: шегіртке-кузнечик-grasshopper

cекіру-прыгать-jymp

Жеке жұмыс: Арсенмен жұмыс

Өтетін орыны: спорт зал.

Жүргізуші: Шынықсан шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың!

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Болмасан да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті ата-аналар мен көрермендер! «Денсаулық құпияларының бірі-спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпен атырамыз,

Өнерлі ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді міне,

Ортаға отбасын шақырамыз.

1-ші топ: «Күншуақ» анасы Науанова Гүлзат, ағасы Махмұт Мұқағали,Сәбит Темірлан, Бейсенбай Нұрасыл

2-ші топ: «Жалын» анасы Сапақова Гүлбахар, Қасым Әбдімүслім, Қанатбек Дархан, Сапақов Халид

Сайысымызды бастамасмас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырайын:

1. Сейдалиева Ляззат Дәулетқызы – балабақша меңгерушісі

2. Абаева Айнур Сайыпқызы– балабақша әдіскері

3. Жұмағұлова Зинура – балабақша медбикесі

Жүргізуші:
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға» деген бір-ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

Сайыстың бағдарламасымен таныстырайын. Бүгінгі спорттық сайыс 8 турдан тұрады. Ал, енді топтарды ортаға шақырып, дене қыздыру жаттығуларын жасайық: жүру, жүгіру, аяқтың ұшымен, өкшемен, қырымен, үйрекше жүру.

1. «Мұртты кенгуру» сайысы

Шарты: Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай жүріп отырып екінші жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп барады да, келесі балаға береді. Сонан соң ата-анаңа жалғастырады.

2. «Пингвиндер» сайысы

Шарты: Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді.

Жүргізуші: Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай .

Ер өнері білінбес,

Қоян – қолтық алыспай, -деп әрі қарай жалғастырайық.

3. «Қаңбақ шар»

Шарты: Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, жүргізушінің ұрып, алақанынан қайтар жолда жүгіріп кету керек.

4. «Логикалық сұрақтар»

Шарты: Берілген логикалык сұрақтарға дұрыс жауап беру.

1.Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?

Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса.

2.Ағаштың бұтағында 7 торғай отырды. Аңшы біреуін атып тастаған соң, неше торғай қалады?

Жауабы:Аңшы бір торғайды атып өлтіреді, ал қалғаны мылтық даусынан шошып ұшып кетеді, сондықтан ағашта ешбір торғай қалмайды.

3.Допты лақтырғанда , доп сол ізімен қайту үшін оны қалай лақтыру керек ?

Жауабы: жоғары

5. «Шегіртке» сайысы

Шарты: Әр топтың алдында екі-екіден құрсау қойылады. Бірінші ата-аналар бастайды. Құрсаудан – құрсауға алға қарай жылжи секіру. Қайтарда жүгіріп қайтады. Келесі эстафетаны балаларға береді .

Жүргізуші: Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп барады да әкесінің алақанынан ұрып келесі эстафетаны әкесіне береді. Сонан соң әкесі қайталайды.

Жүргізуші:

Өнерсіздік зор айып,

Ән мен биге басайық.

Арасында тағы бір,

Бимен шашу шашайық.

«Бәйтерек» бөбекжай бақшасының бүлдіршіндерінің орындауында «Жалқаубек» биін қабыл алыңыздар.




Жүргізуші: Көп, көп рахмет биші балаларға.

Өнер қуып балалар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтарға келесі,

Тапсырманы тыңда дейміз.

6. «Егін егу, егін жинау» сайысы

Шарты: Ата-анасы егін егіп кетеді, балалар жинайды. Бір ана – бір бала, бір әке-бір бала.

Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оның да,

Жету үшін мақсатқа, - деп, кезекті келесі сайысымызға берейік.

7. «Алманы ұстап ал» сайысы

Шарты: Сайыс ата-аналарға арналған, яғни (команда капитандары әкелерге) алдарыңызға бір-бір шелек су қойылады, оның ішіне бір алма тасталады. Белгі бойынша сол алманы ауызбен судан тістеп алып шығу керек, қолды артқа немесе шелекті ұстап тұруға болады.

Жүргізуші:

Топ бастап жүрейік,

Ойнайық та, күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрамыз жараса.

Сайысымызда қазақтың ұлттық ойынын ойнамасқа болмайды. Екі топ та бірге қатысады.

8. «Арқан тартыс» сайысы

Шарты: Белгі бойынша бір сызықтан аспау, арқанның екі шетінен ұстап тарту, қай топ күшті екенін көрейік. Қалыспа, дайындал, алға!

Жүргізуші:

Ал, енді әділ-қазылар алқасы жалпы ұпайларды есептеп боғанша, барлық балаларды ортаға шақырып «Флеш моб» биін билейік.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Еңбектену жалықпау,

Жеңімпазды анықтау.

Біреу озса сайыста,

Жеңімпаз болу шарты сол.

Біреу артта қалады,

Жеңілгендер ренжімей.

Тараса бізге жарады!


Жүргізуші:

Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды. Белсеңділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет. Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілеймін. Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2019
4434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі